• RU
  • KZ
  • EN

Туризм

Ұлан ауданындағы туризм

 

Аудандағы туризм салалары төмендегідей болып бөлінеді:

  1. Жағажай туризмі
  2. Мәдени - танымдық туризм
  3. Емдеу – сауықтыру туризмі

Жағажай туризмі

  1. Бұқтырма су қоймасы
  2. Шыбынды көл
  3. Сібе көлі
  4. Дұбығалы көлі

Мәдени - танымдық туризмі

  1. Көне астрономиялық кешен «Ақ Бауыр»

Емдеу – сауықтыру туризмі

  1. «Кок Тау» сауықтыру кешені
  2. «Багратион-2» пантоемдеу шаруа қожалығы

Қазіргі таңда туризм экономиқалық тұрғысынан перспективті болып табылады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында мәдениет бөлімімен бірлесе отырып, Сібе көлі, «Сандыктас», «Шыбынды» «Дұбығалы» көлі, «Ак Бауыр», «Монастыр қорғаны» аудан аралық туристтік маршрутты жетілдіру жоспарланған.

Осы аумақта негізгі табиғи, мәдени, тарихи көрікті жерлер орналасқан, соның ішінде:

  1. Көне астрономиялық кешені «Ақ Бауыр» (ескерткішке баратын автокөлік жолы қарыстырылмаған).
  2. Сібе көлдерінің аумағындағы көне жоңғар (Ойрат-Қалмық) қорғанының қалдықтары.
  3. «Аблайнкит» бекініс-қорғаны (ескерткішке баратн автокөлік жолы қарыстырылмаған).

Ұлан ауданы бойынша көпшілікке танымал демалыс базалары: «Малахит», «Аюда», «Окуньки», «Кок Тау» сауықтыру кешені,«Сибины», «Янтарь», «Шыбындыколь».
Аудан бойынша 27 демалыс базалары жұмыс атқаруда, бір реттік сыйымдылығы 2776 төсек-орынды құрайды. Орташа құны 2062 теңге. Жұмысшылар саны 150 адам.

Демалыс базалар:
Аудан бойынша 27 демалыс базалары жұмыс атқаруда, бір реттік сыйымдылығы 2776 төсек-орынды құрайды. Жұмысшылар саны 170 адам. 

  1. «Аюда» д/б (Козлов Геннадий Яковлевич),
  2. «Янтарь» д/б (Сайлаубаев Ержан Жиреньевич).

Қалған 25 демалыс базалары Өскемен қаласында тіркелген. Оның ішінде 13 орналастыру орындары  туралы негізгі көрсеткіштерді көрсетеді.  Ұлан ауданының  статистика басқармасының мәліметі бойынша 13 демалыс базасы келушілерді орналастырумен айналысады, оларға 470 номер есептелген, сонымен қатар бірмезгілді сыйымдылық 1726 төсек орындарын құрайды. Келушілердің саны  2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 % ұлғайды және 16520 адамды құрады. Соның ішінде 16329 адам (резиденттер), 221 адам (резиденттер емес).
Орналастыру орындары қызметтерінің көлемі (мейрамханалардың қызметтерін қоспағанда) есепті кезеңде 138 637,9 мың теңге (резиденттер), 500,0 мың теңге (резиденттер емес)құрады.
Негізгі келушілер болып Ресей Федерациясының (г. Новосибирск, Барнаул) туристтері болып табылады.
Қызметкерлерінің саны есепті кезең ішінде 88 адам, оның ішінде 23 ер және 65 әйелдер.

Ұлан ауданында одан әрі туризмді дамытудың  мақсаттары мен міндеттері:
- Ішкі туризмді дамытуда арзан және жайлы объектілер құру  жолымен , туристік қызметті арттырып , отандық тұтынушылардың әр түрлі санатта қабілеттін қанағаттандыру.
- екінші деңгейдегі банктер және дамыту институттарының қаражаттарымен туризм саласын дамыту бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қолдау көрсетуде көмектесу;
-Археологиялық ескерткіш "Ақбауыр", Дұбығалы, Сібе көлінде және Бұқтырма су қоймасында демалыс аймағын, сауда нүктелері ұйымдастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, саяхат жолдарын жасау,  жарықтандыруды тарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдастыру, санитарлық тораппен қамтамасыз ету, қызмет сапасын арттыруға, көлік каммуникациясын  дамыту.
- Көлік жолдарын құру және қайта жаңарту.
- Ұлттық қол өнерді қайта дамыту және кәдесый өнімдерінің индустриясын дамыту.

