• RU
  • KZ
  • EN

Әлем деңгейіндегі тұлға

2019 жылдың 28 қараша күні сағат 10.00-де аудандық орталық кітапханасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Әлем деңгейіндегі тұлға» атты портрет кеші өтті.  

«Әлем деңгейіндегі тұлға», «Елбасының сүйікті кітаптары» атты кітап көрмелері  ұйымдастырылып, әдеби шолу жасалып, жазушы, журналист Бигелді Габдуллиннің «Восемь граней Нурсултана Назарбаева» атты кітабінің тұсаукесері өткізілді.  

Шара барысында «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті  Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары  қызметі»  ММ-нің № 34 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне  «Назарбаев  – человек эпоха» https://www.youtube.com/watch?v=12Ehu1Snxqw  атты деректі фильмі көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар осы деректі фильммен танысып, өз ойларын ортаға салды.

Шараның мақсаты – оқырман қауымға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен жүргізген  саясатын, іскерлік қабілетін кеңінен насихаттау.  

«Ұлан аудандық Орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика