• RU
  • KZ
  • EN

Керуен концерт

06.11.2019 жылы С.Аманжолов атындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Жастар жылы аясында Ұлан ауданының музыка мектебінің жас ұстаздарының, басшылары Аханова Бақыт Омарғалиевна өзі бастап келген «Әнімді арнаймын, туған ел!» атты керуен концертын жиналған жұрт тамашалап, көңілдері көтеріліп қалды. Концерт оқушыларға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, халқына, ауылына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту және ұлттық аспаптарда, оның ішінде жетіген, қобыз, домбыра аспаптарында ойнауғ қызығушылықтарын арттыру мақсатында өтті.

Концертті С.Аманжолов мектебінің домбыра сыныбына қатысып жүрген оқушылар оркестрі Раздықтың «Салкүрең» күйімен ашты. Жетекшілері Дюсупова Майра Шакеровна. Хореография сыныбына қатысатын қыздардан құралған «Көзайым» тобы қазақ және классикалық билер биледі. Топтың жетекшісі Камалитдинова Айгерім Ануарбековна. Мектепте Аххишхан Серікбектің жетекшілігімен вокал сыныбы да жұмыс істейді. Музыка мектебінің жас ұстаздары  өз өнерлерін қазақтың ұлттық аспаптары-домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнайда ойнап, ән айтып, концерттің көркін келтіре түсті.

Мектеп директоры Исканова Н.Е. мектебімізде осындай сыныптың ашылып, жұмыс істеп тұрғаны үшін және осындай концерт әзірлеп ұсынғандары үшін музыка мектебінің ұстаздарына және музыка мектебіне директоры Аханова Бақыт Омарғалиевнаға ұстаздар, оқушылар және ата-аналардың атынан алғысын білдірді. 

С.Аманжолов атындағы орта мектеп
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзабиева А.

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика