• RU
  • KZ
  • EN

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

  Мобильді ХҚКО шығу кестесі  
  ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер  
  Сұрақ - жауап  

 

Мобильді ХҚКО дегеніміз не?

Мобильді ХҚКО - бұл, біріншіден, алыс шақырымда орналасқан ауылдық елді мекендерге баратын мамандар. Оның ішінде- екі маман, көші-қон полициясының қызметкері. Бұл команда «Ssang Yong Кайрон» маркалы жеңіл автокөлікпен екі жүз шақырымдай жерді төтеп береді. Мобильді ХҚКО жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және дайын болған құжаттарды беруді жүзеге асырады.

Маршрутты ШҚО бойынша ХҚКО РМК филиалы барлық ауылдық елді мекендер және аудандар әкімдерімен келісіліп құрады. Ол үшін ауылдық әкімдіктің қызметкерлері уй-уйді аралап шығып, ХҚКО-ның қандай қызметіне қай отбасы мұқтаж екенін анықтайды. Содан кейін ХҚКО-на өтінім жіберіліп, кейін сол арқылы жалпы кесте жасалады.

Мобильді ХҚКО-ның қажеттілігі үшін Ұлан ауданына бір автокөлік бөлінген, сонын көмегімен мемлекеттік қызметтер Багратион ауылдық округіне, Азова ауылдық округіне, Бозанбай ауылдық округіне, Асубұлақ кентіне және Огневка кентіне барып жетеді.

Мобильді ХҚКО құжаттарды қабылдауды ХҚКО ғимаратындағыдай бағыттарда жүргізеді, әсіресе: тіркеу жолы бойынша және азаматтарды тұрғылықты жер бойынша тіркелу есебінен шешу, халықты құжаттандыру; жылжымайтын мүлікті тіркеу бағыты бойынша, АХАТ бағыты бойынша/ естеріңізге салсақ, қайталама куәліктер мен анықтамалардан басқа қазіргі уақытта мобильді ХҚКО балалардың туу туралы алғашқы куәліктерін беру туралы, сот шешімі бойынша некені бұзу туралы құжаттарды қабылдауды және т.б. ХҚКО-мен көрсетілетін қызметтерді жүргізеді.


Мобилді ХҚКО халық игілігі үшін

Бүгінгі күні Халыққа қызмет көрсету орталығының тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде жоғары деңгейде жағдай жасалған.
ХҚКО қызметінің негізгі бағыттарының бірі -шалғай ауылдық округтарда орналасқан елдімекен тұрғындарына Мобильді ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін ұсыну.
Аудандық орталыққа жол жүруге байланысты шығындарды қысқарту және уақытты үнемдеу үшін, Мобильді ХҚКО ауылдық округтің әкімдерімен алдын ала келісілген кесте бойынша шалғай орналасқан елдімекендерге шығып, мемлекеттік қызмет түрлерін сұранысқа сай көрсетеді. Мобильді ХҚКО тек қана ауылдық округ тұрғындарын емес, сондай қала аумағында орналасқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай да бір ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметке қажеттілік туындаса, бірыңғай 1414 байланыс орталығына тұрғылықты мекенжай арқылы тапсырыс беруіне болады. Тапсырыс түскен соң орталық қызметкері тапсырыс берушінің мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО бөліміне нұсқаулыққа сай хабарлап, бөлім инспекторы жедел түрде аттанады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну шеңберінде электрондық сандық қолтаңбаны насихаттау мақсатында «Электронды Үкімет» порталы мүмкіндіктері туралы толықтай мағлұмат беру мақсатымен жадынамалық парақтар таратылып, кеңестер беріледі.
Бүгінгі күнге дейін аталмыш орталықтың қызметі аудан орталығынан шалғай жатқан бірқатар ауылдық округтерге барып, тұрғындардың құжатын түгендеуге көп әсерін тигізіп келеді. Мобилдік ХҚКО арқылы шалғайдағы ауыл аймақтарды аралап, өтініштерін қабылдап, тұрғындардың сұрақтарына толық кеңес беріп, құжаттарының дұрыстығын тексеріп, дайын болып келген құжаттарын үйлестіреді. Осылайша, алыс елдімекен тұрғындары, өздеріне қажетті анықтамаларды алу үшін аудан орталықтарына баруға кететін уақыты мен жол шығындарын үнемдейді.
Алдағы мақсатымыз - «Мобильдік ХҚКО» жұмысын әрі қарай дамытып, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетудің сапасын арттыру, сонымен қатар электрондық үкімет порталының жұмысын танымал ету және халыққа сапалы қызметтер ұсыну.

«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Ұлан аудандық бөлімі

Парақтар өзгертілді: 12-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017