• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық Қазыналық мемлекеттік кәсіпорын Шығыс- Қазақстан облысы филиалының Ұлан аудандық бөлімшесі

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс- Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 5 үй

Уалиева Гульназ Амангельдиновна Бастық:
Уалиева Гульназ Амангельдиновна, тел. 8 (723-38) 79-986

Бастықтың өмірбаяны:
Уалиева Гульназ Амангельдиновна 1976 жылдың 8 ақпанында дүниеге келген. Алматы экономика және статистика институтын «финанстар және кредит» мамандығы бойынша, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдың сәуір айынан бастап ЗТМО Ұлан аудандық бөлімшесінің маманы, бастықтың міндетін атқарушы болып қызмет жасаған. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап ЗТМО Ұлан аудандық бөлімшесінің бастығы лауазымына  тағайындалған.

Бастықтың лауазымдық міндеттері:
ЗТМО Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Ұлан аудандық бөлімшесінің бастығы лауазымын Уалиева Гульназ Амангельдиновна атқарады. Бөлімше бастығына бөлімшедегі жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету дербес жауапкершілігі жүктеледі.

Мекеменің қызмет бағыты:
ЗТМО Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Ұлан аудандық бөлімшесі өз жұмысын «Еңбек Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы және оның аудандық (қалалық) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімшесі туралы» Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бөлімшедегі штат саны- 8 маман.

ЗТМО бөлімшесінің басты міндеттері:

1. Орталықтан зейнетақы және басқа әлеуметтік төлемдерді тағайындау және  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан» АҚ-нан әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақы алушылардың істері мен зейнеткерлік іс макеттерін  құрастыру үшін құжаттарды қабылдап, қолданыстағы ережелер мен нұсқауларға сәйкес оларды Филиалға беру.
2. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың істерін есепке алу, сақтау мен  олардың сақталуын қамтамасыз ету және түгендеу жұмыстарын жүргізу.
3. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекетер қорын жүргізу және оған өзгерістер енгізу.
4. Республикалық бюджеттен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан» АҚ-нан зейнетақы мен жәрдемақы алушылар ведомосының тізімін құрастыру, әрі қарай екінші деңгейлі банктерге беру үшін.
5. Екінші деңгейдегі банктер шарттарына сәйкес, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін жүзеге асыруды қадағалау.
6. Нақты жүргізілген зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне және әлеуметтік төлемдерге есеп жүргізу, Филиалға төленген зейнетақы және жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер туралы, ай сайынғы жаңару есебімен зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны туралы мәліметтер ұсыну.
7. Орталықтың жарғылық мақсатына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларымен және басқа да ұйымдармен көрсетілетін басқа да қызмет түрлері бойынша ақыл-кеңес ұсыну.
8. Республикалық бюджеттен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан  зейнетақы мен жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер сұрақтары бойынша халықты ақпараттық-кеңеспен қамтамасыз ету.
9. Міндетті зейнеткерлік жарналарды төлеуші  агенттен қате төленген міндетті зейнеткерлік жарнаны және (немесе) өсімпұлды  қайтару үшін өтініш және жұмысшының міндетті зейнеткерлік жарналар бойынша зейнеткерлік қамсыздандандыру туралы шартының бар екендігін растайтын өтініш қабылдауға.
ЗТМО РМҚК бөлімшелерінің қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңдарын және қызметіндегі заңнама нормаларының сақталуын бұзу туралы фактілерін хабарлау үшін сағат 9.00-ден 18.00 дейін Ұлан бөлімшесінде 8 (723-38) 79-986, ЗТМО ШҚ облыстық филиалында  8 (7232) 560-403 «сенім телефоны» жұмыс істейді.
Сондай-ақ Байланысу-Орталығына ақысыз бірлестірілген қысқа 1411 нөміріне хабарласып әлеуметтік-еңбек саласы бойынша анықтама-ақпараттық қызметін және еңбек қатынастары, халықтың жұмыспен қамтылуы, зейнетақымен қамтамасыздандыру, әлеуметтік қамтамасыздандыру және әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде кеңес алуға болады.

ММ-нің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Азаматтарды қабылдау:
сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Парақтар өзгертілді: 13-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017