• RU
  • KZ
  • EN

Спортшы Ұландықтар

Алимханов Рулан

Алимханов РуланРулан (Алтай) Алимханов Қазақстанның белгілі дзюдошысы, көптеген спорттық жүлделердің иегері, орасында дзюдо және самбодан 1998 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионы, үлкендер арасында 1998 жылғы чемпионаттың қола жүлдегері. 1999 жылы Рулан Астана қаласында дзюдодан өткен халықаралық турнирдің қатысушысы. Осы турнирда ХІІІ Азия ойындарына қатысушылардың дзюдодан құрама командасы белгіленді. Өз категориясында (100 кг), үшінші орын алып, еліміздің құрама командасына кірді.

Рулан Алимханов – Асубұлақтың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дарынды түлектерінің бірі. Бұл мектеп көптеген жас күресшілерге үлкен спортқа жолдама берді.

1996-1998 ж.ж. жастармен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы аталды, Бишкекте, Санкт-Петербургте, Индияда, Турцияда, Германияда және  Францияда дзюдодан өткен халықаралық турнирларда жүлделі орындарды иеленген. 1998 жылы ауыл спортсмендерінің арасында өткен облыстық спартакиядасына қатысып, ауыр салмақтық категориясы бойынша чемпион атанды. Катан-Қарагай ауданының 70-жылдығына арналған күресшілер турнирінің  нақты чемпионы аталды. Өтеміс аталарының тойында өткен турнирде Рулан тағыда абсолюттік чемпион аталды. Таилантта өткен Азия ойындары Рулан үшін аса сәтті болмай алтыншы орынға ие болды.

 

Парақтар өзгертілді: 02-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017