• RU
  • KZ
  • EN

«Тұлға тарих айдынында»

2019 жылдың 28 қарашасында аудандық орталық кітапханада 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұлға тарих айдынында» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны өткізудің мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысының жаңа мемлекет құрудағы әлемдік деңгейдегі саясат, стратег және реформатор ретіндегі тарихи рөлін ұғындыру.   

«Әлем деңгейіндегі тұлға», «Елбасының сүйікті кітаптары» атты ұйымдастырылған кітап көрмесі бойынша әдеби шолу жасалды.   

Жазушы, журналист Бигелді Ғабдуллин мен Адольф Арцишевскидің бірлесіп жазған «Восемь граней Нурсултана Назарбаева» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ-нің басшысы М.К.Альбеков, ардагерлер қоғамының мүшелері, Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары  және ұстаздары А.К.Тоқтарханова мен Л.Б.Нургазиева қатысты. Осы тұрғыда мектеп әкімшілігіне, ұстаздар қатарына алғысымыз шексіз.

Қатысушылар назарына «Назарбаев – человек эпоха» https://www.youtube.com/watch?v=12Ehu1Snxqw  атты деректі фильмі ұсынылды.

Дөңгелек үстел өту барысында «Елбасының өмір жолынан», «Сегіз қырлы, бір сырлы: біз білмейтін Елбасы қандай?» деген тақырыптар ашылды.

Аға буын өкілдері ақылдарымен бөлісіп, тарихқа деген көзқарастарын айтса, жас буын өздеріне арналған сауалнамаларға жауап беріп, Қазақстанның болашағы туралы ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелді өткізу - оқырмандарға жаңа мемлекет құрған Ұлы жетекшінің бейнесін барынша дәл және толық жеткізуге мүмкіндік берді.

«Ұлан аудандық Орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика