• RU
  • KZ
  • EN

Аумақтық бөлімшелер

«Шығыс-Қазақстан  облысы  Ұлан  ауданының  мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекеме

Мекен жайы: Қасым Қайсенов кенті., 5 үй

Аубакирова Гульнар СеиткалиевнаДиректор: Аубакирова Гульнар Сеиткалиевна, тел. 27-415, 5 бөлме
Аубакирова Гульнар Сеиткалиевна 1962 жылы 24 мамырда Ұлан ауданының Никитинка ауылында дүниеге келген.
1979 жылы Никитинка ауылындағы С.М.Киров атындағы орта мектепті тәмамдады.
1980 жылы Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан медициналық училищесіне (ШҚМУ) акушер мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1983 жылы бітіріп шықты.
2006-2010жж. «Психология бакалавр» мамандығында Қазақстан-Америка ерікті университетін (ҚАЕУ) бітірді.
Өзінің еңбек жолын 1983 жылдың сәуір айында Ұлан ауданының орталық ауруханасы перзентханасында акушер болып бастады.
1989-1995жж. перзентхананың аға акушері.
1995-1997жж. санитарлық-ағартушылық жұмыс жөніндегі инструктор.
1997-2003жж. Молодежный кентінің дәрігерлік амбулаториясында санитарлық фельдшер.
2003-2008жж. Ұлан ауданының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы.
2008-2009жж. № 1 Тарбағатай медициналық бірлестігінің мед.статисті.
2010ж. «Ұлан ауданының Мемлекеттік мұрағаты» ММ мұрағатшысы.
Тұрмыс құрған. Балалар тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік мекеменің қызмет бағыты:
1) аудан аумағындағы мұрағат ісі және құжат құрылудағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) коммунальдық меншікке қарасты Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын ұйымдастыру, жинақтау және пайдалану;
3) коммунальдық меншікке қарасты Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммунальдық меншікке қарасты тарих және мәдениеттің құжаттық ескерткіштерін қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
5) аудан аумағындағы мұрағат ісі және құжаттаманы жүргізу аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру;
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы ұйымдастыру;
7) коммунальдық меншікке қарасты Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құжаттары бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру;
8) ауданның мемлекеттік ұйымдарындағы құжатқұрылу мәселелеріне және құжаттардың ведомствалық сақталуына ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік жасау;
9) жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру.

Азаматтарды қабылдау:
Күнделікті (сенбі, жексенбі - демалыс) сағат 9-00 ден 18-00 –ге дейін.

Парақтар өзгертілді: 13-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017