• RU
  • KZ
  • EN

Спорт

 

2018 жылдың III тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Біздің мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады». Сондықтан Ұлан ауданында дене шынықтыруды дамыту және тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша спорттық ғимараттар саны 226-ны құрайды.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тұрғындарды қамту 13 638 адамға жетті, бұл біздің аудан тұрғындарының жалпы санының 33,6%.-ын құрайды.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны- 2846 балаға жетті. Өткен оқу жылында 2781 бала қамтылған. Жалпы білім беру мекемелерінде 221 спорттық секциялар құрылып, қызмет етуде.
2018 жылдың өткен мерзімінде 6 мыңнан астам адам қамтылған 70 спорттық іс-шаралар өткізілді.
Ағымдағы жылы Ұлан ауданында ауқымды, ауыз толтырып айтарлықтай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Жоғарыда айтылғанға мысал келтіре кетсем. 21-22.09.2018 жылы Ұлан ауданының 90-жылдық мерейтойына арналған ұлттық спорт түрлерінен Ұлан ауданының ашық Чемпионаты өткізілді. Жарыс келесі спорт түрлерінен өтті: Бөренеден құлату, қазақ күрес, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, бәйге. Ұлттық спорт ойындары аясында Қазақстанның Халық ҚаҺарманы Қасым Қайсеновтың 100-жылдығына, Ұлан ауданының 90-жылдығына Регбиден ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогі  және жасөспірімдер арасында Қазақ Совет Социалистік Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мэлс Наримановты еске алуға арналған  еркін күрестен VII –ші республикалық турнир өткізілді. Ұлан ауданының спортын дамытуға үлес қосқаны үшін ардагерлер және спортшылар Ұлан ауданының 90 жылдығына арнайы дайындалған мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша бөренеден құлатудан: Ануар Есенбек (Тарғын а.)- 1орын, Солтанов Нұржан (Қ. Қайсенов к.)-2 орын, Кыдырбеков Нұрлыбек (Қ. Қайсенов к.)- 3орынды иеленді.
Қазақ күресінен : Амренов Талгат- 1орын, Зарипханов Эльдар (Ұлан ауданы)-2орын, Кайролданов Руслан (Зайсан қ.)-3орынға тұрақтады.
Қыз қуудан: Кузьмина Диана, Кайсанов Еламан (Өскемен қ.)-1орын, Молдабаева Амина, Жумашев Адлет (Өскемен қ.)-2орын, Лубянская Юлия, Набиолдин Ерболат (Өскемен қ.)-3орынды алды.
Аударыспақ бойынша жүлделі орындарды Ұлан ауданының Алғабас ауылынан келген спортшылар иеленді. 60 кг. салмақ дәрежесінде Искаков Жансерік-1орын, 70 кг. салмақ дәрежесінде Қуандықов Ерасыл-1орын, 80кг. салмақ дәрежесінде Жапишев Ермек-1орын, 90кг. салмақ дәрежесінде Аринов Мақсат-1 орын, Елдоянов Тимур-3орын. Түйе палуан салмағында жеңімпаздар: Искаков Жансерік-1орын, Аринов Мақсат-3орын.
Көкпар: Ұлан ауданының командасы -1орын, Көкпекті ауданы-2орын, Өскемен қаласы-3орын.
Бәйге жарысында 3,2 шақырымда Өскемен қаласының қыздары жеңімпаз атанды. Арнайы сыйлықпен 7 жасар ең жас спортшы Сауменова Жанель марапатталды.
Ерлер арасында 3,2 шақырымда жүлделі орынды Көкпекті ауданы және Өскемен қаласының спортшылары иеленді.
Ерлер арасында 25 шақырымда жүлделі орындарды Күршім, Үржар, Көкпекті аудандарының спортшылары иеленді. Аламан бәйгенің мәресіне бірінші болып «Қарақұс» лақап атымен шабаңдоз Канат Оразбек жетті. Бас жүлде автокөлікті ат иесі, Күршім ауылының тұрғыны Нұрлан Қасымқанов иеленді.
Еркін күрестен жарыста Ұлан ауданының спортшылары келесі орындарға ие болды: Баубеков Мадияр (Ұлан а., жаттықтырушы Нуралин К.Е.) – 2орын, Бекенов Алинур (Қ. Қайсенов к. , жаттықтырушы Кожахметов Н.Н.) -2 орын, Дікенов Нұртай (Мамай батыр а., жаттықтырушы Крыкпаев Е.Н.) -3 орын. Жеңімпаздар «спорт шеберіне үміткер» атағын орындады. Осы жарыстарға 600-ге жуық спортшылар қатысты.
Ұлан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына сәйкес облыстық жарыстарға қатысу үшін іріктеу жасау болып табылатын мектепшілік және аудандық спорттық жарыстар өткізіледі.
