• RU
  • KZ
  • EN

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

 

  «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы *doc 410 KB

 

2017 жылғы I жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін азқамтылған отбасыларына әлеуметтік қолдау ретінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 2017 жылы 151099,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2017 жылдың 1 шілдесіне31839,0 мың  теңге әлеуметтік көмек төленді, немесе 21,1 % құрайды.

Ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс ұйымдастыру

Ұлан ауданында зейнеткерлер саны – 5992 адам, олардың ішінде:
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер - 4 адам, тыл ардагерлері - 641 адам, оның ішінде соғыс жылдары медальдармен марапатталған адамдар саны - 11, мүгедектер  – 1347 адам, мүгедек балалар - 113.
2017 жылы мүгедектерге 20 кресло-арбаша, 9 тифло құралдар, 21 сурдоқұралдар,67 мүгедекке 42639 памперс, 12 мүгедекке 3763 дана калоприемник, 4 мүгедекке 1095 дана мочеприемник таратылып берілді. Барлық сома - 6771 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 4211,0 жергілікті бюджеттен - 2560,0 мың теңге.
«Уба» және «Усть Таловка» санаториясына санаториялық-курорттық емделуге дем алуға 91 зейнеткер жіберілді
Әлеуметтік қорғау бөлімінде үйде қызмет көрсететін бөлім жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкерлердің қарамағында 272 адам бар, оның ішінде 200 жалғыз басты зейнеткерлерге, 48 мүгедек және 24 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетіледі.
Бүгінгі күні штатқа сай 47,5 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудандық бюджеттен азаматтардың жекелеген топтарына 1065 адамға 25308,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде:
- 9- мамыр Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне облыстық бюджеттен 500,0 мың теңгеден барлығы 2500,0 мың теңге;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жергілікті бюджеттен 100,0 мың теңгеден барлығы 500,0 мың теңге;
- мереке күніне 45 ауған соғысы ардагерлеріне65,0 мың теңгеден 2925,0 мың теңге;
- 8-Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге 60,0 мың теңгеден 480,0 мың теңге;
- 10-соғыс жылдары медальдармен марапатталған тыл ардагерлеріне 15,0 мың теңгеден барлығы 150,0 мың теңге;
- 16 Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтарға 65,0 мың теңгеден барлығы 1040,0 мың теңгеге, 13 апатқа қатысқандарға5,0 мың теңге көлемінде, жалпы сомасы 65,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.
- ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің 2 отбасына 120,0 мың теңге материалдық көмек төленді;
- Чернобыль АЭС-індегі апаттың және басқа радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедек болып қалған, немесе әскери мақсаттағы ядролық қаруды сынаған, 71 адамға 24,0 мың теңгеден барлығы 1704,0 мың теңге;
Облыстық бюджеттен – «Күміс –Алқа», «Алтын-Алқа», «Материнская Слава» 1 және 2 дәрежелерімен марапатталған аналарға,  сонымен қатар 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған көп балалы аналарға 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне материалдық көмек барлығы 8930,0 мың теңге төленді.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының v шақырылған сессиясының 2014 жылғы қазандағы № 21/276-v шешімімен «Отбасын әлеуметтік және демографиялық дамытудың 2014-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Кешенді жоспар шеңберінде төртінші балаға босанған 17 аналарға біржолғы жәрдемақы 50,0 мың теңгеден 850,0 мың теңге төленді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2012 жылы 05 желтоқсандағы № 300 «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек туралы» қаулысына сәйкес, 2017 жылдың басынан 8 студентке оқуларын төлеуге, жатақханада тұру үшін және стипендияға 3728,70 мың теңге төленді.
Жергілікті бюджеттен аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша ай сайын туберкулез ауруымен ауыратын 23 азаматқа 12190 теңгеден 1522,7 мың теңге.
Аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша 13 азқамтылған отбасыларға 792,6 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.
2017 жылы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 29 комиссия мәжілісі өткізілді. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 52азаматтың сұранысы тіркелді. Солардың ішінен МЗТО-на 52 азаматтың іс макеті тапсырылды.
Аудан бойынша паспорттауға және бейімдеуге жататын әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілер саны- 133. 2017 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің саны мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген 104 объектініқұрайды.

