• RU
  • KZ
  • EN

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ақпарат

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген. Онда ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік мамандықтары бойынша (ұйымында кемінде үш жыл қызмет істеуге міндеттеме қабылдайды) қызмет етуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының механизмі айқындалды.

Бұйрықта әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша қаражаттық мөлшері бекітілді, 2019 жылда төмендегідей мөлшерде:

1) 100 еселiк айлық есептiк көрсеткiшке (252500 теңге) тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) Тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдау - 1500 еселiк айлық есептiк көрсеткiштен (3787500 теңге) аспайтын сомада бюджеттiк несие. Тұрғын үй сатып алуға жылдық 0,01 % сыйақымен 15 жылға дейін бюджеттік несие беріледі.

Ағымдағы жылда 77 маманға көтерме жәрдемақы, 23 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.

Толық ақпаратты Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінен біле аласыз. Мекен жайы Қасым-Қайсенов кенті, Абай алаңы 5. Телефон: 27-156; 79-085.

Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика