• RU
  • KZ
  • EN

Көрнекі жерлер

«Синегор самырсын шоқтоғайлары» Мемлекеттік табиғи ескерткіш

Ең алғаш 1968 жылы, екінші рет 1982 жылы 17 сәуірде Ұлан ауданында 137 га жер көлемінде құрылған. Табиғи ескерткіш «Синегор самырсын шоқтоғайлары» жалғыз Ертіс өзенінің жағалауында өсетін сібірлік самырсынның көне заманнан өсіп келе жатқан түрі және бұрынғы кезде Қалба қыраттарын түгел алып жатқан, қылқан жапырақты қарағай тоғайларынан қалған қалдықтары ретінде  күзетуге құрылған. 

Көктау алабында Аюлы таудың солтүстік жағалауында орналасқан Самырсын шоқтоғайларының көлемі 97 га құрап отыр. Самырсын ылғал шалғында және таудың ортасында өнеді, таза екпе құрай отыра, қайың және көк терекпен қосылған. Тауға сипаттама бере отыра самырсынның тоғайы, көпбағаналы үлгілері кездеседі. Жеке ағаштың биіктігі 16 метрге, діннің диаметрі 24 см дейін жетеді. Майда тоғайда - сібірлік арша, шетен, итмұрын өсімдіктері өседі. Шөпті өсімдіктердің ортасында - пион, лалагуль өседі. 

Самырсын арасынан жануарлардан аю, бұлан, қоян, түлкі, борсық, тиін, құрды кездестіруге болады. Қалба таулы қыраттарының жануарлар әлемінің өкілдері бүркіт және суыр жануарлары болып табылады.
Табиғи ескерткішке ең қауіптісі орман өрттері және заңсыз ағашты кесу болып табылады.

  • Синегорская пихтовая роща
  • Синегорская пихтовая роща

 

Туған жерге деген махаббат

Ұлан ауданының табиғи байлығы таңғажайып алуан-түрлі. Сібе таулы алабын мекендейтін жануарлармен құстар уақытша аң аулау-өсіру шаруашылығына берілген. Осыған байланысты бүгінгі күні Байшы,Талды қоныстарында жабайы қабандарды, марал, елікті кездестіруге болады. Барлық Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ауданында орналасқан Аюды, Көктау, Шыбынды, Тайынты, Монастыр, Дұбығалы көлдерінің жағалауында орналасқан демалыс базалары бойынша хабардар.

Сібе

Сібе таулы алабы облыс орталығынан 40-50 километр оңға қарай және бұрынғы Ұлан ауданының орталығы – Бозанбай (Никитинка) ауылынан 5-10 километр қашықтықта орналасқан. Бұл таңғажайып табиғат бұрышы тек гранит массиві, шырша шоқтарымен ғана емес сонымен қатар кескін бедерлерімен, таудың таза ауасымен, өзен көлдерден ескен салқындығымен және басқа көптеген көруге тұратын орындарымен өзіне тартады. 

Cібе көлін табиғат таулы-дала және шөлейт жерлердің ортасынан қоршаған. Алаб көлемі 40 мың гектар жерді алып жатыр. 1977 жылдан Сібе көлі уақытша Өскемен шаруашылық есеп теліміне тиесілі «Каззоокомбинат» Ұлан ауданының аң аулаумен айналысатын шаруашылыққа берілді. Бұл шаруашылықтың тағайындалуы-күзет және фаунаны аңғару болып табылады.

Қалба гранит алабындағы көл үлкен сауықтыру мүмкіншілігіне ие. Суға түскеннен кейін өзіңді жеңіл сезініп, жұмысқа деген ниетің көтеріледі. Салқын таза тау суы, тұз шомылғы қасиеттеріне ие. Сібе көлі натри карбонаты, кальций, калии тұздарымен минералданған. Табиғи химиялық зертхана жақсы жұмыс істеуде: судың минералдығы барлығы 1 литрына 26 граммнан келеді. Көлден таза су, гранит жарықшағынан және бастаулардан қайнап шығуда. Сайлардан аққан өзен алабының суларында қарауыз балықтары өмір сүреді. Сібе көлдерінде көптеген балық түрлері мекендейді олар: алабұға, табан, торта және шортан, сазан және оңғақ.
Ормандары алуан түрлі өсімдіктеріне бай. Жер-жерлерде қылқан жапырақты қарағай ағаштары кездеседі.Тек қана Аюлы тауларында жалғыз Синегор самырсын шоқтоғайлары өседі. Жазықтарда көбінесе жапырақты тоғайлар, қайың, тал, шетен, мойыл ағашы, шінкіш, қызыл долана, арша, тобылғы ағашы, ырғай, итмұрын, әр түрлі қарақаттар өседі. Қалың бұталанған ағаштардан яғни қараған және тобылғыдан, бал аралары қоректенеді. Бал таситын аралар жазықтармен шалғындарда өсімдіктер жамылғысында өмір сүреді.

Бұл өңірде елік, борсық, сілеусін және тайганың иесі аюлар, түлкілер, ақкіс, су күзені, сарғыш күзен мекендейді. Ормандарда жиі бұлан, қасқыр, суыр, тиін, қарабауыр кездеседі. Далада жиі сары суырлар кездеседі. Олар өз індерінің қасында жүріп, қандай да қауіпті жағдайлар байқалса тез арада індеріне кіріп кетеді.
Су бетінде: үйрек, қасқалдақ құсы, шағала, және Зайсан көлінен анда-санда бірқазан ұшып келеді. Батпақты шалғындарда бақаларды аулап жеп жүрген тырналарды сонымен қатар суда балшықшы көруге болады. Алыстан шәукілдек құстың сқырған айғайын естуге болады. Бұл жерде «Қазақ ССР қызыл кітабына» енген құстардан қарабай, бүркіт, сұңқар (лашын, ителгі) кездестіруге болады. Далада әр түрлі құрт-құмырсқалардың көптігінен көптеген көңілді қара және қызыл қараторғай, қарлығаш құстардың тобтарын кездестіруге болады.
Таудың таза ауасы және суы жаздың аптап ыстығында да салқындық береді сонымен қатар табиғаттың көруге тұратын орындары демалушыларды және саяхатшыларды қызықтырады. Сібе көлінің маңайында табиғи ескерткіш болып «Синегор самырсын шоқтоғайлары» бекітілді, ал Ортаншы көл республикалық су асты жүзу базасы болып жарияланды. Кішікөлдің батыс жағалауындағы аумағы демалу базасына берілді, Қоржынкөл Шығыс Қазақстан университетіне студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне берілді.

  • Сибины
  • Сибины
  • Сибины

 

Ақ-Бауыр – тас дәуірінің обсерваториясы

Кенді Алтай өңірінің мәдени ескерткіштері тас дәуіріне жататын Ақ-Бауыр кешені болып табылады. Ол туралы көптеген деректерді ескерсек XIX – ғасырдың аяғы XX-ші ғасырдың басына жатады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында зерттеу жүйесі басталып, қызықты тас бетіне өрнектелген бейнелер Ақ-бауыр Қалба тауларында Сағыр (Ленинка) ауылынын шетінде, Өскемен қаласынан 38 километр қашықтықта орналасқан.
Ол бір атаулы шоқымен тар үңгірде орналасқан табиғи саңылау «төбеде» және ішінде жазулармен жасалған жосасының негізінде атауын алған. Ақ-Бауыр аумағында бұрынғы құрылыс іргетасы, жерлеу, күн сағатына таңба жалатқан алаң, «астрономиялық зертхана», «астротор» өзіне жауапкершілікке дұрыс бейнеленген шоқ жұлдыз Үлкен және Кіші жетіқарақшымен гранит тақталарында ақпарат сақталынған.

