• RU
  • KZ
  • EN

Спортшы Ұландықтар

Агзамов Мукан Сагидоллинович

Агзамов Мукан СагидоллиновичТехника ғылымдарының кандидаты, өнертапқыш. 1951 жылы 2 желтоқсанда ШҚО Көкпекті ауданы Өрнек ауылында жұмысшы-шаруа отбасында дүниеге келген.

М. Агзамов бұрынғы Кеңестер Одағында гір және қолкүресі спортының негізін қалаған бес адамның бірі. 1985 жылы гір көтеруден ССРО-ның Чемпионатын, 1992 ж. Өскеменде Қазақстанның тұңғыш Чемпионатын ұйымдастырған. Өзі қолкүресінен 5 дүркін Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі төреші (1994); Қолкүресінен де халықаралық дәрежедегі төреші (2002); Қазақстанда гір спорты мен қолкүресі Федерациясын өзі құрған және оның Президенті міндетін 12 жыл атқарды. Қазір сол Федерацияның құрметті Президенті. 2004 жылдан бері Азия құрлығының қолкүресі Федерациясының Президенті, 2005 жылдан бастап 84 мемлекеттен құралған Дүниежүзілік қолкүресі Федерациясының вицепрезиденті. Гір көтеруден ШҚО-ның 9 дүркін чемпионы.

Мұқан бастаған және қазылық жасаған 1993 ж. Европа Чемпионатында Қазақстан құрама командасы – гір спортынан – 1 орын; 2002 жылдан бастап 6 дүркін Азия чемпионы; 2003 ж. Ресейде өткен Әлем Чемпионатында – 2 орын; 2006 ж. Англияның Манчестер қаласында және 2007 ж. Болгарияның Великое Тырново қаласында өткен Әлем Чемпионаттарында – 3 орын; 2007 ж. наурызында Украинада өткізілген Әлем чемпионатында – 1 орын; Әлем чемпионаттарында көп мәрте жүлдегер болған Қазақстан құрама командасын үнемі Мұқан Сағидоллаұлы басқарып баратынды. Ол Әлем Чемпионатында – 3 рет, Азия чемпионатында – 4 рет, КСРО-ның чемпионатында – 1 рет, ШҚО спорт ойындарында – 8 рет, Қазақстанның Чемпионатында – 60 рет Бас төреші болды. Мұқанның спорттағы жетістіктері жастарға үлгі, өнеге.

 

Парақтар өзгертілді: 02-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017