• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

«Ұлан таңы» – «Уланские зори» аудандық газеті

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс- Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 1 үй

Жансап Шыңғысұлы ЖанғозинБас редактор: Жансап Шыңғысұлы Жанғозин
1950 жылы ШҚО Ұлан ауданы Скалистое (қазіргі Ізғұтты Айттықов) ауылында туған.  
Еңбек жолын 1969 жылы Талғар аудандық «Звезда Алатау» газетінің редакциясында бастады. 1969-1971 жылдары Ленинград әскери аймағында борышын өтей жүріп, аймақтық әскери газет редакциясында істеп, Ленинград әскери аймағының генерал-полковнигі И.Шавровтың Алғыс хатына ие болды. 1971-1972 жылдары Талғар аудандық «Звезда Алатау» газетінің редакциясында тілші, өнеркәсіп, құрылыс және көлік бөлімінің меңгерушісі болып қызметін жалғастырды.
Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің жолдамасымен 1972-1976 жылдары Марқакөл «Маяк-Шамшырақ» газетінде тілші, ауылшаруашылық бөлімінің  меңгерушісі, 1976-1982 жылдары Таврия аудандық «Путь Ильича» газетінің тілшісі, ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары міндеттерін атқарды.
1982 жылы Катонқарағай аудандық «Луч Арай» газетінің редакторы болып тағайындалып, 1985 жылы Ұлан аудандық «Рассвет-Өркен» газетінің редакторлығына ауыстырылады. 1985 жылы аудандық «Рассвет-Өркен» газеті республикалық, 1987 жылы Бүкілодақтық байқаудан бас жүлдеге ие болған.
1985 -1988 жылдарға дейін Ұлан аудандық «Рассвет-Өркен» газетінің  бас редакторы. 1992 жылы Ұлан ауданы әкімшілігінің ұйымдастыру-кадр жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылы Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. 1995 жылы «Полиграфия» өндірістік кооперативінің директоры, Ұлан аудандық «Ұлан таңы-Уланские зори» газетінің редакторы қызметін  атқару жүктелді.
1995 -2017 жылға дейін Ұлан аудандық «Ұлан таңы» газетінің редакторы, 2017 жылдан -2019 жылға дейін Ұлан аудандық «Көктау Нұры» газетінің бас редакторы, 2019 жылдың  1 шілдеден бастап Ұлан аудандық «Ұлан таңы» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келеді.  
«Боздақтар» кітабын шығаруда Ж.Жанғозин Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестері туралы құнды мәліметтер жинауға белсене қатысады. ШҚО ардагерлер ұйымының 20 жылдығына арналған «Шығыс Қазақстан –белгісіз өлкенің феномені», «Әрқашан қатарда» кітаптарына Ұлан ауданы бойынша тарихи мәліметтер жинап, жазды. Ұлан ауданының 70 жылдығына «Но отрагах Көктау» тарихи кітап жазып, Украинка ауылының 100 жылдығына «Дорога длиною в век», тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына «Край поднятой целины» тарихи кітабын, 1954 жылдан бері Таврия, Ұлан аудандарындағы спорттың қалыптасуы және дамуы тақырыбына «Ұлан чемпион», 2008 жылы Васильевка (Мамай батыр) ауылының 100 жылдық мерейтойына орай «Узами единства и братства», сондай-ақ ауылдың мектебінің 100 жылдығына байланысты «Алтын ұям», «Армрестлинг Восточного Казахстана» кітаптары жарық көрді. Ұлан ауданының 80-85-90 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ұлан есімі-ұлағат бесігі» кітабының 2,3,4-5,6 томдарының және Ұлан ауданының эмблемасы мен «Ұлан ауданына сіңірген ерен еңбегі үшін»  төс белгісінің авторы. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі»  төс белгісімен,   ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Тәуелсіздіктің 10, 20 жылдығына арналған мерекелік және Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бедельдиновтің медальдарымен марапатталған.
Ұлан ауданының Құрметті азаматы.

Басшының лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімдіктерінің талабына сай аудандық газетті жарыққа шығару, газеттің перспективтік жоспарын жасау, қаржы, мамандар мәселелерін шешу, аудандық әкімдік, мәслихат аппараты, мекемелермен, жеке кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен, тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту, ауданның әлеуметтік-экномикалық дамуын газет бетінде көрсету.

Мемлекеттік мекеменің қызмет бағыты: Ұлан аудандық әлеуметтік-экономикалық дамуын аудандық газет бетінде көрсету.

ММ-нің жұмыс кестесі:
8:30-дан – 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12:30-дан – 14:00-ге дейін
Азаматтарды қабылдау: күнделікті  9:00-ден  – 12:00-ге дейін.

№ пп Должность Ф.И.О Функциональные обязанности Часы приема, телефон

1.

Ответственный секретарь

Шакенова Гульжанат Даутказиновна

 

9.00 - 13.00,
77-113

2.

Корреспондент:

Ахметова Эльмира Советовна

Перспективное, квартальное планирование материалов в газету в соответствии с программами «Стратегия «Казахстан-2030», социально-экономического развития района;
- выполнение поручений редактора по подготовке материалов на заданную тему;
- подготовка к публикации материалов по всем аспектам
общественно-политической, экономической, культурной, социальной жизни района, образования, здравоохранения, правопорядка;
- обработка, правка писем и материалов авторов;
- участие в работе областных и районных совещаний;
- работа с внештатным активом районной газеты;
- выезд в командировки для сбора и подготовки материалов в газету.

9.00 - 13.00,
77-113

3.

Оператор- верстка,
бухгалтер-менеджер по учету

 Аяулым Қанатқызы

Набор, верстка, вычитка, вывод на принтер и кальку очередного номера газеты, применение новых форм компьютерной верстки газеты; содержание компьютерной техники в исправном состоянии; работа с электронной почтой, интернет,не допускать вирусов; не работать с чужим текстом, организация подписки на районную газету.
Ведение бухгалтерского учета, своевременная отчетность, обеспечение госзакупок, работа с архивом; делопроизводство по кадрам; решение хозяйственных вопросов; обеспечение работников редакции канцтоварами и другими необходимыми для работы материалами.

9.00 - 13.00,
77-113

Парақтар өзгертілді: 11-11-2019
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика