• RU
  • KZ
  • EN

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Сұрақ - Жауап

01.02.2017 «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы- «Халыққа қызмет орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөліміне Ұлан  тұрғыны сауалы: «ХҚКО-да жеке кәсіпкерді тіркеуге бола ма?»
   

Бұл сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Ұлан Аудандық департаменті бөлімнің басшысы Аслан Оралович былай жауап береді:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» фронт-офистарында Мемлекеттік кірістер комитетінің жергілікті органдары арқылы көрсететілетін, «Жеке кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызметіне құжаттарын ұсыну қажет. Қажетті құжаттар: берілген үлгі бойынша салықтық өтініш және жеке басын растайтын құжаты.
Қызметтің орындалу мерзімі – бір жұмыс күні.
Сонымен қатар, электронды санды қолтаңба болған жағдайда аталған қызметті Электронды үкімет порталы арқылы да алуға болады.

     
01.09.2016 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Ұлан аудандық бөліміне аудан тұрғындарынан осындай сұрақ келіп түсті: «ХҚКО арқылы техникалық паспорт алуға болама? Ол үшін қандай құжаттар керек?»
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Ұлан аудандық бөлімі басшысының м.а. Меруерт Амангельдиновна жауап береді:
- Иа, ХҚКО арқылы техникалық паспортты алуға болады. Ол үшін төмендегі құжаттарды ХҚКО ұсыну қажет: 1) қызмет алушының тұлғасын және қызмет алушы уәкіліні тұлғасын куәландыратын өтінім құжаты; 2) қызмет алушы уәкілінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат, бар болған жағдайда қосымшасымен техникалық паспорты және оның жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты; Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мүлік объектісіне байланысты: жатақханадағы бөлмеге, пәтерге техникалық паспорт 3 жұмыс күнінде беріледі; жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт 5 жұмыс күн ішінде; басқа да жалпы ауданы 1000 кв.м. – ге дейін объектілерге техникалық паспорт 7 жұмыс күн ішінде, жалпы ауданы 1000 кв.м.-ден асатын объектілерге техникалық паспорт 10 жұмыс күн ішінде дайындалау

«Азамматарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөлімі
     
23.08.2016 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Ұлан аудандық бөліміне кеңес алу үшін аудан тұрғыны Ирина Иванова осындай сұрақпен келіп жүгінді: «Менің күйеуім қайтыс болды, мен жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды рәсімдеуіме бола ма? Ол үшін қандай құжаттар керек және осының бәрін ХҚКО рәсімдеуге бола ма?
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Ұлан аудандық бөлімі басшысының м.а. Меруерт Амангельдықызы жауап береді:
- Қаржылық көмек төлемін ХҚКО арқылы рәсімдеуге болады. Ол үшін Сізге ХҚКО келесі құжаттарды әкелуіңіз керек:
1) жерлеген тұлғаны куәландыратын құжат немесе мемлекеттік тіркеу туралы заңды тұлғаның анықтамасын, жеке кәсіпкер екендігін растайтын патент құжаттарын;
2) қайтыс болғандығы туралы анықтама немесе басқа мемлекеттің қуәкілетті органымен берілген және апосительмен расталған қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
3) Екінші дәрежелі банктердің банк шоттары туралы құжат;
Қызмет 3 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

«Азамматарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөлімі
     
19.07.2016 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөліміне аудан тұрғыны Ольга Скорых: «Мен кәмелеттік жасқа толмаған баланың асыраушысымын және оған жәрдемақы рәсімдейін деп едім, мен мұны ХҚКО-да тапсыра аламын ба, ол үшін қандай құжаттар қажет?» деген сұрақпен жүгінді.
     
    Сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы»  КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөлімінің басшысы Аслан Оралович жауап береді:
- Иә, Сіз аталған қызметті ХҚКО-дан ала аласыз. Ол үшін Сізге Орталыққа келіп өтініш жазу керек және келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Жеке бас куәлігі
  2. Жергілікті атқарушы органның асыраушыны тағайындау туралы шешімі
  3. Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі
  4. Баланың асыраушысының жоқтығын растайтын құжаттар түпнұсқасы және көшірмесі
  5. Асыраушының атына есептік шоттың ашылғандығы туралы шарт көшірмесі
  6. Балаға кірістер туралы деректер (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, баланың мүлігі кірісі туралы деректер).

Толықтай ақпаратты алу үшін З.Ахметова көшесі 5/1 мекенжайындағы ХҚКО-ға немесе 8-72-(338)-27-168 телефоны бойынша, немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы- Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Ұлан  аудандық бөлімі

     
19.07.2016 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөліміне аудан тұрғыны Жанар Куашпаева келесі сұрақпен келген: «Мен білім туралы дипломды РФ Томск қаласынан алдым. Жұмысқа тұру кезінде менен дипломның жарамдылығын растауды сұрады, осы қызметті мен ХҚКО-дан ала алам ба, және де оған қандай құжаттар қажет?»
     
    Сұраққа  «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы»  КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы -«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөлімінің басшысы Аслан Оралович жауап береді:
- «Білім туралы құжатты нострификациялау мен тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ХҚКО-дан алуға болады. Аталған қызмет ақылы түрде орындалады. Ол үшін Сізге білім туралы құжатыңызды, оқылған пәндер мен олар бойынша бағалар, сонымен қатар сағаттар саны көрсетілген қосымшасын қосып, көшірмесін жасатып, нотариуста оны растап, ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Сонымен қатар,  білім туралы құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару қажеттігін естеріңізге саламыз. ХҚКО-ға келіп, Сіздерге өтініш толтырып, қолдағы құжаттарды, баж салығының төленгендігі туралы түбіртек және оқу орнының аккредитациядан өткендігі туралы куәлігінің немесе лиценциясының көшірмесі, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, аталған оқу орнының мөрімен расталғанды тапсыру қажет. Егер Сізде аккредитациядан өткендігі туралы куәлігінің немесе лиценциясының көшірмесі болмаған жағдайда, сайт немесе оқу орны туралы басқа ақпарат көзінің сілтемесі бар сканерленген немесе электронды түрдегі ақпаратты ұсынсаңыз жеткілікті. 
Егер диплом алғаннан кейін, Сіз тегіңізді, атыңызды немесе әкеңіздің атыңызды ауыстырған болсаңыз, қосымша тегіңіздің, атыңыз немесе әкеңіздің атының өзгергендігін растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі жолдау қажет болады.
Егер құжаттарды тапсыру кезінде Сіз ҚР азаматы болмасаңыз, онда Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды растау қажет болады.
Толықтай ақпаратты алу үшін З Ахметова  көшесі 5/1 мекенжайындағы ХҚКО-ға немесе 8-72-(338)-27-168 телефоны бойынша, немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегің

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан  аудандық бөлімі

     
19.07.2016 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөліміне аудан тұрғыны, ер адам жүгінген. Ол ХҚКО арқылы пәтерін қайта жоспарлауға рұқсат алуға бола ма деген сұрақты қойды. Және де ол үшін қандай құжаттар қажет?
     
    Сұраққа аталған  жауап береді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық  бөлімінің басшысы Аслан Оралович.
- Әрине, болады. Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдайды, қызмет «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызметі деп аталады. Аталған қызметті алу үшін айтарлықтай талаптары бар, атап айтқанда – жүргізілген қайта жоспарлау салмақ түсетін конструкцияға тиіп кетпеуі керек. Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Аталған қызметті алу үшін Сізге келесі құжаттарды тапсыру керек:
1. Бекітілген үлгідегі өтініш
2. Жеке бас куәлігі
3. Объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;
4. Өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі 
5. Болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) 
Қызмет тегін көрсетіледі. Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет.
Естеріңізге саламыз, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы клиенттерді қабылдау кестесі дүйсенбіден сенбі аралығында 09.00-ден 20.00-ге дейін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан  аудандық бөлімі.

     
28.04.2016 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөліміне аудан тұрғыны А.К. Оразаева келесі сұрақпен жүгінді, «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтаманы ХҚКО-дан қалай алуға болады және ол үшін қандай құжаттар қажет?»
     
   

Сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөлімінің реттеу зал басшысы М.А.Калибекова жауап береді:

  • Аталған анықтаманы ХҚКО арқылы алу үшін Сізге келесі құжаттарды тапсыру қажет:
  • Өтініш
  • Жеке басын куәландыратын құжат
  • Егер бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса туу туралы куәлік.
Сонымен қатар, аталған қызмет ЭЦҚ-ның болуы жағдайында электронды үкімет порталында да қолжетімді. Айта кететін жайт қызмет 5 минуттың ішінде тегін көрсетіледі.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға),қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы деректердің жоқтығы жағдайында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді).

«Азаматтарға арналған ұкімет» МК» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы –
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөлімі

     
19.04.2016 Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөлімінің кеңес беру секторына аудан тұрғыны жүгінді.Нурлыбекова С келесі сұрақты қойған:«Мен бірінші рет ана атандым, енді жәрдемақы алуға құжаттар тапсыруым қажет. ХҚКО арқылы барлығын ресімдеу үшін қандай құжаттар керек?»
     
   

Сұраққа Департаменттің Ұлан аудандық бөлімінің басшысы Аслан Оралович жауап береді:
«Жәрдемақыны ХҚКО арқылы ресімдеуге болады. Ол 7 жұмыс күні ішінде ресімделеді. Сізге келесі құжаттарды тапсыруға қажет:
-көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
- көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;
- балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
- өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес балаға жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды ХҚКО арқылы, және де Электронды үкімет порталы арқылы да ресімдеуге болады.

«Азаматтарға арналған ұкімет» МК» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы –
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»  департаментінің  Ұлан аудандық бөлімі

     
14.04.2016 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөліміне «ХҚКО арқылы некеге тұру үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?» деген сұрақпен болашақ жас жұбайлар жүгінді.
     
   

Сұраққа реттеу зал басшысы Меруерт Амангельдиновна жауап береді.
- Иә, шынымен де, некеге тұруға ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы құжаттарды тапсыруға болады. Электронды өтініш беру үшін өтініш берушінің екеуі де бірінші рет некеге тұрулары керек және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені портал арқылы тіркеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ЭЦҚ –ның болуы шарт. «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініш беру кезінде «Отбасы» бөліміне, артынан «Отбасы жағдайы» бөлігіне, кейіннен «Некені тіркеуге электронды өтініш беруге» кіріп, «Онлайн қызметке тапсырыс» нүктесін басу керек. Операцияны жүзеге асыру үшін электронды өтінішті толтыру қажет, қызмет төлемін жүргізіп, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қою керек. Қызмет ақысын электронды үкімет порталы арқылы жүргізуге болады, ол үшін төлем картасы болуы керек. Осыдан кейін, Сізге өтініштің қабылданғаны, некені тіркеу күні мен орыны туралы хабарлама беріледі.
«Азаматтарға арналған ұкімет» МК» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлан аудандық бөлімі

     
05.04.2016 Ұлан ауданының аудандық газетіне оқырманнан сұрақ келіп түсті. Алимбаев Даулет: «Менде жеке қосалқы шаруашылық бар. Мен осыны қандай да бір анықтамамен растай аламын ба? Ол үшін қандай құжаттар қажет?»- деп сұрайды.
     
   

Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Ұлан аудандық бөлімінің басшысы  Аслан Оралович  жауап  береді.
- Иә, жеке қосалқы шаруашылық туралы ақпарат ХҚКО-да берілетін анықтамамен расталады. Аталған қызметті алу үшін жеке куәлік болуы керек. Аталған қызметті сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар да, демек, ауыл, село, селолық округтердің әкімімен де көрсетіледі. Егер Сізде электронды цифрлық қолтаңба болса, анықтаманы электронды үкімет порталымен де алу мүмкіндігі бар.

Уланский районный отдел филиала РГП «ЦОН» по ВКО

     
24.02.2016 Газет редакциясына оқырманнан тағы бір сұрақ келіп түсті. Ұлан ауданының тұрғыны жеке кәсіпкердің Халыққа қызмет көрсету орталығынан патент алуына мүмкіндік бар ма? - деп сұрайды.
     
    Сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Ұлан аудандық бөлімінің басшысы А.О.Абдрасулин жауап береді:
Иә, енді жеке кәсіпкерлерге патент үшін мемлекеттік кірістер Комитетіне барудың қажеті жоқ, оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
ХҚКО-да патентті тіркеу бір жұмыс күні ішінде орындалады, бірақ құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Патент алу үшін Сіздерге келесі құжаттарды тапсыру керек:
Өтініш берушінің ЖСН-ы
Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы
Патент үшін есептесу
Төлем құжаттарының нөмірі
Айта кететін жайт, аталған мемлекеттік қызмет тегін. Кезек күтіп отыруға уақыты жоқтар электронды порталда егер электронды цифрлық қолтаңбасы болмаса да, талонды брондауына мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызметті салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы.  
ХҚКО «РМК» ШҚО бойынша филиалының  Ұлан аудандық  бөлімі
     
11.02.2016

Ұлан аудандық ХҚКО-ның кеңес беру қызметіне жеке кәсіпкер А.Е.Калиева жүгінді. Оны ХҚКО арқылы алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия алуға бола ма? Ол үшін қандай құжаттарды тапсыру керек? – деген сұрақтар қызықтырды.

     
    Сұраққа бөлім басшысы Аслан Оралович жауап береді:
Сіз лицензияға құжаттары ХҚКО арқылы да, электронды лицензиялау сайты арқылы да тапсыра аласыз. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
Этил спирті өндірушісі бекіткен және әзірлеген, өндіріс паспортының көшірмесі;
арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;
Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге
сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлардың болуы;
стационарлық үй-жайдағы алкогольдік өнім өндіруді қамтамасыз ететін коммуникацияның (сумен жабдықтау, электр қуаты және кәрізбен қамтамасыз ету) болуы;
ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттары;
лицензиарға өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде
беруді қамтамасыз ететін алкоголь өнімінің өндірілу көлемін есепке алатын аспаптардың болуы (виноматериал мен көміртектің қостотығы қышқылынан басқа);
Алкоголь өнімін өндіруде сақтау, қабылдау мен жіберу үшін және алкоголь өнімін өндіруде қолданылатын этил спиртін сақтау, қабылдау мен беру үшін арналған қойма-арнайы стационарлық үй-жайдың болуы;
Алкоголь өнімін өндіруге шикізатты сақтауға, дайындауға
(өңдеуге), беруге арналған қойма;
Лицензиардың сұрауына санитарлы-эпидемиологиялық бақылау аясындағы атқарушы органның жауабы;
Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету
жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық
режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін
сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптардың болуы;
Электронды лицензиялау сайты арқылы өтініш беру үшін Сіздерге ЭЦҚ алу қажеттігін ескертеміз. Сайтқа тапсыру кезінде құжаттар электронды нысанда болу қажет.
ХҚКО «РМК» ШҚО бойынша филиалының  Ұлан аудандық  бөлімі
     
16.02.2016

ХҚКО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге қалай отыруға болады?

     
    «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Ұлан аудандық бөліміне аудан тұрғынынан ХҚКО арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге отырға бола ма деген сұрақ келіп түсті.
Сұраққа Ұлан аудандық бөлімінің басшысы Аслан Оралович жауап береді:


Иә, ХҚКО арқылы қосымша келісімге отыруға болады. Ол Conection point секторында ЭЦҚ-ның көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін порталдың «Азаматтар» бөліміндегі «Жылжымайтын мүлік» тарауына өту керек, осыдан кейін «Тұрғын үй қатынастары» қосымшасынан Жалпы талаптарға қосылу мақсатында, соның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымдары бойынша өтемақы төлеу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасауды» таңдау керек. «Онлайн қызметке тапсырысты» басқаннан кейін қолданушы салымдардың тізімін алуға келісімді растайды, осыдан кейін келісімге отыру қажет салымдарды таңдайды, міндетті жолақтарды толтырады, қосымша келісім талаптарымен танысады және оған ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Электронды қосымша келісім қолданушының жеке кабинетіне түседі. Айта кететін жайт,  тұрғын үй құрылыс жинағының келісімнің қосымша келісімдеріне қол қою 8 ақпаннан басталды және 2016 жылғы 01 маусымға дейін созылады (2016 жылғы 31 мамыр қабылдаудың соңғы күні). 

     
03.02.2016

Аудандық газет редакциясына азаматтардан сұрақтар келіп түсіп жатады. Оқырманның тағы бір сауалы, ХҚКО арқылы сотқа талап арызын беруге болама? Егер болса, ол үшін не қажет?

     
    Жауапты «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Ұлан  аудандық бөлімінің басшысы Аслан  Оралович береді:
- Иә, 2015 жылғы 16 қаңтардан бастап «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында осындай қызмет бар. Азаматтар ХҚКО-да «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы электронды өтінімді, талап арызын, сонымен қатар сот актілерін қайта қарастыруға құжаттарды (аралық сот шешіміне шағымдану туралы өтініш, апелациялық шағым/жеке шағым, тексеру тәртібінде сот актілерін қайта қарау туралы қолдаухат, төрелік шешімін кері қайтару туралы қолдаухат, кассациялық шағым, жаңадан ашылған жағдайлар бойынша сот актілерін қайта қарастыру) ұсына алады. Назарларыңызды келесіге аударуды сұраймын, «Сот кабинетіне» кіру қосымша авторланусыз жүзеге асырылады. Ол үшін Электронды үкімет порталында авторланса болғаны. Егерде қандай да бір мәселелер туындап жатса, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Ұлан аудандық бөлімі қызметкерлеріне жүгінсеңіз болады. Олар ЭЦҚ алуға, тіркелуге, сканирлеуге және құжаттарды бекітуге, банк карточкаларынан төлемдерді жүргізуге көмек береді.

     
28.01.2016

Аудандық газет редакциясына оқырмандардан кезекті сұрақ келіп түсті: Халыққа қызмет көрсету орталығында медицина қызметіне лицензия алуға бола ма және қаншалықты жылдам?

     
    Сұраққа ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Ұлан аудандық бөлімінің басшысы А.О. Абдрасулин жауап береді:
- Иә, осындай қызметті біздің ХҚКО көрсетеді. Лицензияны 15 жұмыс күні ішінде алуға болады, қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні ішінде, лицензия телнұсқасын рәсімдеу – 2 жұмыс күні ішінде жасалады. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуге лицензиялық жинақ алынады. Лицензияны беруге - 10 АЕК; лицензияны қайта ресімдеуге – лицензия бергенде 10 % мөлшерлемеден, бірақ 4 АЕК аспайтын болу керек; лицензияның телқұжатын беру – лицензия бергенде 100 % мөлшерлемеде алынады. Төменде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізімі көрсетілген.
Медициналық қызметке лицензия алу үшін мынадай құжаттарды өткізу қажет: үлгі бойынша өтініш; жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжат; қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық жинақ төленгенін айқындайтын құжат; біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер үлгісі; ғимаратқа немесе бөлмеге меншік құқығын немесе жалға алғаны туралы немесе мемлекеттік мүлікті сенімді басқаруын айқындайтын құжат;  жоғары немесе орта арнаулы медициналық білімі туралы диплом; қайта даярлаудан өткені немесе білімін көтеру туралы куәлік; өтініш берген қызмет түріне сәйкес жұмысшының еңбек жолын айқындайтын құжат. 
Лицензияны қайта рәсімдеуде және (немесе) лицензияға қосымша: белгіленген үлгідегі өтініш, ЭҮТА арқылы төлемдерді қоспағанда лицензиялық жинақ төленгенін айқындайтын құжат. Лицензияны қайта рәсімдеу жағдайларына:  лицензияны қайта рәсімдеуге негіз болған, өзгертілгені туралы мәліметі бар құжаттардық көшірмелері және (немесе) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтері бар құжаттарды қоспағанда лицензияға қосымша.
Лицензия телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін: белгіленген үлгідегі өтініш, қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық жинақ төленгенін айқындайтын құжат.
Құжаттардың түпнұсқасын салыстыру үшін ұсынбаған жағдайда құжаттарды нотариалды куәландыру қажет.

ХҚКО «РМК» ШҚО  бойынша филиалының  Ұлан аудандық  бөлімі

Парақтар өзгертілді: 12-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017