2018 жылдың 16 наурызынан бастап Ұлан ауданы әкімінің жүлдесіне арналған XXI Халықтық ойындары салтанатты түрде бастау алып, осы шараға қатысушылар спорттың: волейбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, кокпар, аламан бәйге (25км), бәйге-15км, майда шабыс-3,2км, жорға жарыс-7км, аударыспақ, гір көтеру, қол күрестен орындарын анықтады. Екі ай мерзімінде өткізілген осы аудандық сайысқа жалпыкомандалық орынға келесідей жайғасты:
I орын- 340 ұпаймен- Қасым Қайсенов кенті;
II орын- 316 ұпаймен- Өскемен ауылдық округі;
III орын- 284 ұпаймен- Айыртау ауылдық округі командасы.
Облыстық жарыстарға қатысу үшін, аудандық жарыстар қорытындысы бойынша аудандық құрама командаға спортшылар іріктеп алынды.
Ағымдағы жылдың 21-27 мамыры аралығында Астана қаласының 20-жылдығына арналған, Шығыс-Қазақстан облысы Әкімінің жүлдесіне XXI Халықтық ойындары өткізілді. Ойындар спорттың 22 түрі бойынша болып өтті, соның ішінде спорттың жаңа түрі- воркаутта бар. Облыстық Халықтық ойындары екі жылда бір өткізіліп, жарыс қорытындысы бойынша облыстың мықты командалары анықталатынын атап өткен жөн.
Сапалы іріктеу ойындары және жоспарлы жұмыстың арқасында біздің команда 257 ұпай еншілеп, екінші орынды иеленді.
Ерте заманнан дамып, бізге дейін жеткен ат спортының ұлттық түрі Қазақстан мәдениетінің маңызды бөлігі екендігі бәріңізге белгілі. Ұлан ауданында ұлттық ат спортының түрлері, атап айтсақ, көкпар, бәйге және аударыспақ серпінді дамуда.
Біздің ат спорты бойынша спортшыларымыз XXI Халықтық ойындарында спорттың көкпар және аударыспақ түрлері бойынша жоғары шеберлік көрсетті.
Әсіресе, аударыспақтан спортшылардың жетістіктерін атап өткенді жөн көремін. Халықтық ойындарына қатысушы барлық 5 спортшы жарыс жеңімпаздары атанды.
Ұлттық спорт түрлерімен қатар, ауданда, армрестлинг, футбол, хоккей, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ серпінді дамуда.
Үш жылда 3 Әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған Ерлан Уалиевтің оң нәтижелі жұмысын жасады. Олар 2014 жылы – Алина Белан, 2015, 2016, 2018 жылдары - Ораз Басаров, 2017, 2018 жылы – Деши Дурсаева. Барлық аталған чемпиондар Привольное мектебінің оқушылары. Ағымдағы жылы осы спорт түрінен спортшыларымыз келесідей жетістіктерге жетті:
1. Жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты, Талдықорған қаласы, 10-14 наурызда, Ораз Басаров, Дурсаева Деши, Грекова Татьяна- 1 орынды иеленсе, Скрипченко Кристина- 3 орынға тұрақтады.
2. Азия Чемпионаты Бурабайда, 17-21 сәуірінде Ораз Басаров, Дурсаева Деши, Грекова Татьяна 1 орынды иеленіп жеңіс тұғырына көтерілді.
3. «Сибирьский медведь» Халықаралық турнирі Омск қаласы, 13-14 сәуірінде: Ораз Басаров- 1орын, Грекова Татьяна және Мурат Думан- 3орын.
4. Әйелдер және ерлер арасындағы Қазақстан Чемпионаты, Алматы қаласы 9-11 мамырында Ораз Басаров кезекті жеңісіне жетіп «Жылдың үздік спортшысы» номинациясын ұтып алды, Дурсаева Деши- 2орын, Өмірзақ Айгерім- 3орынға табан тіреді.
Жоғарыда аталған спортшылардың барлығы бірнеше дүркін Республика Чемпиондары.
2018 жылдың 12-21 қазан күндері Түркияның Анталья қаласында ерлер мен әйелдер, жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қол күресінен 40-шы әлем чемпионаты және және 21-ші Парачемпионат өтуде. Жарысқа 50 елден 1206 адам қатысуда.
Ұлан ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 21 жасқа дейінгі жастар арасында Басаров Ораз және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Дурсаева Деши әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Басаров Ораз 3-дүркін, Дурсаева Деши екі дүркін әлем чемпионы атанды.
«Ұлан –Багратион» командасындағы біздің хоккейшілер, Привольное және Таврия орта мектептернің оқушылары, облыстық «Жұлдызша» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпаздары. Олар Қазақстан Республикасының Чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғады.
Футбол бойынша «Ұлан» футбол командасы келесі нәтижелерге қол жеткізді:
1. 2018 жылдың 21 мамырында Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы оқушылары арасында қыздар командалары бойынша футболдан IX жазғы Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Спартакиада қорытындысы бойынша Облысымыздың құрама командасы жалпыкомандалық есепте II орынды жеңіп алды. Құрама командалар Өскемен, Семей қалалары және Ұлан ауданы спортшыларынан іріктеп алынды.
