• RU
  • KZ
  • EN

Әкімнің есебі

Ұлан ауданының әкімі Д. Батырбаевтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі және 2017 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері

Бюджет
Ұлан ауданының 2016 жылға бекітілген бюджеті  4363,0 млн. теңгені құрайды, жыл көлеміндегі өзгерістер есебімен түзетілген бюджет 6 780,4 млн. теңге, оның ішінде өзіндік кіріс 1 382,5 млн. теңге, бұл жалпы түсімнің  20,3 % құрайды, трансферттер мен жәрдемқаржы 4 167,9 млн. теңге, 2016 жылдың 1 қаңтарына  еркін қалдықтар 354,1 млн. теңге.
2017 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің кірісіне 1025,3 млн. тенге өзіндік кіріс түсті.

Әлеуметтік –экономикалық даму

2016 жылдың 11 айына өндірістік кәсіпорындарымен 16029,6 млн. теңгенің өнімдері өндірілді, нақты көлемнің көрсеткіші (бұдан әрі-НКК) 94,4%-ды құрады, оның ішінде өңдеу өндірісі 14355,4 млн. теңгенің,  НКК– 92,5%, тау кен қазу өндірісі – 24,6 млн. теңгенің өнімдерін өндірді, НКК – 179,4%.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2015 жылға қарағанда 23% өсіммен 28309,6 млн. теңгені құрады, НКК – 111,5%.
Негізгі капиталға инвестицияның көлемі есеп беру мерзіміне өткен жылдың ұқсас мерзіміне 13,2% өсіммен 4396,9 млн. теңгені құрады,  НКК 107,4% құрайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,2% өсіммен 4372,4 млн. теңгені құрады.  НКК – 101,6%.
2015 жылға қарағанда 2,3 есе өсіммен 9341 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. 
Тіркеуден өткен шағын бизнес кәсіпорындарының саны өткен жылға қарағанда 6,3% өсіммен 187 бірлікті құрады, оның ішінде әрекеттегі кәсіпорындар – 135 бірлік (өсім 8%). Белсенді кәсіпорындар саны 14% өсіп, 98 бірлікті құрады.
Бөлшек тауар айналымы 2016 жылдың қаңтар-қараша айларына 18,8% өсіммен 5534,6 млн. теңгені құрады.
Орташа айлық еңбек табысы 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына аудан бойынша 97706 теңге, бұл 2015 жылдың сәйкес мерзімінен 14,6% артық.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік

Мал шаруашылығы.
2017 жылдың 1 қаңтарына ауданда 51,6 мың бас ірі қара бар, оның ішінде 22,5 мың бас сиыр, 96,4 мың бас қой мен ешкі, жылқы 22,2 мың бас, шошқа 7,4 мың бас және құстар 1625,4 мың бас.
Ірі қара 1,3 %, оның ішінде сиыр 1,7%, қой мен ешкі 0,2%, жылқы 11,0 %, шошқа  1,8% өсу беталысы байқалады
2017 жылдың 1 қаңтарына  өткен жылдың ұқсас мерзіміне 39 мың тонна немесе 110,0% ет, сүт – 57 мың тонна – 100,0%, жұмыртқа – 24,1 мың дана – 101% өндірілді.
Барлығы келесідегідей төл алынды: бұзау – 16889 бас немесе өткен жылмен салыстырғанда 98,9%, қозы мен лақ – 43224 бас – 101%, құлын – 6290 бас – 102,4%, торай – 4598 бас – 107,8%.
Ірі қара малды асыл тұқымдандыруға аудан бойынша жалпы 56 шаруашылықтағы 4356 бас сиыр және 208 асыл тұқымды бұқа қатысуда, бұл аудандағы барлық сиыр санының 19,7% құрайды. Қой шаруашылығын асыл тұқымдандыруға 15 қожалықтағы 12102 бас қой және 358 бас қошқар қатысуда, бұл аудандағы қой басының 22,7% құрайды.
Асыл тұқымды жануарлардың нақты үлесі келесідей: ірі қара мал – 15,2%, қой және ешкі – 9,3%, жылқы – 16,7%, ара – 45,6%, шошқа – 19,7% және маралдар – 100%.
Ауданда 6 мал бордақылау пункті, 13 бордақылау алаңы және құс бордақылау зауыты жұмыс істейді. Халықтан сүт жинайтын 8 пункт қызмет атқаруда.
2015 жылы ауданда 2 сүт тауарлу фермасы қолданысқа еңгізілді. 2016 жылы «Қайрат» ш/қ негізінде 400 басқа арналған  СТФ қайта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар «Багратион – 2» ш/қ негізінде 600 басқа арналған СТФ құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы тағы 4 СТФ ашу жоспарлануда.
2016 жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша «Рустам» ЖК жалпы құны 4,6 млн. тг. тұратын 24 бас бие сатып алды, «Есіл» ш/қ «Ұрыс» бағдарламасы бойынша жалпы соммасы 30 млн теңгеге қаржыландырылды.
2016 жылдың қортындысы бойынша Ұлан ауданы ауылшаруашылық саласын субсидиялауға: асыл тұқымды малды дамытуға-354,9 мың тг., мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыруға 1360 млн. тг. жұмсалды.
Сонымен қатар, ауылшаруашылық қожалықтары мен  тұрғындар есебін 834 бас ірі қара мал сатып алынды, соның ішінде 278 бұқа, 646 бас жылқы, 83 бас қошқар.

