• RU
  • KZ
  • EN

«Адалдық сағаты»

2019 жылдың 6 қарашасында Ұлан ауданының барлық 31 білім беру мекемелерінде Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаттары» өткізілді. «Адалдық сағаты» іс шарасына барлығы 3882 оқушы қатысты.

Шараға ауыл әкімдері, депутаттар, мектеп директорлары, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар комитетінің мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ардагер ұстаздар, жасөспірімдер инспекторлар қатысты.  

«Адалдық сағаты» іс шарасының мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмасын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Сонымен қатар, 2050 жылы 30 дамыған елдердің қатарына қосылған, бәсекеге қабілетті, саналы, экономикасы дамыған парасатты, мықты мемлекет қалыптастыру, парасат пайымы ұшқыр, жан-жақты тұлғалардың санын көбейтуге атсалысу.  

Ұйымдастырушылар оқушыларды адал болып, тек  адалдық  істер  істеп,  адамдығымызды   көрсетіп,   кейінгі ұрпаққа  үлгі болуға шақырды.

Ұлан ауданының білім бөлімінің басшысы К.Окасов

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика