• RU
  • KZ
  • EN

Мәслихат аппараты

Мәслихат хатшысы

Оразай Нұрсолтанұлы Сыдықов Мәслихат хатшысы: Оразай Нұрсолтанұлы Сыдықов,
тел.27-104

Оразай Нұрсолтанұлы Сыдықов 1957 жылы 01 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Жоғарғы Тайынты ауылындағы ҚазССР-на  40 жыл атындағы орта мектепті бітірген. Өскемен құрылыс техникумын оқып бітірген. 2012 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін құрылыс бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген, 4 баласы бар.

Еңбек қызметі:
Еңбек жолын 1974 жылы Ұлан ауданы «Обухов» совхозының құрылыс цехының әр түрлі жұмыс атқарушысы ретінде бастаған. 1975-1977 жылдар арасында Совет Армиясы қатарында міндетін атқарған. «Обухов» совхозының күрделі құрылыс шебері қызметін атқарған. 1983-1996 жылдары аралығында № 38 Жол басқарамасының № 566 Жол экспуатациялық басқармасында бас жол шебері болып қызмет еткен. 1996-2008 жылдар аралығында жеке шаруа қожалығымен айналысқан. 2008-2010 жылдар аралығында № 31 Жол эксплуатациялық басқармасында бас инженер, «Қазақавтожол» РММ  № 30 Жол эксплуатациялық басқармасында басшы қызметтерін атқарған. 2010 жылдан 2016 жылдың 28 наурызына дейінгі мерзімде «Ұлан жолдары» ЖШС директоры лаузымын атқарған. Ұлан аудандық мәслихатының 6 шақырылымының 1 сессиясында Ұлан ауданының мәслихат хатшысы болып сайланды.

  Мәслихат хатшысының лауазымдық міндеттері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамсыз етеі, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
3) депутаттар сайлауларының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4)мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
6) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының өзара іс- қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзіретіндегі мәселелер бойынша өкілдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарды мәслихат атынан өкіл болады;
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
11) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.

  Бастықпен азаматтарды қабылдау күндері:

дүйсенбі күні сағат 14-00 -18-00 дейін
бейсенбі күні сағат 09-00-13-00 дейін

 Мекеменің мекен-жайы:
ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5

Парақтар өзгертілді: 29-05-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017