• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

Ұлан аудандық телекоммуникациялық торабы

  Кәсіпорынның мекен-жайы: ШҚО Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Заводская көш, 1

Дюсембаев Дархан Бекказиевич   Директор: Ғаббас Шаймарданұлы Баиркенов,
телефон: 8 72338 27 555

   Директордың өмірбаяны:
Ғаббас Шаймарданұлы Баиркенов 1954 жылы Ұлан ауданында туған. Еңбек қызметін 1971 жылы байланыс саласында электромонтер лауазымынан бастаған.1972 жыл мен 1974 жыл аралығында Кеңес әскери қатырында қызмет етті. Жоғарғы техникалық және экономикалық білімі бар.
1997 жылы Ұлан және Таврия аудандық телекоммуникациялар торабыларының қайта құрылуына байланысты, қайта құрылған Ұлан аудандық телекоммуникациялар торабының директоры ретінде тағайындалды.
2001 жылы облыстағы телекоммуникациялар саласын өркендету мен жетілдіруге қосқан зор үлесі үшін және ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл толу мерейтойына байланысты, 2004 жылы Байланысшылар күніне орай адал және нәтижелі еңбегі және «Қазақтелеком» АҚ құрылғанына 10 жыл толуы үшін, Көлік және коммуникация қызметкерлер күні мерекесі құрметіне, Ұлан ауданының байланыс жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамоталарымен, және «Ұлан ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. 2008 жылы көлік және байланыс қызметкерлерінің күнінің құрметіне орай «Құрметті байланысшы» атағы берілді.

   Қазақтелеком" АҚ көрсететін қызметтер:
"Қазақтелеком" АҚ түрлі санаттағы пайдаланушылардың жоғары талаптарын қанағаттандыратын байланыс қызметтерінің көптеген түрлерін ұсынады. Республиканың қай түпкірінде болсаңыз да, әрі кез келген уақытта, біздің компанияның телекоммуникациялық қызметінің сан қилы түрлерін алуға болады.

Тұтынушыларға мынадай қызметтер ұсынылады:
- дауыстық телефонияның барлық негізгі қызметтері (жергілікті, қалааралық, халықаралық);
- телеграф және телекс;
- мәліметтер жөнелту торабының қызметі, Internet-ке қосылу қызметі;
- арналарды жалдау;
- Бизнес клиенттерге арналған телекоммуникация қызмет;
- Парасаттық желі;
- Tarlan Card – алдын ала төленген телефон картасы;
- сым арқылы радио хабарын тарату.
- ДВО қызметі (қызмет көрсетудің қосымша түрі)

"Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның бүкіл аумағында телекоммуникация қызметтерін көрсете алатын жеткілікті түрде дамыған орталықтар желісі бар иекомпания, ол әлемнің кез келген түпкіріне телефон соғуыңызға, телеграмма жіберуіңізге, Интернет желісі қызметін пайдалануыңызға, анықтамалық ақпарат алуыңызға, телефон аппаратын сатып алуыңызға мүмкіндік береді.

Парақтар өзгертілді: 13-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017