Өсімдік шаруашылығы.
2016 жылы егістік аумағы 126,1 мың га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4% жоғары. Олардың: данді-дақыл – 41,583 мың га өткен кезеңмен салыстырғанда – 105%, күнбағыс – 28,8 мың га, өткен жылмен салыстырғанда – 109%, картоп – 1,021 мың га – 87%, көкөніс – 328 мың га – 156%, жем-шөп – 54,3 мың га.
Өнім: дәнді-дақыл – 66,5 мың тонна, өнімділік 16 ц/га, күнбағыс – 30 мың тонна, өнімділік – 11ц/га, картоп – 17,1 мың тонна, өнімділік – 168 ц/га, көкөніс–7,89 мың тонна, өнімділік – 240 ц/га.
Қысқы кезеңді сәтті өткізу үшін 167 мың тонна жем-шөп дайындау жоспарланған, алайда 198 мың тонна дайындалды. Сонымен қатар, 10,5 мың тонна пішен, 28 мың тонна сүрлем даярланды.
2016 жылы ауданның 8 шаруашылығы субсидиялау арқылы 50% арзандатылған 432 тонна минералды тынайтқыш алды.
Өсімдік шаруашылығына қолдау көрсету үшін, 2016 жылы ауданның шаруа қожалықтарына республикалық бюджеттен мақсатты трансферт ретінде 147,2 млн. тг. қаражат жұмсалды, игерім 100%. Ауданның ауылшаруашылық қожалықтары машина-трактор паркін техникалық жабдықтауды сапалы түрде арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс атқаруда. Аудан бойынша барлығы 2411 техника тіркелген. 2016 жылы 110,7 млн. тг. 38 техника сатып алынған және «Каз АргоҚаржыландыру» АҚ институттары арқылы жалпы соммасы 9,9 млн. тг. тұратын 4 техника сатып алынды.
Есептік кезеңде ауданның дәнді-дақылмен айналысатын қожалықтары 3,5 тонна дәнді-дақыл тұқымын сатты.

Қайта өңдеу.
Ауданда азық-түлік және қайта өңдеу өндірісімен айналысатын 9 кәсіпорын тіркелген, оларда 1609 адам жұмыс атқарады. 2 кәсіпорын өндірумен, 1– қымыз, 3 – ет өнімдерін өндірумен, 1– жарма өнімдерін өндірумен айналысады.
Сонымен қатар, ауданда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндейтін шағын цехтар және 15 шағын наубайханалар жұмыс атқарады, жұмыспен қамту көлемі 43 адам 1 айлық өнім көлемі – 90 тонна.
Бүгінгі таңда «Өскемен құс фабрикасы»АҚ 772 адам жұмыс істейді. 2016 жылы құс еті өнімінің көлемі 28 тонна немесе 124 % құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 5,5 тоннаға артық.
«Айтас МП» ЖСШ ет және құс еті өнімдерін өндіру қарқынды дамуда. 2016 жылғы өндірілген нақты өнім көлемі 6491 тоннаны құрайды, бұл салыстырмалы кезеңдегі көрсеткіштен  2212 тоннаға артық.
«Болашақ» ш/қ негізіндегі заманауи орамасымен, өндірістік толық кезеңмен жоғары сапалы ет өндіру бойынша сатылас-біріктірілген компания құру жобасы жүзеге асырылды, цех қолданысқа енгізілді.
Бүгінгі таңда, цех 12 түрлі шұжық, 9 түрлі деликатес өнімдерін шығарады, 30 жаңа жұмы орны ашылды.
Сүтті өңдеу жұмысымен 2 кәсәпорын айналысады:
«Восток молоко» ЖСШ, кәсіпорын жазғы мезгілде 60%  қамтамасыз етіліп, 1 аусымда 60 тонна сүт өңдіреді.
«Багратион Ұлан» ЖСШ, жұмыспен қамтамасыз етілу үлесі 59,8%. Тұрғындардан және шаруа қожалықтарынан күніне 15 тонна сүт қабылдайды.
«Ақбастау» ш/қ қымыз өндірумен айналысады. 2015 жылы 63,8 тонна қымыз өндірілсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 2 есеге артты.
Ауданда өсімдік өнімдерін өңдейтін «Алтай»ЖСШ жұмыс істейді. 2016 жылы 226 тонна шикізат қайтта өндейден өтті, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 105 тоннаға артық.
2016 жылы «Ost fish» Бестер гибриді тұқымдас бекіре балығының етін және уылдырығын өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру жұмыстары жалғасты. Жобалық қуаттылыққа шығу 2020 жылға жоспарланған, демек 45 тонна ет және 4 тонна уылдырық өнімдерін өндіру. Бүгінгі таңда, құрылғылар іске қосылып, 1 партия 600 кг балық өнімі өндірілді. Кәсіпорында 22 адам жұмыс атқарады.

Шағын бизнес.
2016 жылы тіркелген шағын бизнес субъетілер саны 2276-ға жетті, оның ішінде 1336 жеке кәсіпкерлер, 999 шаруа қожалықтары, 140 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 акционерлік қоғам.
Аудан тұрғындарына 28 қоғамдық азықтану сынандары, 9дәріхана, 4 жанармай құю станциялары, 215 дүкендер мен дүнгіршектер, 69 өзге қызмет көрсету нысандары жұмыс атқарады. 2016 жылы жаңадан 5 дүкен, 3 кафе, 2 шлако-блок шығаратын цех ашылды.
Азық-түлік өнімдеріннің бағаларын тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарылу органдары мен кәсіпкерлер арасында негізгі әлеуметтік маңызды өндірістік тауарлаға 10% үстем ақы бекіту туралы 115 меморандумға жасалды.
Ауылшаруашылық өнімдері сатылатын «Демалыс күні» жәрменкесі ұйымдастырылуда. 2016 жылы барлығы 49 жәрменке өткізіліп, 51,3 млн. тг. тауар сатылды. Аудан Өскемен, Астана, Алматы қалаларындағы жәрменкелерге белсенді қатысты.

«Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы.  Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2 жоба бойынша субсидияландырылған пайыздық мөлшер ретінде жалпы құны 831,8 млн. тг. құрайтын мемлекеттік қолдау көрсетілді, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ айналымдағы қаражаты толықтырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Нан, тоқаш өнімдерін өңдіру бойынша жұмысты жаңғырту» жобасы арқылы «Кенжеханова» ЖК 2 млн. тг. көлемінде гранттық қаржыландыру алды. 5 жоба 22 млн. тг. техника сатып алуға лизинг алуға қаржыландыруға қол жеткізді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылы мемлекеттік қолдау келесі құрылыс жұмыстарына көрсетілді:

  1. «Борсақ» ш/қ негіндегі 200 басқа арналған сүт өңдіру шаруашылығын электро энегиясымен қамтамасых ету, жоба құны 28,5 млн. тг.
  2. Ұлан ауылындағы «Тоғанас» ш/қ 100 басқа арналған сүт өңдіру шаруашылығын электро энегиясымен қамтамасых ету, жоба құны 24,7 млн. тг.

