• RU
  • KZ
  • EN

Аппарат құрылымы

Аудан әкімінің орынбасары

Хосчанов Асхат ТолеугазыевичХосчанов Асхат Толеугазыевич
1973 жылы 8 шілде күні Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғарғы. 1996 жылы Өскемен құрылыс жолы институтында инженер-механик мамандығын, 2015 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және бизнес мамандығын тәмамдаған.

Еңбек қызметі:

Күні Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi

қабылданған

босатылған

21.10.1998

29.03.1999

"АлтайЭнерго" аумақтық энергетикалық компаниясы ААҚ инженері, Өскемен қаласы

29.03.1999

31.03.2000

"Шығыс Қазақстан аумақтық энергетикалық компаниясы" ЖАҚ механизация және көлік қызметінің инженері, Өскемен қаласы

24.07.2000

30.04.2001

"Шығыс Қазақстан аумақтық энергетикалық компаниясы" ЖАҚ қаржы директорының көмекшісі, Өскемен қаласы

01.11.2002

01.04.2003

"Семей көмірі" ААҚ автоколоннаның механигі, Семей қаласы

01.04.2003

05.05.2003

"Қаражыра ЛТД" ЖШС автоколоннаның механигі, Семей қаласы

17.02.2004

23.06.2004

"SMS Engineering" ЖШС директоры, Алматы қаласы

23.06.2004

20.09.2005

"Шығысазаматжоба.kz" ЖШС директоры, Өскемен қаласы

14.09.2006

14.05.2010

"Восток Массивпроект" ЖШС директоры, Өскемен қаласы

15.04.2010

18.07.2011

"ОблDORкомхоз" ЖШС директорының міндетін атқарушы, Өскемен қаласы

25.07.2011

06.10.2011

"ШҚО Риддер қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" ММ бастығы, ШҚО Риддер қаласы

06.10.2011

20.08.2013

Риддер қаласы ШҚО әкімінің орынбасары, ШҚО Риддер қаласы

20.08.2013

31.10.2013

Семей қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы ШҚО, ШҚО Семей қаласы

31.10.2013

19.07.2015

Семей қаласы әкімінің орынбасары ШҚО, ШҚО Семей қаласы

20.07.2015

10.08.2015

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы, Астана қаласы

10.08.2015

15.11.2015

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Астана қаласы

16.11.2015

25.02.2019

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы, Астана қаласы

26.02.2019

осы уақытқа дейiн

Аудан әкімінің орынбасары «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті

Фукционалдық міндеттері:
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіру. Аумақтық құрылымдық өртке қарсы қызметімен, «Қазақтелеком» аудандық филиалымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Көлік, жол, энергетика мәселелерін, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың, авариялар мен табиғи аппаттардың алдын-алу және жоюды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру.
Аудандық мемлекеттік кіріс, қазынашылық, статистика басқармаларының жұмыстарын үйлестіру. Автомобиль жолдарын жөндеу және күту, аумақты көгалдандыру, аббаттандыру жұмыстарын үйлестіру, «Ұлан жолдары», «Коммунальник», «Молодежный» коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының қызметтерін қамтамасыз ету.Аудан бюджетін стратегиялық және ағымды жоспарлау, қалыптастыру мәселелерімен айналысады, аудан бюджетінің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуын қамтамасыз ету, бюджет қаражатының мақсатты игерілуі, коммуналдық меншік объектілерінің тиімді пайдаланылуы сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен іс-қимылды ұйымдастыру (инвестициялар тарту және қаржы жөніндегі мәселелер). Ауданда объектілердің қыс мерзіміне дайын болуы, жылу беру мерзімі бойында үзіліссіз тұрақты жұмыс жасауы бойынша жұмыстарды үйлестіру. Салалық бағдарламалардың «Нұрлы жол», «Бизнестің 2020 жол картасы», «Аймақтардың дамуы 2020» теплоэнергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарға қатысты бөлімдерін іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Ауданда құрылыс жұмыстарын бақылау, оның мониторингін жүргізу, құрылыс қызметі нәтижесінің тиіміділігін, құрылыс жұмыстарын қарқындандыру қорын анықтау бойынша жұмыстарды үйлестіру. Мемлекеттік сатып алу мәселелерін үйлестіру.
Функционалдық міндеттеріне байланысты облыстық басқармалармен қарым-қатынасты ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Ауылдық округтер мен кенттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингтік жүйесі жөнінде аудандық комиссияға, еңбек ақы бойынша қарыздарды жою кризиске қарсы штаб жұмысын, ауданға келген жас мамандарға көтерме көмек көрсету бойынша комиссия, аудандық тұрғын үй комиссиясының жұмыстарына басшылық жасау.
Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жұмыстарын, жұмылдыру және жұмылдыру дайындықтары бойынша жұмыстарды үйлестіру.
Өзі басшылық ететін салалар бойынша бақылауды қамтамасыз етеді: 1) ауданның аумағын дамыту бағдарламасының іске асуы; 2) ауданның рейтинг көрсеткіштері, ауылдық округтер мен кенттердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері; 3) мемлекеттік органдардың қызметін бағалау нәтижесінің көрсеткіштері. Өзі басқаратын салалар мәселелері бойынша қабылданатын әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес қабылдануына, облыс, аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының және де басқа ұйымдастыру-тарату маңыздағы құжаттардың орындалуына тікелей жауапты. Өз құзырлығы шегінде ауылдық округтер мен кенттер әкімдіктерінің жұмысын үйлестіру. Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жұмыстарын жүргізу.  Сыртқы байланыстар мәселесімен өз саласы бойынша жұмыс жүргізу, сыртқы байланыстар мен халықаралық қатынастар бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету. «ЭБҚА», «Е-қызмет» ақпараттық жүйелерінде жұмыс жүргізу. ИСО-9001 халықаралық стандарттардың талаптарын орындау.

Азаматтарды қабылдау: әр аптаның сейсенбісі, 10.00-13.00

Телефоны: 8(72338)27-616

Парақтар өзгертілді: 13-03-2019
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019