• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

«Ұлан аудандық соты» мемлекеттік мекеме

Халмурзаев Мурат Мауленович Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 4 үй

Сот төрағасы: Халмурзаев Мурат Мауленович
байланыс телефоны – 8 (72338) 27-177

Сот төрағасының өмірбаяны:
Халмурзаев Мурат Мауленұлы 03 ақпан 1964 жылы Көк-су совхозы Шардара ауданы Шымкент облысында туған. Жалпы еңбек өтілімі 31 жыл, оның ішінде судьялық өтілімі 10 жыл.
Сот төрағасының атқарған қызметі туралы тізім:
Заң саласындағы еңбек жолын 1992 жылдан Алматы қаласы Октябрь ауданының прокурорының көмекшісі болып бастаған, 1992 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақ көлік прокуратурасының қарамағына ауысқан, 11.11.1993 жылдан бастап Арыс көлік прокурорының аға көмекшісі, 10.08.1994 жылдан Арыс ауданаралық прокуратурасының аға тергеушісі, 01.01.1996 жылдан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тергеу комитеті Шымкент қаласы Абай ауданында тергеуші, 19.06.1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы МТКД қызметтік және экономикалық қылмыстар бөлімінің аса қауіпті істер бойынша аға тергеушісі. Әділет аға лейтенанты шенінде.
06.11.1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында бас маман.
Қазақстан Республикасы Президентінің № 830  29 наурыз 2002 жылғы Жарлығымен Катон-Қарағай ауданының №2 аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Президентінің № 341 04 маусым 2007 жылғы Жарлығымен Катон-Қарағай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Президентінің № 350 02 шілде 2012 жылғы Жарлығымен Ұлан аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған.

Қызмет бағыты: Қазақстан Республикасында сот билігі азаматтар мен ұйымдардың құқығын, бостандығын және заң мүдделерін қорғайды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ол мемлекеттік атынан жүзеге асырылады. Негізгі және орта буын соттары жергілікті соттар немесе жалпы заң құзыретіндегі соттар деп аталады. Құзырет көлеміне байланысты соттар инстанциялар деп аталады: бірінші, апелляциялық және қадағалау. Аудандық және оған теңестірілген соттар – бұл бірінші инстанцияның соты. Олар азаматтық пен қылмыстық істерді және олардың істі сотта қарауына жатқызылған материалдарды қарастырады. Ұлан аудандық сотында сот төрелігін үш судья жүзеге асырады. Соттың кеңсесін кеңсе меңгерушісі басқарады, барлық сот мамандары кеңсе мамандары деп аталады. Сотта 3 бас мамандар – сот мәжілісінің хатшылары, 1 бас маман – сот приставы, 1 бас маман – іс-жүргізушісі, 1 бас маман – мұрағатшы.
Ұлан аудандық сотының жұмыс істеу тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:30, үзіліс 12:30-14:00.

Ұлан аудандық сотының төрағасының жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі:

Қабылдау күндері Қабылдау уақыты Жауапты тұлға Байланыс  телефоны
Күн сайын жұмыс уақытында
дүйсенбі-жұма
09:00-18:30 Әшімжанова Салтанат Танирбергеновна 8 (72338) 27-177
Парақтар өзгертілді: 13-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017