• RU
  • KZ
  • EN

Әлеуметтік бағдарламалар

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Елбасының тапсырмасына сәйкес нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарлама үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:
Бірінші. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімдік кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
Екінші. Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
Үшінші. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Өзін-өзі қамтитын азаматтар, жұмыссыздар және 60 мың теңгеден табысы төмен азаматтар Бағдарлама қатысушылары бола алады.
Бірінші бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларды сұранысқа ие мамандықтар бойынша азаматтардың өздігінен жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту және өз ісін ашу үшін жаппай оқыту болып табылады. Биылғы жылы бірінші бағытқа 9,045 млн теңге бөлінген.
Оқыту негізінде 2 механизм қарастырылған.
Бірінші.  Тегін техникалық және кәсіптік кадрларды даярлау, 15 - 24 жасқа дейін  жастарға бірінші жұмысшы мамандықты алуға қарастырылған.Оқу мерзімі мамандыққа және оқу бағдарламасына байланысты 2,5 жылға дейін созылады.
Оқытуға жинақтау ҰБТ тапсырмаған, оқу орындарына түспей қалған және қолайсыз отбасылар тұлғаларынан құралады.
Екінші. Дуалдық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға 6 ай оқыту мерзімімен қарастырылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту өткенде ай сайын шәкіртақы (16759 теңге), екі жаққа жүру жолы (4 АКМ), тұру үшін (5 АКМ) мөлшерінде төленеді.
Екінші бағыттың  міндеті өз ісін ашуға несиенің қол жетімді болуы және қосымша жұмыс орындарын ашу. Несиелер:
-микробизнесті ашу;
-микро кәсіпті құру;
-бизнесті кеңейту;
-ауыл шаруашылық кооперативті құру үшін беріледі.
Несиенің мөлшері бұрынғы 5 млн.теңге орнына 18 млн.теңгеге дейін көбейтілді. Несиелер 5 жылға дейін беріледі, ауыл шаруашылық кооперативке және мал шаруашылығына арналған жобаларға 7 жылға дейін. Заемшы үшін сыйақы мөлшері -6 % құрайды.
Кепілдікті қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда, несие бойынша кепілдік қарастырылуы мүмкін. Жаңадан бастаған кәсіпкерге  қаржылық кепілдік институтының несие сомасынан 85  % құрайтын болады, қолданыстағы кәсіпкерге 50 %. Бағдарламада қатысушыларға несие алғанға дейін салық мекемелерінде міндеті түрде тіркелу қарастырылған.
Ауылдағы жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мүмкіндіктері қарастырылған.
«Бастау Бизнес» бойынша оқу үшін аудандық кәсіпкерлік палатысының филиалына, ауылдық округ әкімшіліктеріне және халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіреді. Бағдарламаның  негізінде ауылда микрокредиттер  «АШҚҚҚ» АҚ несиелік ұйымдар, несиелік серіктестіктер және микроқаржылық мекемелер арқылы беріледі.  «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ оператор болып табылады.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іске асып жатқан шаралары негізінде  жастардың мекенжайы бойынша жұмысқа орналасуы, әйелдер және мүмкіндігі шектеулі азаматтар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы  бағдарламаның үшінші бағыт негізінде жалғастырылады. Бағдарлама аясында  қатысушыларды Үкіметпен белгіленген аймақтарға өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ұйымдастыру сақталады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы » негізінде өтелген механизм бойынша нысаналы топқа жататын азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жүргізіледі. (Әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар).
Жастар  практикасына  9 адамға 3,063 млн теңге қаражат бөлінді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 20 адамға 3,526 млн теңге , жергілікті бюджеттен қоғамдық жұмысқа 630 адамға 31,300 млн. теңге қаражат бөлінген.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру негізінде шығу өңірлері айқындалған: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары (кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы метрге 6,4 артық адамды құрайтын). Қоныстану өңірлері: Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары.
Көшушілерге мемлекеттік қолдау көшуіне өтеуге субсидиялар беруді қамтиды, 27,337 млн. теңге қаражат бөлінген. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге оралмандар мен қоныс аударушыларға 8,530 млн. теңге субсидия бөлінген.

 

«Өрлеу» жобасы

2014 жылдан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылды.

«Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы. Бағдарламаға қатысушыларға ақшалай көмектен өзге, мамандық игеріп, жұмысқа орналасуға көмектеседі.
«Өрлеу» бағдарламасына орташа табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда азық-түлік себетінің қүнынан төмен, құрамында еңбекке жарамды азаматтары бар, отбасылар қатыса алады.
Отініш беруші әлеуметтік келісімшартты және жеке жоспарды міндетті түрде орындау қажет. Алған қаражатты жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу) және жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдаланылуға тиіс.
2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылдың 28 қазандағы ҚР заңнамасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады.
Жаңа әлеуметтік көмек төменде көрсетілген жәрдемақыларды ауыстырады:
- 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
- көп балалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақы;
- атаулы әлеуметтік көмек;
Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмекке бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек
еңбекке қабілеті жоқ отбасы мүшелеріне ұсынылатын болады (мысалы, мүгедектер немесе қарттар, зейнеткерлер, немесе объективті себептер бойынша еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қатыса алмайтын отбасы мүшелері болып табылады, мысалы жалғыз басты ана және мектеп жасына дейінгі балалар.Мұндай отбасылар жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қатысу міндетті түрде талап етілмейді.
Жобаның мәні: атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж азаматтарға ғана және (бағалау негізінде, олардың нақты табыстарын, өмір сүру жағдайларын) объективті себептер бойынша еңбек ете алмайтын адамдары бар отбасылар үшін көрсетілетін болады. Мысалы, жалғыз басты ана және мектеп жасына дейінгі балалар.

Шартты ақшалай көмек
құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесінің, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын міндетті түрде жасасқан жағдайда, барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына (қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және кәсіптік оқыту) қатысқан отбасыларға берілетін болады.
Жобаға сәйкес, әлеуметтік көмек егер еңбекке жарамды отбасы мүшелері ұсынылған жұмыс орындарында еңбек етуге (шартты көмек) дайын отбасыларға мемлекет төлейтін болады. Осындай көмек ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының жартысынан астамы ала алатын болады.
Жұмыс істей алатын адамдарға әлеуметтік келісімшарттар жасалатын болады. Қол қоя отырып, азамат міндетті түрде жұмыс табуы керек. Бұл мәселеде оларға жұмыспен қамту орталықтары көмектесетін болады. Жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу жоғары әлеуметтік көмектің мөлшерлі алуға мүмкіндік береді. Бас тартқан жағдайда, еңбекке жарамды азаматтардың балалырына ғана атаулы өлеуметтік көмек төленетін болады.
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы 13 сәуір 2005 жылғы № 39 Заңына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек беру, қайырымдылық көмек, әлеуметтік және кәсіптік оңалту және басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдерді қамтиды.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға бейімдеу үшін техникалық қосалқы құралдар ұсынылады.
Осы мақсаттар үшін жеке оңалту бағдарламасы жазылады.
Жеке оңалту бағдарламасы медициналық, әлеуметтік оңалту шараларын сондай-ақ, қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.
Барлық іс-шаралар аурудың түріне байланысты медициналық көрсеткіштер бойынша ЖОБ көрсетіледі.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама алу үшін мүгедек Таврия ауылындағы Орталық аудандық ауруханаға бару қажет.
Бұдан әрі ЖОБ алу үшін мүгедек Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1.
мекен-жайы бойынша МӘСК жүгінеді.
Оңалту іс-шаралары мыналарды қамтиды: дәрі-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық, протездік-ортопедиялық көмек көрсету.
- көзі көрмейтін және нашар көретін мүгедектерге тифлоқұралдар беріледі;
- мүгедектердің толық немесе ішінара есту қабілетінің жоғалуына байланысты сурдотехникалық құралдар беріледі;
1 топтағы қозғалуға қиншылық туғызатын мүгедектер үшін кресло-арбалар беріледі.
Гигиеналық құралдар жөргектер, мочепремник және калоприемниктер
мұқтаж мүгедектер үшін беріледі.
Әлеуметтік оңалту бағдарламасына, сондай-ақ мыналар кіреді:
Мүгедектеге үйде әлеуметтік қызмет көрсету, соның ішінде мүгедек бөгде адамның көмегіне мұқтаж балаларға.
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етіледі.
Қолында жеке оңалту бағдарламасы бар мүгедек қызметті алу үшін Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінеді. Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 5-үй.

Парақтар өзгертілді: 07-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017