Іске асыру жоспарлар:
Бүгінгі күні «Кульсары» демалыс базасында кафе, теннис корты және жағажай волейбол алаңын ашуды ұйымдастыру жоспарлануда. Жаздық саяхат фестивалін кең көлемде өткізуге, саяхат базасының құрылысы жобасының тұжырымдамасы қарастырылуда. 
Жобаның жалпы құны 4,0 млн. теңге, оның ішінде 2,0 млн. теңге грант. Жобаны іске асырылуы 2016-2017 жылдары.
Ұлан ауданының аумағында табиғи және тарихи-археологиялық кешен «Ақ-Баур» мұражайы ашық аспан аясында құрылды. Ескі астрономиялық зертхана граниттік тақталар сақталған, өзімен астросетка ақпаратын сақтай отырып, үлкен аю шоқ жұлдызы суретімен және күн сағатының белгісі түсірілген алаң бейнеленген.
Мұражай Шығыс Қазақстанның жұмбақ орындарының бірі ретінде студенттер және оқушылармен қызықты экскурсия өткізуді ұсынады.

 

2018 жылғы I тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Өңір дамуының қосымша өсуі туристік салада. Туризм экономиканың дамуына тікелей немесе жанама әсер етеді және өңірдегі инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді. Ауданда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар.
Саяхатшылар саны 74,5%-ға немесе 14 мың адамға көбейіп, 32 мың адамды құрады. Қызмет көрсету көлемі 192,5 млн. теңгені құрап, 44%-ға өсті.
Ауданда 18 туристік нысан жұмыс істейді. Жаңа демалыс базалары мен қонақтарды қабылдау орындарын ашу жұмыстары жүргізілуде.
Дубығалы көлінде жалпы құны 35,6 млн. теңге болатын
86 орындық «Окуньки» кемпинг-мейманханасының, құны 16,4 млн. теңгені құрайтын «Қараша» демалыс базасының құрылыс және абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Сібе көлдері топтамасының 4-ші көлі – Қоржынкөлде «Жібек жолы» мейрамхана-кешенінің құрылысы жалғасуда. Жобаның жалпы құны 2 млрд. теңге, оның 200 млн. теңгесі игерілді. Жобаны 2025 жылға аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі күні 50 орындық қонақ үй, жаздық және қыстық үлгідегі күркелер, судағы демалыс күркелері, санитарлық торап, себезгілер, киім ауыстыратын орындар, кинотеатр қолдануға беріліп, арқанжол орнатылды. 120 орындық кафе құрылысы жүргізілуде.
2018 жылы 3-ші көл – Шалқар көлінде ресми түрде «Сибины» дайвинг-орталығы ашылды. Клуб дайвинг үшін сынақтық батуды, жабдықтарды қолдануды үйрену және жалға алу сияқты қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады. Дайвинг-орталықтың ашылу құрметіне «Diving Fest-2018» фестивалі өткізілді. Ағымдағы жылы
40 төсек-орындық орталықтың құрылысын бастау жоспарланды, сметалық құжаттары әзірленуде. Іске асыру мерзімі – 2019-2021 жылдар. Жобалық құны – 10 млн. теңге.
2019 жылы «Елдос» ш/қ бастамасымен «Аблакетка» су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау клубын ашу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Садыркөлде 100 төсек-орынды демалыс базасының құрылысы жоспарлануда. Жоба әзірлену сатысында. Құны 40 млн. теңге. Жүзеге асыру мерзімі – 2019-2021 жылдар.
Дубығалы көлінде 40 төсек-орынды демалыс базасының құрылысы жоспарлануда. Жоба әзірлену сатысында. Жобаның құны 80,0 млн теңге. Іске асыру мерзімі - 2019-2021 жыл.
Шыбындыкөл және Дубығалы көлдеріне дейін автокөлік жолдарын салу үшін құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Құрметті турист!

Сіз құқықтық мемлекетте өмір сүресіз, сондықтан сіздің құқықтарыңыз бұзылса, қандай құжаттарға сүйенуге болатынын білуге тиістісіз.

  1. ҚР Конституциясы;
  2. ҚР Азаматтық кодексі, 33-тарауы;
  3. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 ж.01 маусымдағы ҚР Заңы;
  4. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР Заны;
  5. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы ҚР Заңы;
  6. «Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қантардағы бұйрығы.
  Сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда туристің әрекет ету алгоритмі *.doc 35 KB

Құрметті туристік қызметті тұтынушылар!
Сіздердің құқықтық сауаттарыныз бен азаматтық ұстанымдарыныз бызге қызмет көрсету ережелерін сақтауға ғана емес, сонымен бірге оны жақсартуға да мүмкіндік береді.

 

Парақтар өзгертілді: 04-02-2019
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика