• RU
  • KZ
  • EN

Көлік және коммуникациялар

Автомобиль жолдары және жолаушы көлігі

Аудан бойынша ұзындығы 723 км жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының торабы бар, соның ішінде:
1) Республикалық маңыздағы – 168 км (21,5%);
2) Облыстық маңыздағы - 162 км (22,9%);
3) Аудандық маңыздағы - 393 км (55,6%);
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының қара жабынды жолдары - 49,6 % (195км), гравий жолдары – 48,6 % (189км), топырақ жолдары – 0,5 % (9км) құрайды.
Қазіргі уақытта жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 50,8 % жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, жол саласының негізгі мақсаты 2018 жылға дейін осы көрсеткішті 60 % жеткізу болып табылады.
2017 жылы аудандық бюджеттен автомобиль жолдары ұстауға 70,0 млн. теңге бөлінді.
Автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және ағымды жөндеу жұмыстарымен «Ұлан жолдары» ЖШС-мен жүзеге асырылады.
2017 жылдың жол жөндеу маусымында 3700 м2 шұңқырларды жабу, соның ішінде: Касым Кайсенов, Герасимовка, Украинка, Отрадное, Бурсак, Таврия-Каменка, Жанузак ауылдары, жол жабындысын тегістеу 88 шақырым, соның ішінде: Касым Кайсенов, Манат, Жанузак, Азовое, Беткудук, Актюба, Нижнее-Таинты. Сондай-ақ, Казачье ауылына кре беріс жолдағы су өткізгіш құбырды жөндеу, жол белгілеу, жол жиегіндегі шөпті шабу, жол белгілерін орнату т.б.

Ауданда жолаушыларды жүйелі маршруттар арқылы тасымалдаумен 34 елді мекен қамтылған, бұл барлық елді мекеннің 70,8 % құрайды.
7 елді мекен автомобиль жолдарының бойында орналасқан және ауданаралық, облысаралық тұрақты маршруттар арқылы қызмет көрсетіледі;
27 елді мекенде жолаушыларды тасымалдау тікелей облыс орталығымен жүзеге асырылады.
14 елді мекен жолаушыларды тұрақты маршруттар арқылы тасымалдаумен қамтамасыз етілмеген. Жолаушыларды тасымалдау жеңіл автомобильдермен жеке тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.

 

  Ауданның автомобиль жолдары саласындағы жұмыстар
Парақтар өзгертілді: 02-11-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017