• RU
  • KZ
  • EN

Партиялар

Р/н. № Партия атауы Тіркелген уақыты Басшысы Мүшелер саны Мекен-жайы Телефон
1. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы 09.06.2003 ж.  № 2374-1917-ө-к Батырбаев Даулет Бахитович
партияның төрағасы,  Ұлан ауданының әкімі
3269 Қасым Қайсенов кенті, 19 үй, 77 пәтер 28-070
2. «Ауыл» партиясының аудандық филиалы 2015 жыл қыркүйек Лутфуллин Ахат Булатович 232 Қасым Қайсенов кенті 8-777 280 2416

Әлем таныған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы, салихалы саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткізгенімізді Қазақстан халқы мақтан тұтады.
Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаев Қазақстандықтарға «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдау арнады. Онда бес басымдықтан тұратын жаңа бағыттарды айқындап берді.
Бұл Стратегия қазақстандықтарды жаңа бағыттарды бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсаттарға жұмылдыратын тарихи құжат.
Елбасының, партия Төрағасының жүргізіп келе жатқан саясатының аясында «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтауға бар күшін салатын «нақты істер партиясы» деген атауға лайық екенін дәлелдеді. Партияның 16 облыстық, Астана, Алматы және 225 аудандық, қалалық филиалдарында, 6 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарында 900 мыңнан астам партия мүшесі есепте тұрады. 270-тей қоғамдық қабылдау бөлімдері бар, Мәжіліс пен мәслихаттарда басым көпшілікке қол жеткізді, Үкімет мүшелерінің де дені – «Нұротандықтар».
Шығыс Қазақстан облысында партия филиалы қатарында 75 мыңға жуық мүшесі бар, 500-дей бастауыш ұйымының басын біріктірген іргелі саяси ұйымға айналып отыр. Мәслихаттағы партияластарымыздың үлесі 90%-ға жуық.
Партияның Ұлан аудандық филиалына қарасты 16 бастауыш партия ұйымдарында, 2963 партия мүшесі есепте тұрады. Сондықтан да, Елбасы, партия төрағасының партия алдына қойған міндеттерді табысты іске асыруға барлық мүмкіндіктер бар.
2050-ші жылға дейінгі жаңа стратегияда Мемлекет басшысы халқымыздың әл-ауқатын одан сайын арттыруға мүмкіндік беретін, еліміздің әлемдік көшбасшы мемлекеттерімен терезесін теңестіріп, бәсекеге қабілеттігімізді арттыратын жаңашыл бастамалар мен тың жоспарлар ұсынып, билік партиясында осы үдеріске белсене атсалысу туралы тапсырма берді. Осыған байланысты партияның алдағы қызметі жеті басты бағыт бойынша өрбиді. Олардың ішінде:

- 2050 жылға дейінгі Елбасы стратегиясын халыққа кеңінен насихаттауды жалғастыру;
- Партияның өңірлердегі жұмысын және тиімділігін арттыру;
- Жастармен жұмыс жүргізу тәсілдерін және интернеттегі жұмысты жетілдіру;
- Мемлекеттік органдар қызметіне бақылауды күшейту және қоғам мен билік арасындағы кері байланысты нығайту.

Еліміздің Көшбасшы, Елбасының саясатының күре тамырын ұстап отырған, сенімді серігі «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2050» Стратегиясын – саяси тұрғыдан қамтамасыз ететін, қазақстандықтарды осы стратегия айналасына топтастыратын партияның Саяси доктринасының қажеттілігі  кезектен тыс ХV съездің күн тәртібіне енгізілді.

«Нұр Отан: Нұрлы болашақ жолында!» атты бұл доктрина жетекші партияның ХХI ғасырдағы миссиясын анықтайды: онда дамудың эволюциялық жолын қамтамасыз ету, өркендеген, бәсекеге қабілетті, әрі бұқарашыл мемлекетті қалыптастыру міндеті белгіленген. Ол сондай-ақ  әрбір қазақстандықтың табысқа жетіуін діттемек.


Саяси Доктрина 5 бөлімнен тұрады:

Олар:

1.
«Нұр Отан» партиясының ХХI ғасырдағы миссиясы.

2. Біздің құндылықтарымыз, ол төмендегідей бағыттарды қамтиды:

- Біздің идеямыз – Қазақстанның гүлденуі;
- Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіздік;
- Біздің идеялымыз – біздің Елбасы.

3. Азамат және мемлекет: өзара байланыстық жаңа принциптері, ол төмендегідей бағыттардан тұрады:

- Мемлекеттің азаматтарға қызметті;
- Азаматтың қоғамның жауапкершілігі;
- Күшті ұлт және белсенді азамат.

4. Жаңа бағыттың мақсаттары: жалпы жетістіктің 7-і факторы, онда:

- Бірлік пен келісімді қамтамасыз ету;
- Төл мәдениет пен руханият;
- Қуатты экономика;
- Әділетті әлеуметтік саясат;
- Зияткер (интелектуальды) ұлт;
- Тиімді мемлекеттік басқару;
- Әлемге ашық Қазақстан сияқты бағыттарды қамтыған.

5. Партияның тарихи жауапкершілігі.

Парақтар өзгертілді: 05-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017