Кешен қола дәуіріндегі көптеген Англия, Кавказ, Алдыңғы Азия, Қазақстан шіркеулерін еске түсіреді, ғалымдардың ойлары бойынша тас ғасыры, қола дәуірінің адамдары күнмен айға қарап бақылаған. Шамамен 80-ге жуық сүрет, соның ішінде бір неше адамдардың бейнелері, тау ешкісі, үй арба сүреттері бар, және әртүрлі символдармен таңбалар сақталған. Ғалымдар біздің ата бабаларымыз не айтқысы келгені бойынша шешімін табалмауда. Олар бұл жерде жұлдызды аспанның картасы бейнеленген деп бекітеді, басқалары тар үңгірдің қабырғасында адамдарды құтқару жолы белгіленген деп есептейді.
Қысқаша қазақша-орысша сөздігінде "бауыр" сөзі келесі мағына береді: 1) бауыр, 2) туған туыс, 3) беткей, тау етегі.  
Ақ-Бауыр – ерекше энергетикалық және ақпараттық генератор, нақты белгіленген полярлық горизонт жағы бар. Ол жерде екі артықшылық екі кемшілік аймағы бар, олар өзінің сәулесімен жер қабатының кеңістігінің үстімен және жер қабатының кеңістігінің өзімен кетеді. Бұл күнделікті жұмыс істейтін ақпараттық генератор осымен бес мың жыл қызмет атқарады.
Қандай уақытта да Ақ-Бауыр - ерекше мәдени ескерткіш болып қала береді.

  • Ак-Баур
  • Ак-Баур

 

Аблайкет

“Аблайкет” ғибадатханасының үйінділері 1654 жылғы сәулет өнері ескерткіштері болып табылады және республикалық маңызды ескерткіштер тізімінде мемлекеттік есепке алынған. Ескерткіш Ұлан ауданы, Бозанбай (Никитинка) ауылынан 15 километрде, Аблакетка өзені бойында орналасқан.
Аблайкет – бекітілген ламаистік ғибадатхана. Оның құрылысы 1654 жылы басталған. Осындай ғибадатханалардың пайда болуы 17 ғасырда ойрат феодалдарының басып алған жерлерге жүргізген саясаты және Ресейден қытайға шығатын сада жолдарына бақылау орнатуымен түсіндіруге болады. Біздің өлкеге келген көптеген зерттеушілерді жоңғарлардың “Аблайкет” бекініс-монастры қызықтырды. Бұл бекіністің құрылысы туралы алғаш рет Аблай ханның қыстағында қыстап шыққан Федор Байков хабарлаған-еді. 1735 жылы орыс геодезисі Василий Шишков ғибадатхананың сұлбасы мен алғашқы жоспарын жасады. Осы жерде Петербургтегі Азиаттар мұражайының алғашқы жәдігерлерін құрған қолжазбалар табылды.

Аблайкет бастапқыда сланцтік плиталардан қаланған және биіктігі 3-5 метрлік, ені 3 метрлік балшық езбемен гранит қоспалары қосылған бесбұрышты ғимарат болды. Қалдықтары бүгінгі күнге дейін сақталған тас қамалмен қоршалған және көптеген кірпіш сынықтары араласқан сары топырақты тікбұрышты биіктік. Өсімдік типтес өрнектері бар домалақ балшықтан жасалған сынықтар да кездеседі. Кейбіреулерінің түсі ашық көгілдір, жасыл, және қызыл көпіршікті келеді.
Негізгі биіктіктен 30 метр солтүстік-батысқа қарай 2 үлкен шұңқыр бар: жартылай домалақ ордың ішінде гранит қадлықтары, алдыңғы щұңқырда оттық іздері бар граниттердің қалдығы сақталған.
Ламалар мен белгілі тұлғалардың тұрғын үйлері қатты шаң басқан қисық төртбұрышты түрдегі биіктік. Биіктік топырақ пен бірге күрең және қызыл кірпіштер қалдықтарынан тұрады. Басқа жерінде ішкі қабырғаларының ізі қалмаған. Бекініс қабырғалары граниті басым сланцті плиталардан өрілген. Бекіністің солтүстік-шығысында терең үңгір іспетті қуыс бар. Мұнда ұзақ от жағылғандықтың белгісін көруге болады. Қабырғасы тегістелген. Бақылау пунктінің нобайына келеді. Сақталған қабырғалар биіктігі 2 метрге жетеді. Қабырғалардың 3 метр болғандығы байқалады, оны гранитты ірі тастардан салынған жанындағы екі метрлік биіктіктен байқауға болады.

  • Аблаинкит
  • Аблаинкит
Парақтар өзгертілді: 29-05-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017