• RU
  • KZ
  • EN

Мемлекеттік қызметтер

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – еліміздің дамуының маңызды көрсеткіші

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Бұл саладағы басты міндет мемлекеттік аппаратпен халық арасындағы біржақты-өктемділік әдісінен, тиімді және жедел мемлекеттік қызмет көрсетуге ауысу болып табылады.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету қоғамды заман талабына сай дамытуда маңызды рөль атқарады. Себебі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адам өмірінің айырылмас бір бөлігі болып табылады. Атап айтсақ, әр адам дүниеге келісімен оған көрсетілетін бірінші мемлекеттік қызмет – туу туралы куәлігі беріледі. Кейіннен біз мемлекеттік көрсетілетін қызметке жиі-жиі жүгінеміз: білім аламыз, ауруханаға барамыз, үй саламыз, кәсіп ашамыз, үйленеміз, бала өсіреміз, оларды мектепке апарамыз, жәрдемақы аламыз, жылжымайтын мүлікті тіркейміз және т.б. Осының бәрі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады. Жалпы біздің бүкіл өміріміз мемлекеттік қызмет алу арқылы мемлекетпен тұрақты қарым-қатыстан жасаудан құралған.
Дамыған елдерде мемлекеттік қызмет азамат пен мемлекет арасындағы әріптестік қарым-қатынастың барометрі ретінде қабылданады. Азаматтардың талаптарын толығымен қанағаттандыратын мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігінің және есеп берушілігінің айқын белгісі болып табылады.
Соңғы бірнеше жылда біздің елде де мемлекеттік қызмет көрсету саласында түбегейлі өзгерістер болды. Маңызды нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, қоғамды мемлекеттік басқаруға қатыстыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және оларды алу тәсілдері туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатаң талаптар қойылуда.
Санаулы жылдар бұрын біздің елдің азаматтары қандай да бір құжатты алу үшін көп уақытын, күш-қуатын жұмсап, бюрократиялық рәсімдеуден шыға алмайтын. Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көбісін компьютердің сілтемесін түрту арқылы алуға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін арнайы жағдайлар жасалуда – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, электрондық үкімет, азаматтарға қызмет көрсетудің бизнес-үрдісі қайта қаралған және бюрократиялық кедергілердің көбісі жойылған. Мысалы, бұрын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу үшін азаматтар өтініш жазу үшін бірнеше сағат кезекте тұрып, жауабын алу үшін бірнеше күн күтуі қажет болатын. Ал қазір жоғарыдағы қызметті электронды үкімет порталы арқылы 20 минут ішінде алуға болады.
Атап айтқанда, бұрынғы кеңес үкіметі құрамында болған мемлекеттер арасында Қазақстан «электрондық үкімет» веб-порталын бірінші болып қолданысқа енгізді. Мысалы, 2016 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына электрондық үкімет порталы және «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы 444 760 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» (халыққа қызмет көрсету орталығы) мемлекеттік корпорациясы арқылы 339 969 қызмет көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен азаматтардың құқықтары еш кемсітушіліксіз, мемлекеттік мекемелердің құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу жүргізу реті  айқын бекітілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеудің, бақылаудың және бағалаудың принциптері анықталған. Бұрын мемлекеттік мекемелер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы өздігінен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы жөнінде нормаларды енгізе алса, қазір дәл осындай бас тарту, екінші санатты рұқсатнамалық құжаттардан басқа, міндетті түрде Заңмен бекітілген болуы қажет.
Бүгінгі күні халық көптеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін әлі де әр түрлі анықтамалар мен құжаттарды өздігінен жинайды. Бірақ, азаматтар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты реттеу саласында елімізде жүргізіп отырған саясаты, қызмет алушының бір мемлекеттік мекемеде - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында немесе басқа «бір терезе» принципі арқылы жұмыс жасайтын кез келген мекемеде алуына негізделген. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін адам мемлекеттік мекемеге келеді, оған бизнестің бірнеше бағыты бойынша бизнес-жоспар ұсынылады. Айталық, ол көліктік жанармай құю саласы бойынша бизнес-жоспар таңдады десек, бизнес-жоспарда жанармай құю бекетінің салыну орны көрсетіліп тұрады, бизнес-жоспарға қосымша болып рұқсатнамалық құжаттары (кәсіпкерлік қызметке лицензия, экологиялық рұқсат және т.б.), архитекторлық-жоспарлау құжаттары мен инженерлік және коммуникациялық желілеріне қосу үшін техникалық шарттары бірге жүреді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың тағы бір тиімді құралы –мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді сыртқы бақылауды ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі және оның аймақтық Департаменттері жүргізеді, ішкі бақылауды тікелей мемлекеттік мекемелер өздері жүргізеді. Мемлекеттік мекемелер ішкі бақылау аясында «бақылау іс-шаралары» және «мониторинг» сынды іс-шаралар жүргізеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың талаптарын бұзып, рәсімдерін сақтамаған қызмет берушілер өз кезегінде заңнамамен бекітілген тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Дәлірек айтқанда, 2016 жылдың 6 сәуірінде «Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды, соған сәйкес ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде рұқсатнама берудің мерзімін немесе ретін бұзғаны үшін 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, қайталанған жағдайда 70 АЕК, салықтық тіркеуге қоюдан бас тартқаны немесе салықтық тіркеуге қою мерзімін бұзғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, қайталанған жағдайда 40 АЕК қарастырылған.
Сондықтан мемлекеттік қызмет алу кезінде құқықбұзу жағдайында (құжаттарды негізсіз қабылдамау, стандарт бойынша қарастырылмаған (артық) құжаттарды талап ету, жауапты кешіктіру, дәйексіз немесе толық емес ақпаратты беру) қызмет алушы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аймақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.
Әр азамат көрсетілетін мемлекеттік қызмет жайында біліп қана қоймай, нақты билік органдарымен көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызмет көрсетудің сапан талап ете алуы тиіс. Бұл мемлекеттік мекемелер жұмысындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің деңгейін төмендетуге зор мүмкіндік береді.

