• RU
  • KZ
  • EN

Спортшы Ұландықтар

Икамбаев Жексен

Икамбаев ЖексенШығыс Қазақстанда теңдесі болмаған, Қазақстанның орта, жартылай ауыр және ауыр салмақта күрескен ең мықты палуандарының бірегейі.
Жексен 1955 жылы Ұлан ауданының Скалистое (қазіргі І. Айтықов атында) ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Саратовка кентіндегі Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық техникумына түсіп, 1975 жылы тәмәмдаған. 1983 жылы Шығыс Қазақстан педагогикалық институтының денешынықтыру факультетін бітіріп, Ұлан ауданының орталығы Никитинка (қазіргі Бозанбай) ауылында, алғашқыда жаттықтырушы, соңынан – Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болған. 1985-1989 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Қайрат» спорт қоғамының самбо күресінен жатттықтырушысы. Кеңестер Одағы ыдырап кеткен кезде, Ұлан ауданында алғашқылардың бірі болып өз ауылында «Ұранхай» атты құрылыс кооперативін ашты. 1995 жылы І. Айтықов ауылында«Ерасыл» шаруа қожалығын ашып, оған қазір де басшылық етеді.
Күрестің төрт түрінен спорт шебері: еркін, самбо, дзюдо күрес түрлерінен Совет Одағының спорт шебері, қазақша күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Спорттағы көрсеткіштерімен жетістіктері:
1973 ж. Алматы. Қазақ ССР-ның жасөспірімдер арасындағы Чемпионаты – 1 орын.
1974 ж. Москва. КСРО Қарулы Күштерінің Біріншілігі – 3 орын.
1974 ж. Алматы. Қажымұқан Мұнайтпасовтың жүлдесі үшін ҚазССР-ның Чемпионаты – Абсолюттік чемпион атағын жеңіп алған.
1980 ж. Алматы. ҚазССР-ның Чемпионаты – 1 орын.
1987 ж. Алматы. Қазақстан халықтарының Спартакиадасы – Чемпион.
1976 ж. Қарағанды. Космонавтар В. Пацаев пен В. Добровольскийдің жүлдесі үшін Бүкілодақтық турнир – 1 орын.
1977 ж. Москва. МҚК жанындағы шекара әскерінің Спартакиадасы – 2 орын.
1977 ж. Душанбе. Бүкілодақтық турнир – 1 орын.
1979 ж. Целиноград. Бүкілодақтық турнир – 1 орын.
1980 ж. Жамбыл. ҚазССР-ның Чемпионаты – 1 орын.
1981 ж. Өскемен. Бүкілодақтық турнир – 1 орын.
1981 ж. Өскемен. ҚазССР-ның Чемпионаты – 1 орын.
1976 ж. Алматы. Бүкілодақтық турнир – 2 орын.

 

Парақтар өзгертілді: 02-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017