• RU
  • KZ
  • EN

Мектептің білім беру кеңістігіндегі кітапхананың рөлі

2019 жылдың 22 қараша күні  «Мектептің білім беру кеңістігіндегі кітапхананың рөлі» атты аудандық семинар «Амангелді атындағы негізгі мектебі» КММ  өтті. Семинарды  А. Пушкин атындағы облыстық кітапхана мамандары Мязова Р. С., Жайлибаева М., Кемешева М. Н., Малышев  қатысып, көптеген мәліметтермен бөлісті.  Аталған шараға  «Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ  әдіскері Аубакирва А. А.,  мектеп кітапханашылары, тәлімгерлер, мектеп оқушылары қатысты. Семинар барысында  А. Пушкин атындағы  облыстық кітапханасының электронды каталогы, Өлкетану электронды кітапханасы, Шығыс Қазақстан: танымал есімдер атты  электронды дерекқоры  таныстырылды. «Біздің Абай» атты  электрондық  кітапханаға  шолу жасалып, викториналық ойынға оқушылар белсене қатысты.     1 желтоқсан  Тұңғыш Президент  күніне  орай «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасымен танысу мақсатында Интерактивті ойын – викторинаға  мектеп кітапханашылары,тәлімгерлер,оқушылар ат салысты.      

«Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ
 Әдіскер Аубакирова А. А.

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика