• RU
  • KZ
  • EN

Әлеуметтік қорғау / Егер сіз жұмысыңыздан айырылып қалсаңыз

Егер сіз жұмысыңыздан айырылып қалсаңыз

Егер сіз жұмысыңыздан айырылып қалсаңыз
Қазақстан Республикасының  «Халықты жұмыспен қамту» Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын, белгіленген тәртіппен жұмыссыздар деп таңылған адамдар жұмысынан айырылған жағдайда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.
Жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыссыздардың әлеуметтік төлем алуға құқығы олардыхалықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберген кезде сақталады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ұсынады.
Композиттік қызметті алу үшін Сізге Ұлан ауданының жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Тіркелу үшін мына құжаттар қажет:

1. Жеке бас куәлігі төлқұжат (тұпнұсқасы, көшірмесі);
2. Еңбек қызметін куәландыратын құжаттар (тұпнұсқасы, көшірмесі);
3. Есеп шот ашылған туралы хабарлама (тұпнұсқасы);
4. Мекенжай анықтамасы.

Анықтама алу үшін мына мекен жайға хабарласуға болады:

Қасым Қайсенов кенті, № 1үй, 121 кабинет.
Композиттік қызметті жұмыспен қамту орталығының маманы көрсетеді – Акылбаев Дархан Бекболатович.
Байланыс телефоны: 8-72-338- 28-123.

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР заңына сәйкес Ұлан ауданының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті арқылы жұмыссыздықтан мынадай әлеуметтік қорғау көрсетіледі:

- жұмысқа тұруға жәрдемдесу;
- кәсіптік даярлау, біліктілігін көтеру, қайта  даярлау және жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыр;
- қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылған еңбегін төлеу;
- жұмыссыздықты тежеу және тұрғындарды жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жастар іс-тәжірибесі;
Жұмыс іздеуді қабылдаған жұмыссыз азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеледі.

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу үшін мына құжаттар қажет:
- жеке бас куәлігі төлқұжат;
- еңбек қызметін куәландыратын құжаттар;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа шетелдіктің мекен ету түрі мен азаматтығы жоқ адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы белгісі бар куәлігін қоса береді. 

Сіздің міндеттеріңіз:

  1. лайықты жұмыс іздеуіне белсенді көмектесу;
  2. он кқ күн ағымында кімінде бір рет жұмыс іздеу жөнінде жұмыспен қамту қызметінде белгілену;
  3. жұмыспен қамту қызметінің жұмысқа орналасу түрлері және мүмкіншілік болғанда кәсіби оқыту жөнінде ұсыныстарын қабылдау.

Ұлан ауданы бойынша 2014 жылы 50 адам жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберуге жоспарланған, нақты 51адамжіберілді. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, шығынның орынын толтыруға барлығы  2014 жылғабекітілген жоспар бойынша 3745,0 мың теңгебөлінді немесе 2012 жылменсалыстырғанда 1008,0мың теңгеге үстем. Есеп беру күніне төлемдер 1740,0мың теңгені құрайды және жұмыссыздардың шығының орнын толтыру (жол, жатар орын, тамақ, медициналық куәландыру) 2005,0мың теңгені құрайды.

Анықтама алу үшін мына мекен жайға хабарласуға болады:
Молодежный кенті, 5 үй,
- кәсіби оқу, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша маман -Мухамеджанова Ардак Темиргалиевна;
- ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша – Асылбаева Айгуль Рахимбековна;
- бос жұмыс орнын бойынша –Мухамеджанова Ардак Темиргалиевна,
- жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша –Сергазина Гульнара Кенесовна;
байланыс телефоны: 8-72-338- 27-424, факс: 8-72-338-27480

Парақтар өзгертілді: 07-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017