• RU
  • KZ
  • EN

Аудан туралыАудан туралы

 

Аудан 1928 жылы құрылған. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 9610 шаршы метр.
Аудан аумағы Қалбатауының тау бөктерінде орналасқан, ауданның барлық аумағы таулы рельефпен сипатталады, оны абсолюттік биіктікке байналысты екіге бөлуге болады: орта және төмен таулы. Орта және таулы ойпатты аумақ негізінде жайылы малаптарымен қамтылған. 
Климаттық жағдайы: тау бөктеріндегі аймақ, қоңыр жай ылғалды және жылы, оңтүстік қоңыр жай ыстық климатпен сипатталады. Ең суық айдың (қаңтар) орта темпетатурасы -14-18 градусты, ең ыстық (шілде) +25 градусты құрады.
Аудан үш климаттық аумақта орналасқанымен, құрғақ далалы табиғи шаруашылық аймағында орналасқан.
Ауданның әкімшілік орталығы - Қасым Қайсенов кенті, ол облыс орталығынан 10 километр қашықтықта орналасқан, ең жақын теміржол станциясына дейін 15 километр. 
Тұрғындар саны 40,5 мың адамды құрайды, олар 13 ауылдық округтерінде және 3 кенттерде, 47 елді мекенде тұрады.
Әлеуметтік демографиялық дамуы төмендегідей: туу деңгейі 13,94 мың адамға, өлім – 9,54 мың адамға құрады. Соңғы жылдарда көшіп кетушілер саны төмендеді, облыстың басқа аудандарынан көшіп келушілер саны көбеюде.
Ауданның экономикасы ауыл шаруашылық бағытын ұстайды.
Ауданда 1281 ауылшаруашылық құрамалар бар, соның ішінде 1121 шаруа қожалықтары, 5 қалыптағы шаруашылық субъектілері, 152 ЖШС, 2 ӨҰ, 1 АҚ.
Негізінде, ауыл шаруашылық азық түліктерін өндерүшілері шаруа қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылықтар саналады, оларда жалпы ауыл шаруашылық азық-түлік 85% дейін өндіріледі.
Ауданның аграрлық секторында 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының көлемі 30959,1 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 25,3% артық, НКИ – 114,5%.
Мал шаруашылығының көлемі 23103,2 млн.теңгені құрап, 18,3% артты, НКИ – 107,6%, өсімдік шаруашылығының көлемі 7851,8 млн.теңгені құрап, 51,5% артты, НКИ – 140,3%.    
Ағымдағы 2017 жылғы есеп бойынша, Мал басы: мүйізді ірі қара мал саны 51,6 мың бас, оның ішінде сауын сиырлар 22,5 мың бас, қой мен ешкі 96,4 мың бас, жылқы 22,2 мың бас, шошқа 7,4 мың бас және үй құстары 1625,4 мың басты құрады.
Өндірілген өнім: Ет 39,0 тонна 110,0 %, сүт 57,0 тонна 100,0 %, жұмыртқа 24,1 мың дана 101,0 % былтырғы жылмен салыстырғанда.
Өнеркәсіптік азық-түлік өндіру көлемі 17784,3 млн.теңгені құрады.
Ауданда 9 ірі өңдеу кәсіпорны тіркелген, 1609 адам жұмыс атқарады. Соның ішінде 2 кәсіпорын сүт өнімін өндірумен, 1 қымыз өндіру, 3 кәсіпорын ет өңдеу және 1 кәсіпорын жарма өнімін өндірумен айналысады.
Ауданда шағын цехтар мен шағын наубайханалар бар.
Бүгінгі күні «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 765 адам жұмыс істейді. 2016 жылы құс етін өндіру көлемі 28 мың. тоннаны құрады немесе 124 %, 5,5 мың.тоннаға артық.
Аудан аумағында 47 елді мекендері облыс орталығымен тасымалдау қызметімен 34 елдімекен қамтылған. Жолаушылдарды және жүктерді тасымалдау автокөлікпен жүзеге асырылады.
Ауданда автомобиль жолдарының жалпы аумағы 723 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар 168 км (21,5%), облыс маңызы бар 162 км (22,9%), аудан маңызы бар 393 км (55,6%). Аудандық жолдардың ішінде асфальт-бетондық жабынмен –46,6% (183 км), қара қиыршық тасты 49,4% (194 км), табиғи топырақты жабын – 2,3% (9 км) қамтылған.
2016 жылы аудандық бюджеттен автомобиль жолдары ұстауға 88,707 млн. теңге бөлініп толығымен игерілді.
2016 жылдың жол жөндеу маусымында 4216,44 м2 шұңқырларды жабу, жол жабындысын тегістеу 68 шақырым («Тария-Актюба», «Тройницкое ауылына кіре беріс», «Митрофановка ауылына кіре беріс», «Азовое ауылына кіре беріс», «РД-Жаңа-Азовое-Беткудук»),  393 шақырым жол жиегіндегі шөпті шабу, жол белгілерін орнату, жол асты құбырларды жөндеу және т.б. жұмыстары жүргізілді.
Ұлан ауданындағы 47 елді мекеннің 17 орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыс істейді немесе халықтың 55,1% қамтылған.
Аудан халқын су бұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 2015 жылы 17,8% -ды құрады.
Байланыс қызметін «Қазақтелеком» АҚ көрсетеді. 2015 жылы телефондардың жалпы саны 13213 бірлікті құрады, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар. Интернетті пайдаланушылар саны 100 үй шаруашылығына шаққанда 2015 жылы 16%-ды құраған. Бүгінгі күнге Ұлан ауданында 21 таксофон бар.
Ауданда 32 мектеп, 4208 оқушы оқумен қамтылған, 11 мектепке дейінгі мекеме, БЖСМ, БММ жұмыс істейді. Аудан аумағында ауыл шаруашылық колледжі және оның қасында лицей жұмыс істейді.
Халыққа 2 аурухана, 10 амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 22 медициналық пункт және 5 жайсыз медициналық жұмыскер қызмет көрсетеді. 2015 жылы денсаулық сақтау бойынша дәрігерлер -49 адам, орта кызметкелерінің саны 145 адамды құрады.
2017 жылдың 1 каңтарына аудан аумағында 31 мәдениет мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде: клубтар – 22, кітапханалар – 9.
Ұлан ауданының 2017 жылдың 1 қаңтарына түзетілген кіріс бюджеті 5550,4 млн. теңгені құрайды, оның ішінде меншік кіріс 1382,4 млн. теңге, бұл жалпы түсімнің 24,9 %-ын құрайды, түскен трансферттер мен субвенциялар сомасы 4167,9 млн. теңге және 2017 жылдың  1 қаңтарына қалған бос қалдықтар 22,4 млн. теңге. 

Аудан туралы

Аудан туралы

Аудан туралы

Парақтар өзгертілді: 31-05-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017