2017 жылы жоспарланған:

  1. Айыртау ауылынынң солтүстік-батысында 0,5 км қашықтықта орналасқан СТФ-ны электро энергиясымен қамтамысз ету, жоба құны 24,7 млн. тг.
  2. Айыртау ауылынының оңтүстік-шығысында 2,6 км қашықтықта орналасқан «Нұр-береке»ш/қ элетр құрылғыларын сыртқы электр желісіне қосу жоба құны 27,3 млн. тг.

Ветерианария
Есептік кезенде ауылшаруашылық малдарынының арасынан қауіпті ауру анықталған жоқ. Бруцелезді анықтауға бағытталған серологиялық зерттеулер:
Ірі қара малға – 100%, оның ішінде бруцелез күдігімен 534 бас анықталды. Ауру жұққан малдар үлесі 0,71%.
Ұсақ мүйізді малға – 100%, оның ішінде бруцелез күдігімен 179 бас анқталды, аурц жұққан малдар үлесі 0,13%.
Күдік тудыратын малдардың бәрі шектеліп, ет өңдеу зауытына тапсырылды. Ауру малдар анықталған 136 жеке мал ұстаушылардың жалпы ауданы 17801 м ² қора-жайына, жалпы көлемі 8622м² құрайтын мал-қораға заласыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Мал ауруының қаупі жоғары елді-мекендерде, ірі қара және мүйізді ұсақ малдарын сарып ауруына қарсы Шт-82, Шт-19, РБ- 51 вакциналарымен егу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: ірі қара – 4175 бас, ұсақ мүйізді – 1240.
Аудандағы шаруа қожалықтарындағы 4300 ірі қара мал басына бруцелезге қарсы еекпе жұмыстар ыжүргізілді.
Ауданда 26 мал қорымы бар, олардыңи 24 типтік болып табылады.
Бүгінгі таңда, Ұлан ауданының аумағында орналасқан барлық 17 сібір язва мал қорымдары анықталды. Оларды орналастыру бойынша 13 мемлекеттік акт алынып, тиісті келісім шарттар бекітілді. 8 сібір язва қорымда қоршау және бетондау жұмыстары аяқталды, қалғандарында жұмыстар жүргізілуде.
Залалсыздандырылған және өнімдері немесе шикізаттары қауіпті болып табылатын малдардың шығындарын өтеу бойынша 30 жеке тұлғаға жалпы соммасы 5892,4 млн. тг. болатын өтем төленді.

Жер қатынастары

2016 жылы сібе өзендерінің жағалауларында рекреациалық  аумақтарды түгендеу бойынша мақсатты жұмыс атқарылды. Ұзақ уақыт бойы қолданылмаған 261 жер телімдеріне қатысты тиісті шаралар қабылдануда.
Сонымен қатар, егістік жерлерді тексеру және өнімділігі төмен, әлеуетсіз жатқан жерлерді айналымнан шығару бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Аталмыш жер телімдері елді мекендерге жақын және шаруалық орталықтардан алыс қашықтықта орналасқандықтан, жиі түрде мал түсетіндіктен әлеуетсіз болып табылады.
Жалпы аумағы – 8608,4667 га 34 жер телімі аудан әкімінің қаулысы бойынша босалқы жер қорына ауыстырылды. 2017 жылдың 1 кварталында шаруа қожалық жүргізу үшін, жалпы көлемі – 963,02 га,  6 жер теліміне конкурс өткізу жоспарланып отыр. Жер учаскілерінің төлемдік базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін белгілеумен Қасым Қайсенов кенті Мамай батыр ауылының бағалау аймақтарының шекарасының сызбасы дайындалды.
2017 жылдың І тоқсанында ауылшаруашылыққа арналған жер телімдерінің байқауларын өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда жалпы аумағы  963,02 га болатын 6 жер теліміне қатысты құжаттар дайындалуда.
Бүгінгі таңда,  IV кварталдағы жер телімдерінің иелері жердің мақсаттық тағайындалуын жеке тұрғын үй құралысын, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу және нысандар құрылысын жүргізу үшін елді мекен аумағындағы идентификациялық мінездемелеріне сәйкес жерлерін жобаға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
Ұлан ауданында тұрғын үй құрылысы 2016 жылы өз жалғасын тапты. Қазақстан ипотека компаниясы арқылы салынған 100 және 40 пәтерлі үйлер қоныстандырылды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы екі 40 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, Қасым Қайсенов кенті нұржау көшесінде тағы екі көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, құрылыс жұмыстарының аяқталу жұмыстары 2017 жылдың шілдесіне жоспарланған.
2016 жылдың тамызында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ демеушілік қаражаты есебінен салынған «ӨҚФ ардагерлері саябағы» қолданысқа еңгізілді, құрылыс құны – 48 млн. тг.
Сонымен қатар, 2016 жылы Қазақстан Республикасының арнайы қорынан Қасым Қайсенов кентінен IV кварталдың инженерлік коммуникациялық-инфроструктуралық құрылысына 350 млн. тг. бөлінді. 2017 жылы аталмыш кварталдың 400 жер телімі ауыз су мен электр қуатымен қамтамасыз етіледі, демек, әкімдік осы кварталдан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу мүмкіндігіне ие болады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық. 2016 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету және су құбыры жүйесінің қызметін қамтамасыз етуге жалпы 6,8 млн. тг. бөлінді, оның 4,1 млн. тг. Тавриядағы, 1,8 млн. тг. Айыртау ауылдағы су мұнараларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 900 мың тг. Қасым Қайсенов кентіндегі Айтықов көшесіндегі су құбырларын ауыстыруға арналған.
Сонымен қатар, Асубұлақ кентіндегі көшелерді жарықтандыру жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 млн. тг. бөлінді. Қасым Қайсенов кентіндегі жылу насос станциясына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, 8,5 млн. тг. бөлінді.
Сонымен қатар, Айтыков, Заводская, Опан би көшелеріндегі, ТК-8–ден аудан әкімдігінің желісіне дейінгі жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жоба құны 30 млн. тг.

