• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

«Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеме

Мекен-жайы:
Шығыс Қазақстан облысы,Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, № 5 үй.

Дюсембаев Дархан Бекказиевич Бастық: Дюсембаев Дархан Бекқазыұлы
Дюсембаев Дархан Бекқазыұлы 1976 жылдың 30 шілдесінде дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы Өркен аулының тумасы. Үйленген, үш баланың әкесі.

Еңбек жолы:

Айы және жылы Қызметтер атауы
кіруі аяқтауы
1998 ж. 1999 ж. ҚР ҚК қатарында мерзімді әскери қызмет атқарды
2002 ж. 2005 ж. 44051 ә/б, бөлім коменданты
2005 ж. 2008 ж. арнайы бағыт офицері (44051 ә/б)
2008 ж. 2010 ж. шұғыл бағыт офицері (44051 ә/б)
2010 ж. 2012 ж. Ұлттық қорғаныс университеті тыңдаушысы
2012 ж. Наурыз 2013 ж. 64761 ә/б, штаб бастығының орынбасары, барлау бастығы
Наурыз 2013 ж. Наурыз 2017 ж. Риддер қ. қорғаныс істер бөлімі, бастықтың орынбасары
Наурыз 2017 ж. қазіргі уақытқа дейін Ұлан ауданы қорғаныс істер бөлімі, бастық

Бастықтың лауазымдық міндеттері:
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы бөлімнің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының жағдайына жауапты. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жұмылдыру даярлығын және жалпы әскери қызмет даярлығын қадағалап бақылауға алады, бөлімше бастықтарына жұмыстарын ұйымдастыруда тәжірибелік көмек көрсетеді. Бөлімнің қойылған мақсаттарын орындауда және туындаған сұрақтарды шешуде ұдайы жергілікті басқару органдарымен байланыста болады. Қабылданған қаулылар бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп отырады және жергілікті басқару органдарының жұмыстарына қатысады.
Аудандық азаматтық қорғаныс штабының атқаратын іс-шараларына қатысады. Әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеуге басшылық жасайды. Аудан бойынша:

  1. орта мектептерде өтетін бастапқы әскери даярлық сабақтарын;
  2. әскери техникалық мектепте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мамандар даярлауды;
  3. Ұлы Отан соғысы және басқа соғыстар ардагерлерімен және олардың отбасыларымен жұмыс жасауды;
  4. қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери есеп жұмыстары жағдайын қадағалауды ұйымдастырып өткізеді.

Оқу орындарының және мекемелердің басшыларымен ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының талаптарының орындалуы бойынша нұсқамалық сабақтар ұйымдастырып өткізуге басшылық жасайды. Жеке құрамның тұрмыстық жағдайын және жұмыс жағдайын ұдайы зерделейді. Запастағы әскери міндеттілердің әскери оқу жиындарына және әскери қызметке шақырылу жұмыстарын және олардың жұмылдыру даярлығы бойынша туындаған сұрақтарды шешуді ұйымдастырып басшылыққа алады.
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қаржылық және шаруашылық жағдайын  басшылыққа алады. Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келіп түскен хаттар, арыздар мен өтініштердің орындалуын басшылыққа алып бақылауды ұстайды. «Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ-ң негізгі жұмыс бағыты – жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс.

Мекеменің қызмет бағыты:
Ауданның жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету;
Жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу, мерзімді әскери қызметке және келісім-шарт бойынша әскери қызметке шақыру, әскери-оқу жиындарына шақыру жұмыстарын өткізу;
Әскери есеп жүргізу және басқа да қорғаныс іс-шараларын іске асыру.

Парақтар өзгертілді: 13-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017