Әлеуметтік көмек

Азқамтылған азаматтар саны 2017 жылдың 1 шілде айына 1350 адамды құрады.
2017 жылдың 1 шілде айына атаулы әлеуметтік көмек 13 отбасына (25 алушы) 889,0 мың теңге көлемінде төленді.
Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 41,6 % төмендеді. (2016 жылдың 2 тоқсанына 60 алушы).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан жұмысқа жарамды халықтың салыстырмалы салмағы 2017 жылы16% құрады.
18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 811 балаларға тағайындалып,10066,0 мың теңге көлемінде төленді.
2017 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы саны былтырғы жылмен салыстырғанда 20% төмендеді. (01.07.2017 жылы балаларға төленетін жәрдемақы 1011балаға тағайындалды).
Биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан жұмысқа жарамды кірістері аз азаматтарды жұмыспен белсенді«Өрлеу» жобасына қатыстырумен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайды.
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша шартты ақшалай көмекті 63 отбасына (264 алушы) 8500,0 мың теңге тағайындалып төленді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 5300,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 3200,0 мың теңге төленді.
2017 жылдың аралығында «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 63 отбасының (264 алушы) 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақыны алушылардан 196 алушы, бірінші рет 63 алушы, АӘК-5 адам.
Жұмысқа қабілетті жастағы 75 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысты. Оның ішінде 3 адам тұрақты жұмысқа, 57 адам қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам,кәсіптік оқыту және қайта даярлауға-1 адам.
Тұрғын үй көмегі 136 отбасына тағайындалып, 2700,0 мың теңге көлемінде төленді.

Жұмыспен қамту

2017 жылдың 1шілдегехалықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар саны 249 адам, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,1 пайыз.
Жұмысқа орналастыру деңгейі 69,1 пайызды құрайды.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша:
- 568 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланды, нақты 527 адам жұмыспен қамтылды, яғни 92,8 пайыз. Оның ішінде жұмыссыздар 321 адам.
- 625 жаңа жұмыс орнын ашу қаралған, нақты 487 жаңа жұмыс орындары құрылды;
- ақылы қоғамдық жұмыстарға нақты 375 адам жіберілді, яғни 59,5 пайыз. Игерілген қаржы 16790,5 мың теңге. Оның ішінде 239 адам тұрақты жұмысқа орналасты;
- кәсіптік оқыту және қайта даярлауға нақты 17 адам  жіберілді. Жоспарланған қаржы 4249,0 мың теңге; нақты 6 адам жіберілді, игерілген қаржы 382,0 мың.теңге;
- «Жастар іс-тәжірибесін өткізу»бағдарламасы бойынша 11 адамға 3744,0 мың теңге жоспарланды, мамандықтарына сәйкес жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарт негізінде жұмысқа 7 түлектерді жіберіліп, (63,0 пайыз) 908,0 мың теңге көлемінде қаржы төленді.
- әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасына 15 адам жоспарланып, нақты 15 адам жіберілді, 1159,0 мың теңге төленді.

2017 жылдың 1 шілдеге аудан бойынша Кешенді жоспар 61,0 пайызға, 973 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 756 жұмыссыздар, нәтижесіз жеке негізде 169 адам, аз қамтылған отбасылар 80 адам, мүгедектер 14 адам, 29 жасқа дейінгі жастар 233 адамға орындалды.                
2017 жылдың 1 шілдегеҰлан ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында№1, № 2, пробация қызметінің есебінде тұрған11 адам өтініш білдірді.

- 4 адам жұмысқа орналасты;
- 2 адам  қоғамдық жұмысқа қатысты;
- 2 адам қысқа мерзімдік курсқа «Ветеринарлық санитар», «Электрик» мамандықтары бойынша  жіберілді.

2017 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыз ретінде 4 адам тіркелді, оның ішінде 2 адам қоғамдық жұмысқа  жіберілді. 2 адам жұмыс іздеп жүрген тұлғалар  жұмыссыз ретінде тіркелген кезде 1 адам қысқа мерзімдік курсқа, 1 адам қоғамдық жұмысқа жіберіледі.
Жыл басынанхалықтыжұмыспен қамту орталығына 15 оралман өтініш білдірген, 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 5 адам жұмысқа орналасты.
Халықты жұмыспен қамту орталығына 18 мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар жұмыссыздық ретінде тіркелу үшін өтініш білдірді. Оның ішінде:11 адам қоғамдық жұмысқа қатысты, 3 адам қысқа мерзімдік курсқа жіберілді.

 

  2017 ж. *.doc 46 KB
  2016 ж. *.doc 58 KB
  2015 ж. *.doc 51 KB
  2014 ж. *.doc 67 KB
Парақтар өзгертілді: 12-07-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017