Абаттандыру.
2016 жылы ауылдық округтерімен кенттерде санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін, жергілікті бюджеттен 8,5 млн. тг. бөлінді.
Сонымен қатар Қасым Қайсенов кентінде №18 үйдің ауласына, №5 үйдің кіре беріс жолына «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы жөндеу жұмыстар ы жүргізілді, жалпы соммасы 23 млн. тг.
Сібе көлдеріндегі Шалқар көлінің жағажайын көгалдандыруға және абаттандыруға 50 млн. тг. бөлінді.

Автокөлік жолдары
. Ауданда автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 723 км.
2016 жылы аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының жұмысын қамтамасыз етуге 88,7 млн. тг. бөлінді. Жергілікті жолдарға «Ұлан жолдары»  ЖСШ қызмет етеді. 2016 жылғы құрылыс-жөндеу маусымында келесі жұмыстар атқарылды: ұсақталған тас жолға шұнқырлы жөндеу жұмыстар – 4216,44 м² қиыршық тас жолға жөндеу – 68 км, атап айтқанда «Таврия-Ақтөбе», «Троиницкое ауылына кіре беріс», «Метрофановка ауылына кіре беріс», «Азовое ауылына кіре беріс», «РЖ- Жаңа Азовое- Бетқұдық».
Сонымен қатар, 393 км  автокөлік жолдарының жағалауларындағы шөпті, бұталарды  шабу, жол белгілерін орнату, су өткізуші құбырларын жөндеу, су тасқыны салдарынан зардап шеккен телімдерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілді.
Облыс басшылығының бастамасына байланысты былтыр облыстық бюджеттен 2 млн. тенге бөлініп, Өскемен – Самар автоколік жолы және Ұлан ауданы аумағында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы орайда 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген Сібе көлдеріне дейінгі жолдар жөнделді.

Білім беру

2015-2016 оқу жылында  ауданның білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда  бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негіз болды.
2016 - 2017 оқу жылының басында  жалпы  білім беретін мекемелер желісінде 32 білім беру мекемелері, 446 сынып-комплектісі және білім алушылар контингентін 4539 адам құрайды.
Ұлан ауданы бойынша - 32 мектеп, оның ішінде: орыс тілінде – 4; аралас мектептер - 17; қазақ тілінде оқытатын - 11. Орта мектептер - 24. Негізгі мектептер - 8. Мүмкіндігі шектеулі 27 балаларды үйде оқыту ұйымдастырылған.
Педагогтардың жалпы саны -955, оның ішінде: жоғары санатты - 65 (6,8%); бірінші санатты - 256 (26,8%); екінші санатты - 299 (31,3%); бейсанатты - 335 (35,0%). Жоғары білімді - 747 (78,2%); орта арнаулы білімді - 207 (21,7%).
Жыл сайын Кембридж бағдарламасы бойынша курстарда білім алушы педагогтар саны артып отыр. Егер 2012-2013 оқу жылында барлығы 29 мұғалім оқытудан өтсе, өткен 2015-2016 оқу жылында ІІІ-деңгейлік оқудан 51 педагог, ал І-ІІ деңгейліктен – 21 мұғалім өтті.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарынан 119 мұғалім өтті. Олардың ішінде бастауыш сынып мұғалімдері, бастауыш сыныптарда жұмыс істейтін дене шынықтыру, бейнелеу өнері және технология мұғалімдері бар.
Аудан мектептерінде жаңа үлгідегі кабинеттер жұмыс істейді, соның ішінде физика – 25, биология – 15, химия – 21, мультимедиялық – 28.
Компьютерлер саны – 919, оның ішінде интернет желісіне қосылған - 446. Бір компьютерге оқушы саны – 4.
2016 жылы білім саласындағы 13 нысан жалпы сомасы 263,9 млн. теңге құрайтын жөндеуден өтті. Таврия орта мектебінің 320 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді, жалпы құны 900,0 млн. теңге.
Ауданда 32 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 11 балабақша, оның 3-еуі мемлекеттік, 4 жеке, 3 мектеп–балабақша кешені, 21 шағын-орталық. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1384 бала қамтылған, оның ішінде 8 балабақша мен 3 мектеп-балабақшада  868 бала, мектеп жанындағы 21 шағын орталығында 516 бала.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үлесі– 70 %, 3 жастан 6 жасқа дейін -100%.
2016 жылы Таврия ауылындағы «Балапан» балабақшасында жөндеу жұмыстары жүргізілді және мемлекеттік тілде қосымша 1 топ (25 бала) ашылды.
2016 жылдың желтоқсанында Қанай орта мектебінде 20 балаға шағын-орталық ашылды.
Елімізде үштілділік бағдарламасын жүзеге асыруда біздің облыс пилоттық аймақ болып отыр. Үштілді білім беруді дамыту бойынша Жол картасы кешенді жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс тілдік пәндер мұғалімдерінің деректер базасын құру, сондай-ақ тестілеуге қатысудан басталды. Ағымдағы жылдың басынан бастап ауданның барлық тілдік пәндер мұғалімдері тестілеу орталықтарында  диагностикадан өтті: 50 - орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімдері, 38 - орыс тілі қазақ сыныптарындағы орыс тілі мұғалімдері, 54 ағылшын тілі мұғалімдері.
Барлық қазақ, орыс тілдері мұғалімдері  екі айлық курстардан өтті. Қазіргі уақытта 54 ағылшын тілі мұғалімі оқу курстарынан өтуде. Оларға Еуропадан мамандар дәріс беруде.
Халықаралық "Нұр Орда" мектебінің базасында химия, биология пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілінен қысқа мерзімді курстардан өтті.
Пәндерді үш тілде оқыту 2019 жылы басталады және тек қана 10-11 сыныптар үшін. Таяудағы үш жылда кадрлар даярлаумен айналысу жоспарланған. Үштілділікті дамыту бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі ҰБТ-ді өткізу болып табылады. 2016 жылы ауданның 19 мектебі ҰБТ-ге қатысты. Орташа балы – 79,3 балл,  2015 жылы – 86,5. ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгі» аттестатына 2 үміткерден 1 түлек растады және «Үздік аттестатқа» 4 үміткердің 4 де растады. 100 және одан жоғары балл жинаған түлектер саны – 11.
Білім саласында барлық жерде оң өзгерістер болды. Мысалы, Бозанбай орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нурпеисова Әсел   облыстық педагогикалық оқуларында І орын, Р. Мәрсеков атындағы, Асубұлақ орта мектептерінің мұғалімдері ІІІ орын алды. Желтоқсан айында  Бозанбай орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Алмагүл Бакыт облыстық «Үздік педагогикалық ізденіс» байқауында ІІІ орын алды.
Сондай-ақ, біздің балалар да үлкен биіктерді бағындырды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармалар байқауында   Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға 200-ге жуық оқушы қатысты. Оның ішінде 100-ден астам оқушы облыстық, 15 оқушы республикалық олимпиадаларда жүлделі орындар алды. Сондай-ақ, командалық есепте физика және математика пәндері бойынша Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі ІІ орын алды.
1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» байқауының аудандық кезеңінде 32 оқушы қатысты, олардың ішінен облыстық кезеңге  жас зерттеушілердің 5 жұмысы іріктеліп алынды. Облыста 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық сайыста Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Қалиев Әнуар 1-орынға ие болды. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Сібе көліндегі қарауыз балығы».
8-11 сынып оқушыларының арасындағы ғылыми жобалардың аудандық  байқауына 24 оқушы қатысты, 5 жеңімпаз облыстық байқауға жолданды. Оның ішінде 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының 7-сынып оқушылары үшін өткізілген жаратылыстану-математикалық цикл (ЖМЦ)  пәндері бойынша олимпиадаға 80 оқушы қатыстырылды, 10 оқушы облыстық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алды. Олардың бесеуі облыс жүлдегерлері атанды және Шүлбі қаласында ЖМЦ пәндерін тереңдете оқыту жұмысына белсене қатысты.

