• RU
  • KZ
  • EN

Аппарат құрылымы

Ұлан ауданының әкімі

Блогы

Виртуалды қабылдау

Сактаганов Нурымбет АмановичҰлан ауданының әкімі - Сактаганов Нурымбет Аманович
1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі жоғары. Қызылорда педогогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалым, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек қызметін институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қ. № 172 орта мектебінде мұғалым болып бастаған. 1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылорда қ. № 9 орта мектебінде жұмысын жалғастырды.
1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары  болып жұмыс істеді.
2001-2006 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, Төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі)
2006-2007 жылдары – ҚР Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, Министрдің кеңесшісі.
2007-2010 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Төрағасының орынбасары.
2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы
2012-2015 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
2015-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2018 жылдың мамырынан бастап Ұлан ауданының әкімі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттер:

Президенттің, Қазақстан Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша болашақ және ағымды міндеттерін шешу.
Ауданның атқарушы билігінің қызметіне басшылық жасау, ауданның бюджетін әзірлеу және оның орындалуына бақылау жасау.
Жергілікті атқарушы органдардың келісілген жұмысын қамтамасыз ету, прокуратураның, соттың, ішкі істер бөлімінің, қаржы полициясының сыбайлас жемқорлық және қылмыспен күресті нығайту жөніндегі сұрақтарын шешу. Аудан әкімдігінің, әкімшілік-аумақтық басқару сұрақтары.
Басқару құрылымын оңтайландыру, аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын және атқарушы органдар мен әкім аппаратының құрылым бөлімшелерінің басшыларын тағайындау.
Сапа менеджментінің жүйесі талаптарының орындалуын бақылау.

Ауданға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан мүддесін білдіреді.
Аудан шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін регулятивті іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Ауданның мүдделерін және қажеттілігін ескере отырып, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Орындалуы жоспарлы негізде бюджеттік қаражат шегінде қамтамасыз етілетін мақсатты, өзекті индикаторлардан тұратын меморандумдарға қол қояды, оларға жоспарлы кезеңде бюджет қаражаты шегінде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Аудан әкімінің орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысына, аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, мамандарына, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
Ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді және бақылайды.
Аудандық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын енгізеді.
Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қорғаныс күштері, әскери міндет пен әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласындағы мәселелер жөніндегі заңнаманың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.
Келісім-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуына кәсіпорындарды, кен орындарын мемлекеттік меншіктің өзге де нысандарын жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен тең бақылау жасауға қатысады.
Өз құзыретіндегі мәселелер және аудан әкімідігі құзыретіндегі мәселелері бойынша облыс әкімінің алдында жауап береді. 
Аудандық прокуратура, сот, ішкі істер, әділет, қорғаныс және аймақтық қаржы полициясымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Аудандық бюджеттік комиссияға, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша, аудандық терроризмге қарсы комиссия жұмысына, қылмыстық жаза және қылмыстық-құқытық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмек ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия мен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияларға басшылық жасайды.
Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша бекітілген кестеге сәйкес қабылдау жұмыстарын жүргізеді.
Сапа менеджментінің жүйесі талаптарының орындалуын бақылайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қабылдау телефоны: 8 (72338) 27-368
Е-mail: nur.saktaganov@akimvko.gov.kz
Facebook: nurymbet.saktaganov
Instagram: saktaganovnurymbet

Қымбатты достар!

Сіздермен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің ресми web-сайтында кездескеніме шын жүректен қуаныштымын.
Ұлан ауданы Алтай сілемдерінің қомақты да жұмбақты бөлігі, асты-үсті толған байлық, қарт Қалбатауды мекендеген еңбек сүйгіш елдің мекені.
Ұлан ауданының дүниежүзілік ақпараттық жүйеге қосылуы, оның жан-жақты дамуында оң көзқарасын тудырады.
Ақпараттық дамудың жаңа сапалы кезеңіне көшу, Қазақстанның басқа аймақтардағы мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді, барлық саладағы және санаттағы тұрғындардың керекті ақпаратпен алмасу процессін жеделдетеді.
Біздің тұрғындарға, әртүрлі үкіметтік емес бірлестіктер мен мекемелерге басқарушылық шешімдер қабылдауға әсер ету үшін нақты мүмкіншілік туады. Сіздер жергілікті атқарушы органдардың құрылымы, олар атқаратын жұмыс туралы ақпарат ала аласыздар және қарастырылатын сұрақтар бойынша өз ұсыныстарыңызды енгізе аласыздар.
Біздің порталда орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады және де сол ақпаратты қажет ететіндерге әрқашанда көмек болады деп сенемін.
Ұлан ауданы әкімінің ресми сайты, Сіздерге аудан туралы жедел, объективті және нақты ақпарат алуға еркін мүмкіншілік береді және жаңа достар мен іскер серіктес табуға көмектеседі.
Сіздерге ойлаған ойларыңыздың іске асыру барысында табыс тілеймін!
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Парақтар өзгертілді: 23-05-2019
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019