• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ұлан аудандық қазынашылық басқармасы» республикалық ММ

Мекен жайы: ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті,
Заводская көшесі, 14/1 каб №6
Тел. (872338) 27-203
E-mail  m.mukashev@minfin.gov.kz

Мукашев Мухтар Газизович Басшысы
- Мукашев Мухтар Газизович

25.09.1977 жылы Семей облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1994 жылы Қарауыл селосында орналасқан Абай атындағы орта мектепті бітірді. 1998 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша «Семей» мемлекеттік университетінің дипломын алып шықты. 1998-1999 жылдар аралығында Әскери борышын шекара әскерінде өтеді. Үйленген, төрт баланы тәрбиелеп отыр. 2000-2007 жж. Семей қалалық қазынашылық бөліміндеәр түрлі лауазымдарда атқарды. Қызметті маман ретінде бастап, әрі қарай жетекші маман, бас маман,сектор менгерушісі болып істеді. 2008 жылдың маусымынан бастап 2009 жылдың сәуіріне дейін «Арна-Шығыс» ЖШС-де бас бухгалердің орынбасары болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін Семей аймағы бойынша ҚПБ-да қызмет атқарды. 2011-2013жж. Семей қаласының қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қарашасынан бастап ШҚО Ұлан аудандық қазынашылық басқармасының басшысы болып тағайындалып осы күнге дейін осы қызметті атқарып отыр.

Басшының лауазымдық  міндеттері:

Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн заңнаманда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға; Басқарма қызметін өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету және Басқармаға жүктелген міндеттер мен өз функцияларын іске асыру үшін дербес жауапкершілік арту; барлық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманы ұсыну; мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету; лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға және Басқарманың басқа қызметкерлерінің сақтауын бақылауға; заңмен белгіленген шектеулердi қабылдауға; қызметтік әдеп нормаларын сақтауға міндетті.

Мемлекеттік мекеменің қызмет бағыты:
Ұлан аудандық қазынашылық басқармасы респбликалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету саласында және мемлекеттік қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен шетел валюталар шоттары, квазимемлекеттік секторларының субъектілері шоттары бойынша операцияларды өткізу салаларындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Басқарманың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма сағат 9-00 -ден 18-30 дейін, үзіліс 13-00-ден 14-30 дейін

Басшының азаматтарды қабылдауы:

Әр аптаның бейсенбісі сағат 15-00-ден 17-00 дейін

Парақтар өзгертілді: 14-05-2018
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018