11 пән бойынша аудандық олимпиадаға барлық мектептерден 287 оқушы қатысты. 10 үздік оқушы облыстық олимпиадаға жолданды.
Сонымен қатар, аудан бойынша зияткерлік сайыстар «Кенгуру-лингвист» – 57, «Тұлпар» – 101, «Русский медвежонок» – 115, «Кенгуру-математик» – 98, «Золотое руно» – 179, «Малахит» – 72, «Сәйгүлік-матеметик» – 112, «Айналайын» – 157 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Конкурстардың барлық жеңімпаздары «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне жолдама алды.
Біздің балаларымыздың жан-жақты дамуына ауданымызда барлық жағдайлар жасалған. Бұл бағытта Балалар музыка мектебі және Балалар шығармашылық үйі жемісті жұмыс жасауда. Аталған мекемелердің тәрбиеленушілері 2016 жылы келесі жетістіктерге жетті: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің Мақтау қағазы;  Облыстық «Шығыс дарындары -2016» байқауының лауреаты дипломы; Халықаралық «Ерлігі - елге мұра» байқауының Бас жүлдесі; Облыстық «Радуга талантов» байқауының жүлдегерлері.
Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айында Балалар шығармашылық үйінің базасында балалар бассейні ашылды. Бұл бассейнде бүкіл ауданның балалары жаттығады. Балалар үшін бассейннің ашылуы - бұл біздің балалардың спорттық жетістіктерінің жаңа көкжиегі.
2016 жылдың қорытындысы бойынша балалар қылмысының төмендеуі байқалады. Мысалы, 2015 жылы кәмелетке толмағандар инспекциясы есебінде 18 бала тұрса, 2016 жылы олардың саны 14 адамға дейін азайған. Бұл - жүйелі жұмыстың нәтижесі.
2015-2016 оқу жылында Ұлан ауданының білім беру мекемелерінде 1-10 сыныптарда білім алушылардың санын 4208 оқушы құрады. Жазғы демалыспен және сауықтырумен 3671 оқушы қамтылды, бұл 87,2% құрады (2015 жылы - демалыспен және сауықтырумен қамту 83% - ды құрады ). 2016 жылы 30 мектеп жанындағы лагерьлер 597 баланы қамти отырып, 30 бір күндік, үш күндік шатырлы лагерьлер 450 оқушыны қамти отырып, жұмыс істеді.
«Отанымыздың Елордасы - Астанамен танысамыз» бағдарламасы бойынша  Астанаға жаз көлемінде 20 бала барып қайтты.
«Достық керуені» (қалалар мен аудандар арасында) аясында жаз маусымында тарихи және ескерткіш орындары бойынша туристік маршруттар ұйымдастырылды, атап айтқанда, Ак-Бауыр, Жидебай, Зайсан ауданы, Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы мұражай, Өскемен қаласындағы этноауыл. Өлкетану және саяхаттық туризммен 402 оқушы қамтылды.

Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау жүйесінде Таврия ауылындағы аудандық аурухана, Асубұлақ кенттіндегі ауылдық аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 20 медициналық пункт және 9 ғимаратсыз медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Медициналық  қызмет көрсету радиусы 250 км құрайды.
Ұлан ауданының медициналық мекемелеріне бекітілген  тұрғындардың үлесі 32 962 адам, оның ішінде: балалар – 7253, жасөспірімдер – 931, ересектер – 24 898, әйелдер – 16 324, фертильдік жастағы әйелдер – 6608.
2016 жылы келіп түскен және шығарылған науқастардың саны азайды. Станцианарлық емдеуге 2016 жылы 324 адам түсті (2015 жыл – 405), шығарылғандар саны – 330 (2015 жылы – 414). Емдеу-алдын алу мекемелерінде стацианарды алмастыратын көмек көрсету дамуда. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда 44 жатын орын, ауруханаларда 20 күндізгі жатын орын қызмет етеді.
Ауданда туу көрсеткіші үлғаюда: 2015 жылы – 15,4, 2016 – 16,3. 2016 жылы 538 бала туылды (2015 жыл – 513). Сонымен қатар, өлім көрсеткіші де артты, 1000 тұрғынға шаққандағы 2016 жылғы көрсеткіш – 11,4, 2015 жылы – 10,8.
Бала өлімі азайды 2016 жылы – 7 оқиға, 2015 жылы – 9 оқиға. Ана өлімі тіркелген жоқ.
Түберкүлезбен ауыратындардың саны азайды, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 2016 жылы – 49,4 2015 жылы – 86,9, сондай-ақ, түберкүлезден өлгендер 2016 жылы тіркелген жоқ ( 100 мың адамға шаққандағы 2015 жылғы көрсеткіш – 9,9).
Қатерлі ауруға шалдыққандар саны да төмендеуде, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш: 2015 жылы – 260,6, 2016 жылы – 190. Қатерлі ауру салдарынан қайтыс болғандар саны 2015 жылғы 144-тен 2016 жылғы 114-ке төмендеді.
Амбулаториялық денгейде диагностикалық жұмыстың жаңа әдістерін пайдалана отырып, ауруларды бастапқы кезеңде анықтауға бағытталған тұрғындарды алдын тексеру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Скриннингтік тексерумен қамту 100%. 2016 жылы ауданның медициналық мекемелеріне 5 дәрігер (Қасым Қайсенов кенті – 1, Таврия – 2, Герасимовка – 1, Саратовка – 1), 6 орта медицина қызметкерлері (Таврия – 1, Айыртау – 1, Ново- Одесское – 1, Митрофановка – 1, Привольное– 1, Герасимовка –1)  жұмысқа тұрды. Қайта даярлау курсын 2 дәрігер кәсіби біліктілікті арттыру курстарын 13 дәрігер және 54 медбике өтті.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту


Ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс.
Ұлан ауданында зейнеткерлер саны – 5935 адам, олардың ішінде: Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер – 5 адам; тыл ардагерлері – 668 адам; мүгедектер  – 1426 адам; мүгедек балалар - 99.
Әлеуметтік қызметкерлердің қарамағында 272 адам бар, оның ішінде 200 жалғыз басты зейнеткерлерге, 48 мүгедек және 24 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетіледі.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудандық бюджеттен азаматтардың жекелеген топтарына 488 адамға 38,728 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік көмек.
Аз қамтылған азаматтар саны 1176 адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 125 адамға немесе 10% азайды.
2017 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 21 отбасына (56 алушы) 2101 мың теңге көлемінде төленді.
Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 32% төмендеді (2015 жылы 82 алушыға).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан жұмысқа жарамды халықтың салыстырмалы салмағы 2016 жылы 23,2% құрады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан жұмысқа жарамды, кірістері аз азаматтарды «Өрлеу» жобасына қатыстыру арқылы жұмыспен қамтамасыз ету салдарынан  әлеуметтік көмек алушылар саны азайды.
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша шартты ақшалай көмекті 68 отбасы (320 алушы) жалпы сомасы 14101 мың теңге көлемінде алды.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы 1100 балаға тағайындалып, жалпы сомасы 220003 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақыны алушылардың саны 2015 жылмен салытырғанда 3%-ға төмендеді.
Тұрғын үй көмегі 574 отбасына тағайындалып, 9779 мың теңге көлемінде төленді.

Жұмыспен қамту.
2017 жылдың 1 қаңтарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 104 адам, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5%.
Жұмысқа орналастыру деңгейі 73,3% құрайды.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша:
- 562 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды, нақты 1123 адам  жұмыспен қамтылды, яғни 19%. Оның ішінде жұмыссыздар 452 адам.
- 620 жаңа жұмыс орнын ашу қаралған, нақты 689 жаңа жұмыс орындары құрылды, яғни 109%;
- ақылы қоғамдық жұмыстарға  нақты 658 адам жіберілді, яғни 104,4%. Игерілген қаржы 25167,5 мың теңге. Оның ішінде 328 адам тұрақты жұмысқа орналасты;
- кәсіптік оқыту және қайта даярлауға нақты 53 адам  жіберілді. Игерілген қаржы 4256,3 мың теңге;
- жастар іс-тәжірибесін өткізу»бағдарламасы бойынша 11 адамға 1585,7 мың теңге жоспарланды, мамандықтарына сәйкес жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарт негізінде жұмысқа 12 түлектерді жіберіліп, (109%) 1585,7 мың теңге көлемінде қаржы төленді.
- әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасына нақты 15 адам жіберіліп,(100%) 912,2 мың теңге төленді.
2016 жылы жұмыспен қамту бөліміне 20 оралман өтініш білдірген, оның ішінде 2 адам тұрақты  жұмысқа орналасты, 4 адам «Әлеуметтік жұмыс орындарында», 1 адам «Газбендәнекерлеуші» мамандығы бойынша қысқа мерзімдік оқуға жіберілді, 13 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Жыл басынан жұмыспен қамту бөліміне 39 мүгедек жұмыссыздыққа тіркелу үшін өтініш білдірді. Оның ішінде:13 адам жұмысқа орналасты, 3 адам «Оператор ПВЭМ», «Тігінші», «1С Бухгалтер» мамандықтарыбойынша оқуға, 11 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» 4 адам , «Нұрлы жол» бағдарламасына 8 мүгедек қатысты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол карта» бағдарламасы.
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол карта» бағдарламасына қатысу үшін 228 адам өтініш білдірді, соның ішінде: 86 – өзін-өзі қамтыған азаматтар; 142 – жұмыссыз азаматтар; 14 – аз-қамтылған азаматтар.
Бірінші бағыт «Инженерлік-коммуникациялық, әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы және ауылдық елді мекендерді абаттандыру» бойынша 425543,4 мың.теңге қарастырылды, жұмыссыздар қатарынан 90 жаңа жұмыс орын құрылды. 13 білім беру нысаны, 2 денсаулық сақтау нысаны, 1 мәдениет нысаны, 24 тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары жөнделді.
Екінші бағыт «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру» бойынша жұмыспен қамту орталығына 181 млн. теңгеге 76 өтініш түсті. Соның ішінде, қатысушылардың құжаттарын АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жіберіп, қолдау алғандар  бүгінгі күні 40 адам 81,2 млн.теңгеге несие алды. 40 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар 44 қатысушы кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификаттар алды.
Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 2016 жылы кәсіптік оқуға 2137 мың. теңге бөлінді, оның ішінде: қайта даярлау – 6 адамға 1249 мың теңге бөлінді, барлық қатысуышылар жұмысқа орналасты;
Кәсіптік даярлауға 3 адамға жіберіліп, бөлінген  888 мың теңге толық игерілді.
2016 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адамға 2581 мың теңге қарастырылған. Алайда нақты 16 адам жіберіліп, 2581 мың тенге игерілді, яғни жоспар 100%-ға орындалды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген азаматтар «Аршалы», «Айкын», «Парасат», «Елдос», «Айзере», «Окас», шаруа қожалықтарында және «Нестеренко Т.М», «Болат», «Береке», «Бейбарыс», «Ибрашева»жеке кәсіпкерліктерінде жұмыс істеді. Бүгінгі күні әлеуметтік жұмыс орындарына жолданылған 16 адамның 13-і тұрақты жұмысқа орналасты.
2016 жылы жастар іс-тәжірибесін қаржыландыруға 15 адамға 3436 мың теңге жоспарланды, нақты жастар іс-тәжірибесіне 22 адам қатысып, 3348,0 мың теңге игерілді.