 

ШҚО бойынша мемлекеттік істер департаментінің басшысы,
әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т. Қ. Жұмағұлов

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі азаматтардың құқықтары

Күнделікті уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің не екенін түсінбей, біз кез келген мәселелер мен сұрақтардың (мысалы медициналық, білім беру, мүліктік, рұқсат беру т.б) шешімін іздеп мемлекеттік мекемелерге жиі жүгінеміз.
Қазақстан Республикасы аумағында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі Үкіметтің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген.
Әрбір азамат қызмет беруші көрсетуге міндетті қызметтерді біліп қана қоймай, оны мүмкіндігінше өз деңгейінде сапалы болуын да талап етуі қажет. Ол сыбайлас жемқорлықтың да көрінісін төмендетеді.
Сонда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде біздің кандай құқықтарымыз бар?

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқығы:

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға;
-стандартқа сәйкес сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін жақсартуға;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелеріне, көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру кезіндегі көрсетілетін қызмет берушінің міндеттері:

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Стандартқа қатаң сәйкестілікте беру;
-мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау;
-ақпаратты жүйелерде бар мәліметтерді Сізден оларды ұсынуды талап етпей алу (мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші деректер қорына қол жеткізе алатын жағдайда);
-мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат (талон) беру (стандартта көзделген жағдайда);
-Сіздің шағымыңызды қарастыру және оның нәтижесі туралы Сізге уақтылы хабарлау;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде Сіздің құқығыңыз бұзылған болса оны қалпына келтіру;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын бұзған, оның рәсімдерін сақтамаған көрсетілетін қызметтерді берушілерге тәртіптік және әкімшілік жауаптар қолданылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде құқықтарыңыз бұзылса (құжаттарды негізсіз қабылдамау, стандартта көрсетілмеген құжаттарды (артық) талап ету, жауап кешіктіріліп, толық және анық ақпарат ұсынбау), ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласуларыңызға  болады:
Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4, тел: 8 (7232) 765088, эл.пошта: usluga_vko@mail.ru

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаментінің
мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Е. Жалелов

 

Парақтар өзгертілді: 12-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017