• RU
  • KZ
  • EN

Спортшы Ұландықтар

Шегеев Марат

Шегеев Марат1959 жылы 16 желтоқсанда Ұлан ауданы Макеевка ауылында дүниеге келген. Алғашқыда Саратовка кентіндегі Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық техникумын, соңынан Өскемен Педагогикалық институтының денешынықтыру бөлімін тәмәмдаған жоғары білімді спорт маманы. Көп жылдар ШҚО «Қайрат» ерікті спорт қоғамында жаттықтырушы болды, елеулі жетістіктерге жеткен көптеген шәкірттері бар.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында ҚазССР-ның ең мықты да атақты палуандарының бірі, самбо және дзю-до күресінен КСРО спорт шебері, ҚазССР-ның, ШҚО бірнеше дүркін чемпионы.

Өмірінің жылдарында дзю-до күресінен Шығыс Қазақстан облыстық Федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Федерациясының мүшесі болды. 2001 жылдың 21 қарашысында ШҚО спорт жанкүйерлерінің сүйіктісі, Ұлан ауданы халқының мақтанышы болған Марат Әбидоллаұлы кенеттен қайтыс болды. Артында қалған екі ұлы әке жолын жалғастыруда – дзю-до күресімен шұғылданады.

 

Парақтар өзгертілді: 02-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017