Мәдениет

Бүгінгі күні аудан  бойынша 22 клуб мекемелері халыққа мәдени қызмет көрсетуде, оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 2 ауылдық мәдениет үйі, 19 ауылдық клубтар бар. 2016 жылы Ново-Азовое ауылындағы бұрынғы интернат ғимаратын ауылдық клуб ретінде мақсатты қолдану үшін өзгерту туралы  шешім қабылданды. Осы ғимарат толығымен жөнделіп, бүгінде Азовое ауылдық округінің тұрғындарының мәдени-демалыс орталығы бар.
Ауданның мәдениет  үйлері мен клубтарында 1520 адам қатысатын 115 клуб  қалыптастырылымдары қызмет көрсетуде. «Халықтық» атағы бар 8 ұжым , 1 «Үлгілі» атағы бар  ұжым  жұмысын жалғастыруда.
Биылғы жылы ауданның клуб мекемелері «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, "Невада - Семей" қозғалысының 25 жылдығы секілді 2016 жылдың айтулы даталарын атап өтуді ұйымдастыруға арналып бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеді.
2015 жылға ауданның клуб мекемелерінде 2105 мәдени-көпшілік шаралары өткізіліп,  203303 көрермен қатысса, ал 2016 жылы 2109 шара өткізіп 248020 адамды қамтыды. Сонымен қатар біздің ауданға ақындар Ринат Зайтов, Балғынбек Имашев, «Әзіл әлемі»  студиясы, «Меломен» тобы, Жазира  мен Жанболат секілді Қазақ эстрадасының жұлдыздары келіп Ұлан ауданының тұрғындарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен құттықтап қайтты.

Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тұрғындарды қамту 13360 адамға жетті, бұл біздің аудан халқының жалпы санының  33,1% құрайды. (2015 жылы 11650 адам қамтылған (28,3%)).
Дене шынықтыру және спортпен  шұғылданатын жасөспірім-балалардың саны 2781 бала, бұл оқушылардың жалпы санының 62,3% құрайды. (Өткен жылдың ұқсас мерзіміне2720 баланы, немесе 61,8%  құраған).
Сонымен қатар өткізілген спорттық-бұқаралық шаралар санының ұлғаюы байқалуда. 2016 жылы 87 шара өткізіліп, 18 мыңнан аса  адамды қамтыса, 2015 жылы 60 шара өткізіліп, 13 мың адам қамтылды.   
Аудандық шаралармен қатар біздің спортшылар облыстық, республикалық биіктерден көрінуді жалғастырды.
Ораз Басаров  Болгарияның Благоевград қаласындағы қол  күресі бойынша 38-ші әлемдік Чемпионатта кезекті жеңісімен тұғырға шығып мойындатты. Ол 55 кг салмақтағы өзінің қарсыластарын жеңіп, 2 дүркін әлем чемпионы болды. Ораз Басаровтың жаттықтырушысы Әлем Чемпионы Алина Беланды, Қазақстан Республикасының спорт  шеберлері, Қазақстанның 2 дүркін Чемпионы Ақбота амангельдинованы және Дамир Байгоновты   тәрбиелеген Ерлан Уалиев.
«Ұлан –Багратион» командасындағы біздің хоккейшылар, Привольное және Таврия орта мектептерінің оқушылары  (команда жаттықтырушысы Гаджиев Игорь Махарамович), «Ұлан» қыздар футбол командасы  (жаттықтырушысы  Зиновьев Сергей Андреевич и Дмитриев Виталий Борисович) облыс,  республика көлеміндегі ойындарға қатысуды жалғастыруда.
Құрамында 20 адам бар мүмкіндігі шектеулі адамдар клубының жұмысын да атап өту қажет.  2016 жыл біздің мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін жемісті жыл болды. Ташкент қаласында өткен Азия Чемпионатында Танекенов Әлімхан қол  күресі бойынша күміс жүлдегер болса,  Бекмолдинов Бекжан спорттың осы түрі бойынша Азия чемпионы атанды.

