• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

«Ұлан аудандық статистика басқармасы» ММ

Мекеменің мекен-жайы: Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 21 үй.

Демежанов Ерлан Ергалиевич Бастық:
Демежанов Ерлан Ерғалиұлы
Демежанов Ерлан Ерғалиұлы 1978жылы 13 қаңтарда Семей облысы, Үржар ауданы, Предгорное ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары. 2007-2009ж Семей қаласындағы ҚМҚК Бизнес колледжінің «Менеджмент» факультетін, 2011-2014ж Алматы экономика және статистика академиясының «Менеджмент» факультетін бітірген.
1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери борышын өтеген.

Еңбек жолын 1998жылы Семей қаласындағы ЖК «Адал» шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.
17.02.2011-26.04.2011ж «ШҚО Статистика департаменті» ММ-сі, Жарма ауданының статистика басқармасының жетекші  маманының міндетін атқарушысы, ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы.
27.04.2011-01.07.2011ж «ШҚО Статистика департаменті» ММ-сі, Жарма ауданының статистика басқармасының жетекші маманы ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы;
27.04.2011-01.07.2011ж «ШҚО Статистика департаменті» ММ-сі, Жарма ауданының статистика басқармасының жетекші маманы ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы;
01.07.2011-12.06.2012ж «ШҚО Статистика департаменті» ММ-сі, Үй шаруашылығын зерттеу басқармасының жетекші маманы, ШҚО, Өскемен қаласы;
12.06.2012-18.07.2012ж «ШҚО Статистика департаменті» ММ-сі, Өскемен қаласының статистика басқармасының жетекші маманы, ШҚО, Өскемен қаласы;
18.07.2012-04.11.2014ж «ШҚО Статистика департаменті» ММ-сі, Өскемен қаласының Статистика басқармасының бас маманы, ШҚО, Өскемен қаласы;
05.11.2014-18.12.2014ж «ҚР ҰЭМ СК ШҚО Статистика департаменті» РММ-нің Өскемен қаласының Статистика басқармасының бас маманы, ШҚО, Өскемен қаласы;
18.12.2014-13.04.2015ж «ҚР ҰЭМ СК ШҚО Статистика департаменті» РММ-нің Ұлан ауданының Статистика басқармасының бас маманы, ШҚО, Ұлан ауданы, Касым Қайсенов кенті.
13.04.2015ж қазіргі уақытта «ҚР ҰЭМ СК ШҚО Статистика департаменті» РММ-нің Ұлан ауданының Статистика басқармасының басшысы, ШҚО, Ұлан ауданы, Касым Қайсенов кенті.
Жанұялы, үш баласы бар.

Қабылдау уақыты:
бейсенбі сағат 14 00-17 00 – ге дейін.
Телефон 8 (7233) 27-496  


Ұлан ауданының статистика басқармасы (әрі қарай - Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының статистика Департаментінің (әрі қарай – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарманың құрылымы мен мамандар саны үлгілік құрылымға сәйкес және жұмыс көлемі мен өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, ҚР Статистика агенттігінің (әрі қарай - Агенттік) жауапты хатшысының келісімі бойынша Департамент бастығы бекіткен штат кестесіне сәйкес белгіленеді. Өз қызметі барысында Басқарма Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, Агенттік төрағасы мен Агенттіктің жауапты хатшысының бұйрықтарын, Департамент бастығының бұйрықтарын, Агенттік пен Департамент туралы Ережелерді басшылыққа алады.

Басқарманың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) респонденттердің статистикалық құралдарға сұранысын қанағаттандыру;
2) әдіснамалық және консультациялық қолдауға сұранысты қанағаттандыру;
3) бекітілген әдіснамаға сәйкес респонденттерден бастапқы статистикалық ақпараттарды жинауды қамтамасыз ету;
4) Басқарманың құзіретіне кіретін статистикалық байқаулар бойынша Бастапқы Статистикалық Деректер Базасын қалыптастыру;
5) бекітілген әдіснамаға сәйкес бастапқы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету;
6) материалдық-техникалық, бағдарламалық құралдарды басқарма міндеттерін атқару шегінде тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
7) сапа саласындағы мақсаттарға жету.

Басқарма келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Департаменттің жоспарына, кестесіне, нұсқауларына сәйкес қызметті жоспарлау;
2) респонденттермен жұмыс істеу үшін қажетті материалдарды қалыптастыру;
3) сұхбат жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыру;
4) әкімшілік қайнар көздермен өзара байланыс;
5) респонденттерді статистикалық құралдармен қамтамасыз ету;
6) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді электронды түрде тапсыру үдерісін қамтамасыз ету;
7) респонденттерден статистикалық байқау нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді алу;
8) респонденттерді оқыту және кеңестер беру;
9) статистикалық тіркелім деректерін жаңғырту;
10) бастапқы статистикалық деректерді (статистикалық есептілікті) тапсыру тәртібін бұзушылықтар бойынша жұмыс істеу;
11) әрбір байқау бойынша статистикалық деректердің бастапқы базасын (СДББ) қалыптастыру (бастапқы статистикалық деректерді енгізу);
12) статистикалық байқаудың әрқайсысы бойынша кәсіпорындардың топтарына қарай СДББ деректерін біріктіру;
13) бастапқы статистикалық деректердің сапасына бақылау жасау;
14) СДББ-ны Статистикалық байқаулардың Деректер базасын қалыптастыру үшін табыс ету (статистикалық байқаудың әрқайсысы бойынша);
15) Департаменттің салалық басқармаларынан түскен сұрауларды өңдеу;
16) статистикалық байқау материалдарын мұрағаттау;
17) қызметкерлерді, респонденттерді, сұхбат жүргізушілерді Басқармамен пайдаланылатын статистикалық құралдарды қолдануға оқыту;
18) статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен деректерді тарату, оларды оқыту, кеңес беру мәселелері бойынша өзара қарым қатынас жасау; статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қарау;
19) статистикалық деректерді жинау және өңдеу үдерісі мен тәртібінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
20) статистикалық құралдарды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ұлан аудандық статистика басқармасының қызмет бағыттары:
Ауданның экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, экологиялық салаларында болып жататын құбылыстар мен үдерістер жайындағы статистикалық деректерді өңдеу және тарату, алымдарды жүзеге асыру.

Парақтар өзгертілді: 13-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017