2. 17 сәуірде Өскемен қаласында, «Алтай» стадионында Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне шағын футболдан қыздар арасындағы ашық біріншілігі болып өтті. Ересек топтағы қыздарымыз 1орынды иеленсе, кіші топтағы қыздар 3орынды жеңіп алды. Турнирдің үздік қақпашысы- Буракова Яна болып мойындалса, үздік шабуылшы кіші топтан- Асыгатова Адема болып мойындалды.
3. Сәуірде Өскеменде футзалдан қыздар арасында ШҚО чемпионатының 2 туры аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда күміс жүлдеге ие болды.   
Сондай-ақ, Ұлан ауданында волейбол серпінді дамуда. Атап айтсақ,  Алмасай, Айыртау ауылдық округтері мен Асубұлақ кентінің спортшылары волейбол бойынша облыстық қысқы Чемпионатта бірінші орын алды. 22-26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Чемпионатында облыс құрамында ойнаған біздің қыздар жүлделі 1орынға қол жеткізді.
Біздің балуандар да есеп беру мерзімінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. 2018 жылдың ақпанында Қарағанды қаласында Қазақстан Чемпионатында еркін күрес және қыздар күресінде біздің жерлестеріміз жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды: Далелханов Жандос– 3 орынға, Жунусов Алмаз 1 орынға ие болып Қазақстан Чемпионы атанды.     
Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық спорт түрлерін дамытуға да жағдайлар жасалған. Мүгедектер қоғамы негізінде ауданда құрамы 30 адамға жеткен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған клуб қызмет көрсетуде. Бұл санаттағы спортшылар жыл сайын белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуде. Сабитов Жалында Жұмаханұлы басқарып отырған «Ұлан ауданының ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жұмысының арқасында 2018 жыл біздің мүмкіндігі шектеулі спортшыларымыз үшін жемісті жыл болды.
СПОДА және көзі нашар көретін мүмкіндігі шектулі жандар арасындағы облыс Чемпионатында біздің спортшылар жүлделі орындарды жеңіп алды. Тоқтала кетсек, шахматтан: Килыбаева Гульжан, Бегалиев Қызырбек- 1орын, Касенов Сайран- 2орын, Хуат Еркінбек- 3орын.
16- 22 наурызда өткен армрестлингтен Республика Чемпионатында Есхожин Тлек- 1орын, Таникенов Алимұқан- 2орынды иеленді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында армрестлингті дамыту және насихаттау мақсатында 16-21 сәуірде Ақмола облысы, Шучинск қаласында, «Жақсы» спорткешенінде армрестлингтен 17-ші Азия Чемпионаты болып өтті. Аталған шараға біздің ауданнан Есхожин Тлек Қазақстан командасы құрамында қатысты. Ол 1орынды жеңіп алып, Азия Чемпионы атанды.       
Құрметті қатысушылар, осы жетістіктердің бәрі аудан әкімшілігі тарапынан қажетті ықылас пен қаржыландыру болмаса мүмкін болмас еді.    
Бүгінгі күні барлық спорт залдары мен ғимараттары спортпен шұғылдану үшін күндізгі және кешкі уақытта ашық тұрады, демалыс күндері жалпы тұрғындардың кіруі қамтамасыз етілген. Үстел теннисі, волейбол және футбол секілді спорт түрлері үлкен сұранысқа ие. Мүмкіндікті пайдаланып, округ және кент әкімдіктерінің аталған спорт секцияларының болашақта құрылуына және дамуына ықпал жасап көмек көрсетуін сұраймын.
Сондай-ақ, ауданда 2500-ден астам спортшылар қатысатын ардагер спортшылар арасында, әскер жасындағы және әскер жасына дейінгі жастар арысында, мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиадалар өтеді.
Жыл сайын «Шаңғышылар жарысы», «Қысқы балық аулау», «Президенттік миля» секілді 1500-ден астам аса адамды қамтитын бұқаралық жарыстар, қатысушылар жасы 7-ден 60 жасқа дейінгі, жалпы қамтуы 5 мыңнан аса адамды құрайтын «Президенттік тесттер» аясында денсаулық фестивалі ауданның барлық елді мекендерінде өткізіледі.

Спорт

Спорт

Мұрағат

  2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат *.doc 337KB
  2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат *.doc 258 KB

 

Парақтар өзгертілді: 22-10-2018
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018