• RU
  • KZ
  • EN

Спортшы Ұландықтар

Дуанов Бакытбек

Дуанов Бакытбек1959 жылы жұмысшы отбасында туған. Өскемен педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген. 1984 жылдан Бозанбай ауылындағы ДЮСШ-де жаттықтырушы болып істеді. 13 жыл ішінде күрестен 20 спорт шебері мен екі халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, Олимпиадалық ойындарға қатысушыны даярлап шығарды. Осы жылдарда Ұлан ауданының палуандары облыстық жарыстарда бірінші орын алумен болды.

2002 жылы күрестен Шығыс Қазақстан облысының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Оның командасы бес рет республикалық спартакиаданың жеңімпазы атанды.

Самбодан КСРО, қазақша күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Самбо мен дзю-додан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстан Республикасының физкультура және спортқа еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі. 

 

Парақтар өзгертілді: 02-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017