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

Қоғамдық тәртіп пен  қауіпсіздікті біздің ауданда  құрамында 35  қызметкері бар жергілікті полиция қызметі қамтамасыз етеді. Құқықбұзушылықтың алдын алу саласындағы негізгі буын аудан бойынша 3 кенттік 13 ауылдық округтарға қызмет көрсететін 21 бөлімшелік полиция инспекторлары, сондай-ақ, 3 бөлімшелік полиция инспекторларының көмекшілері болып табылады.  Оларға тәртіп сақтау және нақты әкімшілік бөлімшелеріне азаматтардың тұрақты мекені бойынша құқықбұзушылықты ескерту міндеттері жүктелген.
Жыл басынан бері аудан аумағында 371 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Жалпы қылмыстың ашылуы 81,4% құрады ( 2015 ж-79,7%).
Бөлімшелік инспекторлар сүбелі үлесті қылмыстарды ашу бойынша қосуда. Өткен жылы олардың қатысуымен 131 қылмыс ашылды. (2015 ж – 78). БПИ жеке іздестіруімен 168 қылмыс ашылды (2015 ж-151).
Жыл басынан бері полиция қызметінің қызметкерлерімен 2706 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, осы  бойынша 6 896,4 мың теңге айыппұл салынды, бұл 65,5% құрайды.
ҚР «тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы»  Заңына сәйкес жәбірленушілердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында, үйдегі зорлықтан жәбірленгендерге 173 қорғау ұйғарымы шығарылды, қорғау ұйғарымының талаптарын бұзған 10 тұлға жауапқа тартылып қамауға алынды. Сонымен қатар ішкі істер органының қолдау хаты бойынша 24 тұлғаға қатысты құқықбұзушылар тәртібіне ерекше талаптар орнатылды.
Ішімдік  ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін 406 құқықбұзушылар жауапқа тартылды, ұсақ бұзақылығы үшін 183 құқықбұзушы жауапқа тартылды.

2017 жылға міндеттер

  1. Борсақ ауылында 100 басқа арналған СТФ құрылысын салу. Жалпы құны 47 млн. теңге.
  2. Тоғанас ауылында 100 басқа арналған СТФ ашу. Жалпы құны
    57 млн. теңге.
  3. Сайлау ш/қ  базасында 100 басқа арналған СТФ қайта құру. Қайта құрудың жалпы құны 30 млн. теңге.
  4. Айыртау ауылдық округіндегі «Бастау 41» ЖШС базасында 200 басқа арналған СТФ ашу. Жобаның құны 50 млн. теңге.
  5. «Ost Fish»ЖШС барлық үш үлгісін тұжыру үдерісін аяқтау.
  6. «Шалқар» көліндегі муниципалды жағажайын құру. Құны – 50 млн. теңге.
  7.  «Востокагромпроект» және «Тулпар» ЖШС «Шалқар» көліндегі демалыс базасын абаттандыру .
  8.  «Қоржынкөл» көлінде «Жибек жолы» қонақжай кешенінің құрылысын салу,  Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2016-2020 жылдар.  Жобаның жалпы құны 1112,0 млн. теңге.
  9. Қасым Қайсенов кентіндегі Нұржау көшесіндегі 3 және 4 орындағы 5 қабатты көппәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау. Құрылыстың сметалық жалпы құны: 587,3 млн.теңге.
  10. Қасым Қайсенов кентіндегі электрмен қамтамасыз ету желілерінің құрылысын салу. Жобаның жалпы құны 368 млн.теңге.
  11. Қасым Қайсенов кентіндегі су тарту желілерінің құрылысын салу. Жобаның жалпы құны 219,3 млн. теңге.
  12. Қасым Қайсенов кентіндегі жылумен қамтамасыз ету және орталық қазандық желілерін орнатуды қайта құру бойынша жобаны жүзеге асыру. Жобаның сметалық  жалпы құны  1359,6 млн.теңге.
  13. Қасым Қайсенов кентінен «ӨҚФ» АҚ дейінгі кәріздік қысымдық коллекторды қайта құрудың ЖСҚ әзірлеу.  ЖСҚ әзірлеу құны  7,6 млн. теңге.
  14. Қасым Қайсенов кентінде 40 пәтерлік тұрғын үй құрылысының ЖСҚ   әзірлеу. ЖСҚ әзірлеу құны 8 млн. теңге.
  15. Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысының ЖСҚ әзірлеу. ЖСҚ әзірлеу құны 8 млн. теңге.

 

Ұлан ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде
айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Айтылған ескертулер / ұсыныстар
Ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру мерзімдері
Жауапты
1 Жаңа Қанай ауылындағы көпірді қалпына келтіру 2017 жылғы қыркүйек
ТҮКШ, ЖК АЖ бөлімі
2 Таврия ауылындағы ауылдық клубтың қасбетін жөндеу туралы 2017 жылғы қазан Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Таврия ауылдық округінің әкімдігі
3 «Өскемен-Алматы» тас жолында «Перегон скота» жол белгісін орнату туралы 2017 жылғы тамыз
ТҮКШ, ЖК АЖ бөлімі
4 Донское ауылында балалар алаңын орнату туралы  2017 жылғы қыркүйек ТҮКШ, ЖК АЖ бөлімі, Өскемен ауылдық округінің әкімдігі

 

 

Мұрағат

2017
  Ұлан ауданының әкімі Д. Батырбаевтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі және 2017 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері .doc 157 KB
  Ұлан ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары .doc 31 KB
2016
  Ұлан ауданы әкімінің 2016 жылғы қаңтар айында тұрғындар алдында өткізген есеп беру кездесулерінде көтерілген ескертпелер мен ұсыныстарды орындау барысы туралы ақпарат (2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша) .doc 42 KB
  2016 жылғы Ұлан ауданы әкімінің есеп беру кездесулері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен пікірлерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат .doc 32 KB
2015
  2016 жылғы қаңтар айындағы Ұлан ауданының халыққа есеп беруі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары .doc 34 KB
  Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д. Б. Батырбаевтың 2015 жылы атқарылған жұмысы және 2016 жылға арналған жаңа міндеттер туралы есебінің тезистері .doc 70 KB
2014
  Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында есеп беру кездесуінің тезистері .doc 135 KB
  2014 жылғы 3 ақпаннан 14 ақпан аралығында аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кестесі .doc 32 KB
  Ұлан ауданының әкімі А.Садыковтың 2013 жылы атқарылған жұмыстар және 2014 жылдың жаңа міндеттері туралы есепті баяндамасың жобасы .doc 180 KB
Парақтар өзгертілді: 12-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017