• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

«ҚР Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментінің Ұлан ауданының әділет басқармасы» MM

   Мекеменің мекен-жайы: Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 4 үй.

Бастық: Қорабаев Ермек Ерланұлы,
байланыс телефоны – 27-129, № 1 кабинет.

Бастықтың өмірбаяны: 09.12.1980 ж.т.
Ұлан ауданы Асу Бұлақ кентінің тумасы
Үйленген, ұлы мен қызын тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын әділет органдарында бастады.
2002 жылы ШҚО Әділет департаментінде бірнеше лауазымда қызмет атқарды.
2005 жылы Глубокое ауданы Әділет басқармасының бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2007 жылы Тарбағатай ауданы бастығының лауазымында қызмет атқарды.
2009 жылы ШҚО Әділет департаментнің Халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді
2010 жылы Курчатов қаласы Әділет басқармасының бастығы болды
ҚР Әділет министрінің бұйрығына сай 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Ұлан ауданы Әділет басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет органдары туралы 2002 жылғы 18 наурыздағы № 304 Заңына сай Әділет басқармасының функцияларына мыналар кіреді,
1) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, мәслихаттардың, әкiмияттардың және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу;
2) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiн және филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiлiмiн жүргiзу;
3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу;
4) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiктiң құқықтық кадастрын жүргiзу, оның кепілiн тiркеу;
5) құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
6) санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;
8) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.

Ұлан ауданының әділет басқармасының қызмет бағыты:
- өз құзыреті шегінде мемлекеттін қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады,мемлекеттік органдардың,ұйымдардың,лауазымды адамдар мен ұйымдардың құқықтарын әрі заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Парақтар өзгертілді: 13-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017