• RU
  • KZ
  • EN

Спортшы Ұландықтар

Қилыбаева Гүлжан

Қилыбаева Гүлжан 1998 жылы Қилыбаева Гүлжан тоғызқұмалақ бойынша Ұлан ауданынан шыққан алғаш республика чемпионы атағына ие болды. Ол Алмасай ауылының орта мектебін бітіргеннен кейін Өскемен, содан  Шығыс Қазақстандық ауыл-шаруашылық колледжін бітірді.

Гүлжан тоғызқұмалақты 1990 жылдан бастап ойнады. Жарты жылдан кейін аудандық спартакияданы жеңіп алып, аудандық құрама командаға кірді.

1992, 1993, 1995 ж.ж. тоғызқұмалақ бойынша облыс чемпионы болды.

1998 жылы Астанада мемлекет жүлдесіне өткен бірінші халықтық спорт ойындарында спорт шебері нормативін орындады.

Қазіргі уақытта Гулжан Өскемен құс фабрикасында қызмет істейді. Аудан орталығында тоғызқұмалақ ойындары бойынша топты жүргізіп, ең тамаша интеллектуалдық спорт  ойыны бойынша өз білімі және тәжірибесімен жастармен бөлісуде.

 

Парақтар өзгертілді: 02-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017