• RU
  • KZ
  • EN

Төтенше жағдайлар

2018 жылдың 1 тоқсандағы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар сұрақтары бойынша атқарылған іс-шаралар

Мәліметтер бойынша 2018 жылдын 1 тоқсанда Ұлан ауданының аумағында (20 наурыздағы калпы бойынша) төтенше жағдайлардың 27 фактісі тіркелді (2017 жылдың сол кезінде ТЖ оқиғалары – 9) олардан:
Тұрмыстық өрттер 17, тұрмыстағы қайғылы оқиға 1, метеорологиялық құбылыстар 9.
Тіркелген өрттер саны 17, 2017 жылдың осы кезімен салыстырғанда (9) 47% өсуі байқалады. Өрттерде мерт болғандар 2 адам, (2017 жылы  жоқ) екі есе көбейуі, тікелей материалдық зияны 2917000 тг. (2017 жылы 600000 тг) екі есе азаиуі байқалады.
2900000 тг. соммасына мүліктік құндылықтар құтқарылған, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (17600000 тг) алты есе азайуі байқалады. Апаттық құтқару жұмыстарына (ары қарай АҚЖ) 9 шығу, (2017 жылы – 8), СНУП –ға шығулар саны – 5, 2017 жылдың осы кезімен салыстырғанда (3) 40 % -өсуі байқалады.

2017-2018 жылдардың қысқы мерзімі аралығанда ТЖ алдын алу
мақсатында жылутарату объектілерінің аппатсыз жұмыс істеуіне бақылау жүргізілді.
Автокөлік жолдарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және уақтылы шешім қабылдау мақсатында «2017-2018 жылдарға Ұлан ауданының жолдарында қолайсыз немесе төтенше жағдайлар пайда болған кездегі Ұлан ауданының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің, аудандық ІІБ бөлімшелері жеке құрамының және жол ұйымдарының әрекет жоспары» құрылып бекітілді. Әкімшілік полиция мен қызмет көрсететін жол ұйымдарына негізгі автокөлік жолдарының жауапты аумақтары бекітілді.
Жол ұйымдарымен Республикалық, облыстық және жергілікті дәрежедегі жолдар мен көпірлердің ұсталуына бақылау жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес жолдардағы ауа райнының қолайсыз жағдайларындағы көліктің үзіліссіз және қауіпсіз қозғалысын уақтылы қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсандығында Ұлан ауданының ТЖ бөлімі мен ӨС бөлімдерінің бөлімшелерімен  жолдардағы қыс мерзімінде орын алған қиын жағдайларды жоюға бақылау жүргізілді. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсандығы ішінде жолдарда көмек көрсету бойынша 5 хабарлама келіп түсті, оның ішінде 1-на Өрт сөндіру бөлімдерінің техникасымен, қалған оқиғаларды жергілікті әкімшіліктердің күшімен көмек көрсетілді, Ұлан ауданының жолдарында ШӨАЖҚЖ күшімен 9 адамды көшіру құтқару жұмыстары жасалды.
Осыған қоса «Крещение Господня» кезіндегі суға шомылу кезінде төтенше жағдайлардын алдын алу жұмыстары және қысқы балық аулау орындарында жұмасайындық рейдтер өткізілуде.
Жергілікті атқарушы билік органдарына 46 ақпарат, сондай ақ  нысандардың  басшыларына «Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою туралы»  ұсыныстар жолданды.

Су тасқыны оқиғаларын болжау және алдын алу әрекеттері мақсатында
2018 жылғы 13 ақпанынан № 60 «2018 жылғы су тасқынына қарсы жұмыстар жоспары» Жарлығымен құрылып бекітілді.

