• RU
  • KZ
  • EN

«Балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханаларда жұмыстың жаңа формалары мен әдістері»

2019 жылдың 6 қазанында «Балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханаларда жұмыстың жаңа формалары мен әдістері» атты аймақтық семинар Таврическое ауылдық кітапханасының базасында өтті. Семинар жұмысына ауданның кітапханашылары мен  Таврическое округінің мектеп кітапханашылары қатысты.
Семинарды ұйымдастырып өткізген «Ұлан ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі.

Семинардың модераторлары ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы» КММ-нің мамандары:  инновациялық-әдістемелік орталықтың жетекшісі Т.В.Устинова, инновациялық-әдістемелік орталықтың әдіскері Д. Н. Горбунова, психолог А. К. Рамазанова болды.

Семинар жұмысына «Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы» КММ директоры Қ.Б.Мұқашева қатысып, аудан кітапханаларының мамандары  С.Б.Аманова, Б.А.Ахмадиева, А.Б.Макаева, Л.Н.Клименко М.В.Литвиненкоға алғыс хаттар табыс етілді.

Семинар өту барысында Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Н.О.Абдыкаримовтың атынан, ауданымыздың мәдениет саласының дамуына көп жылдар бойы зор үлес қосқаны үшін Таврическое ауылының кітапханашысы Л.Н.Клименкоға алғыс хат табыс етілді.

«Ұлан аудандық орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика