• RU
  • KZ
  • EN

Бұқаралық ақпарат құралдары

БАҚ түрі БАҚ атауы Тілі   Таралымы   Мерзімділігі Жазылым бағасы 1 жылға Тақырыптық бағыты Тарату аумағы   Электронды пошта мекенжайы Байланыс телефоны
Газет, А3 форматы «Ұлан таңы-Уланские зори», бас редактор Касембаева Айым Нурлановна Мемлекеттік-орысша Аптасына 3081 дана Аптасына 1 рет 3132 мың теңге (жеке тұлғаларға)
5124 мың теңге заңды тұлғаларға
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы;
қоғамдық-ақпараттық
Ұлан ауданы, Глубокий ауданы,  Өскемен қаласы, Бесқарағай а. Көкпекті а. ulantany@mail.ru 27-373


«Ұлан таңы» – «Уланские зори»

Ұлан ауданында бұқаралық-ақпарат құралы негізінде аудандық «Ұлан таңы» газеті қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығады. Газеттің толық атауы: «Ұлан таңы» – «Уланские зори» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылтайшы – Ұлан ауданының әкімдігі. Меншік иесі – «Шығыс – Ақпарат» ЖШС. 2017 жылдың қаңтар айына аудан газетінің тиражы 3081 дана. «Ұлан таңы» газеті аптасына 1 рет жұма күндері шығады.

Аудандық газеттің редакторы болып 1985-1988 жылдары және 1995 жылдан күні бүгінге дейін Жанғозин Жансап Шыңғысұлы істеп келеді. Ж.Ш.Жанғозин 1950 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Газеттің қысқаша тарихына тоқталар болсақ, 1932 жылы 20 қарашада Ұлан аудандық «Социалистік майдан» газетінің алғашқы номері листовка түрінде жарық көрді. Бұл біздің ауданымыздығы қазақ тіліндегі ең бірінші газет еді. Сол уақыттан бері аудандық газет «Социалистік майдан», «Расцвет» - «Өркен», «Ұлан таңы» - «Уланские зори» болып бірнеше рет атауын өзгертті, ұландық әрбір азаматқа дос және ақылшы бола отырып, үлкен өмір жолынан өтті. Ақиқатында, аудан тарихының жылнамашысы іспетті болды.
Еліміздегі күрт өзгерістердің барлық жауапты кезеңдерінде газет өз орнын таба білумен қатар, болып жатқан оқиғаларды шынайылықпен көрсете білді. Жеке фактілерге тоқтала отырып, дұрыс баға беріп, талдау жасады. Газеттің негізгі міндеті қашанда әділеттіліктің ақ жолындағы күрес және барлық көтерілген әлеуметтік мәселелердің шешіміне қол жеткізу болып табылады. Еңбек адамның өмірі газеттің күн тәртібінен ешқашан түскен емес.
Аудандық газет дәстүрге бай. Бірнеше дүркін игі істердің ұйытқысы бола білді. 1980-ші жылдардағы үшмыңдық мәреге жету жолындағы қозғалыс, диқандар арасында күнделікті қорытынды шығаруымен ұйымдастырылған жарыс, құттықтау адрестері мен ауыспалы редакциялық вымпелді табыс ету туралы жарияланған ақпараттар мен мақалалар ұландықтардың күні бүгінге дейін есінде.
1987-ші жыл газет қызметкерлері үшін жемісті жыл болды. Аудандық және қалалық газеттердің Бүкілодақтық байқауында аталмыш аудандық газет бірінші орынды жеңіп алып, КСРО журналистерінің бірінші дәрежелі Дипломымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміз нарықтық экономикаға аяқ басқан шағында аудандық газеттен шаруа қожалықтары мен жекелеген кәсіпкер азаматтардың қол жеткізген жетістіктері жайлы жазылған мақалаларды оқуға болады.
Газет Елбасының жыл сайынғы Жолдауына қолдау көрсетіп оқырмандар арасында пікір ұйымдастырып отырады.
Бүгінгі таңда біз көп жылдар бойы баспасөз саласында еңбек еткен ардагерлерімізді ризашылықпен еске аламыз. Олар: бұрынғы газет редакторлары Забер Баянов, Г.Сагындыков, Ағзам Тундикбаев, Жуматай Сағадиев, Бейсембай Құсанов, Қамза Қанжекенов, Жұқали Қонақбаев, Әбілғазы Ибраимов, Дәнеш Қадырбаев, Мұзапар Мухамадиев, К. Баймолдин, Фазыл Бағадаев, Георгий Борисович Корольков, Павел Петрович Прищепо, Леонид Лукич Боровиков, Анатолий Иванович Инсегенов, Евгений Васильевич Лях, Сәдібек Түгелов, Қабдылқайыр Құдайбергенов, редактордың орынбасарлары М.К.Даирбеков, Б.М.Аменов, редакцияның жауапты қызметкерлері И.Т.Журавлев, Б.Оразаева, Т.Тауешбаева, Н.Ишунина, Г.Караватская, В.Ф.Пантюшенко, Л.Я.Дегтярева, А.А.Кикимов,  С. М. Муканов, К.Бердин, О.Ташенов, М.Салыкпаев, М. Кумарбеков, С.Сакешов, Н.Салықбаева, аудандық типография директорлары Г.Я.Зашейловский, М.Еркебаев, полиграфистер Р.Рафиков, А.Сергазина, Ж.Жангазина, Г.Баженова, К.Саденова, К. Кусаинова, А. Беспаев, К.Дюсупов және К.Нурахметова.
Бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде әр түрлі себептермен ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балалардың жағдайына көңіл бөлу мәселесі әрдайым көтеріліп отырады. Қайырымдылық акциясы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалпы білім беретін мекемелердегі азқамтылған отбасы балаларына материалдық көмек көрсетіліп тұрады. Осындай игілікті іс-шаралар көптеген кәсіпорындар мен мекемелердің, кейбір жекелеген азаматтардың адамгершілік дағдысына айналуда. 
Осы орайда «Ұлан таңы» газеті редакциясының ұжымын қайырымдылық көрсетуші мекеме ретінде атап кеткен жөн болар. Себебі, олар нақты бір баланы өз қамқорлықтарына алып,  туған күні қарсаңында оған жылы киім мен оқу құралдарын сыйға тартты. Сол сәттегі баланың көзі отша жанып, жүрегі лүпіл қаққанын, өзіне көрсеткен мейірімділік үшін үлкендерге деген алғысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Аудандық газет журналистері бұл балаға алдағы уақытта да жан-жақты қамқорлық көрсетуге құлшынулы.
Егер біз барлығымыз бірігіп баланың бойына мейірімділік нәрін құя білсек, оның қоршаған ортаға ризашылығын білдіруге тәрбиелесек, ертеңгі күнге деген сенімділігін арттырсақ – біздің уақытымыздың текке өтпегені. Осы орайда айта кету керек, ауданымызда қайырымдылық істері мен игілікті шаралар әлі де жалғасын табуда.
Бүгінгі таңда ардагерлеріміздің жолын қуып редакция ұжымында редактор - Жансап Жангозин, жауапты хатшы - Гульжанат Шакенова; тілшілер - Василий Халепа, Эльмира Ахметова, Зарина Жанаева, корректорлар - Мария Акимаева, Наталья Самусенко, дизайнерлер – Шолпан Жумагулова Меңдігүл Копбаева, бухгалтер – Лунара Трапикова еңбек етуде. Бүгінгі ауданымыздың жылнамасы осылардың қолымен терілуде.