  1. 2018 жылдың 13 ақпанында Ұлан ауданы әкімінің аппаратының үлкен залында аппаратық жиналыс өткізіліп, онда Ұлан ауданының ТЖБ бастығымен 2018 жылғы су тасқыны мерзіміне және Ұлан ауданының аумағында орналасқан ГТҚ жағдайы туралы ақпарат берілді және де Ұлан ауданың әкімімен су тасқыны мерзіміне қарсы әрекеттерді орындауға бір қатар тапсырыстар жасалды. Материалдар Ұлан ауданының әкімі сайтында жарияланды.
  2. 12 жиын өткізілді 650 адам қамтылды
  3. 4512 адам қамтылып 1943 тұрғын үйлердің аула аралау өткізілді.
  4. 2018 жылдың 28 ақпанында Төлеген-Тохтаров ауылдық округі Герасимовка ауылында барлық ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен – құтқару бөлімдерінің келуіне дейінгі бірінші жедел көмек көрсеті тақырыбына  оқу-жаттығулар өткізілді.
  5. 2018 жылдың ақпан айында Ұлан ауданының әкімінің өкімімен 3 жұмыс тобы кұрылып, «2018 жылғы су тасқынына қарсы жұмыстар жоспарының» орындалуына дайындығы тексерілді. Тексеру қортындыларымен Ұлан ауданының әкімі құлақтандырылды.

Тұрғын секторында өрт қаупін ескерту мақсатында тұрғын үйлері аула мен пәтерлерді аралаулар жүргізіліп тұрғындарға өрт қауіпсіздіге ережелері түсіндіріліп 1943 үгіт насихат түбіртегтері таратылып 4512 адам қамтылды және 165 тұрғын саны қамтылып 6 жиын өткізілді, электр желілірінің, әкімдіктердің және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлескен 5 рейд жасалды, Адамдардың жиналу орындарында 10 плакаты мен естеліктер бұрышы орнатылып ілінді. Тұрмыс жағдайы нашар 2 отбасының үйінде көміртегі тотығы датчик сигнализаторлары орнатылды.
Халықты табиғи және техногенді ТЖ қауіпінен қорғау, ескерту мақсатында Ұлан ауданы ТЖ бөлімімен БАҚ-да барлығы 40 ақпарат жарияланды, оның ішінде 27 «Ұлан ТВ» және ИП «Султан» аудандық кабельді телеарналарында, 13 материал жергілікті «Ұлан таңы» газет басылымында, 11 материал Ұлан ауданы әкімінің сайтында және 10 материал ШҚО ТЖД сайтында жарияланды. ТЖ қаупі пайда болғандағы қауіпсіздік ережелері бойынша халықты хабарландыру мақсатында, аудан әкімшілігінен бөлінген қаржыға күнтізбелер мен ескертпе брошюралары құрылып таратылды, барлығы 400 дана.
Мезгілдік қауіпсіздік тақырыбында қабырғалық А-2 форматындағы және үстел күнтізбелер 400 дана, жасалды.
Барлық мектептерде ТЖ Бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен жүйелі түрде ӨҚҚ сабақтары жүргізіледі. Орта мектеп оқушыларымен үнемі өрт қауіпсіздігі ережелері мен өрт кезіндегі іс-әрекеттерге, бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерін, бірінші дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсете білуді зерттеу бойынша сабақтар өткізіледі. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күніне орай Ұлан ауданының бөлімшелерінде ашық есік күндері өткізілді. Мектеп оқушылары өрт сөндіру бөлімдерінің  бөлімшелеріне бару кезінде өрт сөндіруші мамандығының ерекшеліктерімен, және де өрт сөндіру техникасымен және өрт-техникалық қару-жарақпен танысты.
Сонымен қатар Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу мақсатында жыл басынан ауданның 22 мектебінде және Саратовка аулының ауыл шаруашылық колледжінде тақырыптық лекциялар мен видеороликтер көрсету арқылы үгіт жұмыстары жүргізілді.

 

 

  ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ұлан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2016 жылғы атқарылған жұмысы туралы есеп *doc 111 KB
Парақтар өзгертілді: 08-08-2018
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018