 

«Ұлан ТВ» телеарнасы

«Ұлан ТВ» телеарнасы 2014 жылдың 31 наурызында құрылды.Бүгінгі күні ұжым жүзінші мерейлік жаңалықтар топтамасының жарық көруін атап өтуде,. «Ұлан ТВ» телеканалын құру идеясы  2007 жылдан басталған.  Қасым Қайсенов кентіндегі кабель жүйелерінің иесі Азамат Бигалиев «Контраст» студиясының басшылары Юрий Дёмин  және Алексей Гайдармен тығыз байланысып өз жұмысын бастады.  Журналистер, дикторлар, операторлар, видемонтажерден құралған команда жиналып жұмыс жасай бастады. Әзірше телеканалдың эфирына тек қана жаңалықтар 20 минут мемлекеттік тілде, 20 минут орыс тілінде шығады. Эфирге шығатын мерзімі дүйсенбі күні сағат 9.00 және 19.00. Алдағы уақытта телеканал басшыларының эфир уақыты  мен мүмкіндіктердің  көбейетіне сенімдері мол. Қазақстан бойынша Ұлан ауданы бірінші болып өз аудандық телеканалын ашты. «Контраст» студиясының арт директоры Алексей Гайдардың айтуы бойынша бұл жоба ұжымның шығармашылық әлеуетін іске асыру ғана емес, сонымен қатар аудан тұрғындарының, кәсіпкерлердің жұмыстары туралы айтып тарихта қалуғакөптеген мүмкіншіліктері бар.

Парақтар өзгертілді: 05-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017