• RU
  • KZ
  • EN

Басты назарда - алдын алу жұмысы!!!

Өрт кезінде ең қорқыныштысы – адамдар өлімі. Оның орнын ешнәрсе толтырмайды. Балалар, қарт адамдар, сырқат адамдар және мас күйіндегі адамдар жиі қаза болады.  

Көбінесе үйлер және жанғыш материалдар, оталдыру көздері және оттегі бар жерлер жанады.

Өрттің шығуының басты себебі – егер ол қасақана от қою болмаса – сіріңкемен, оттықпен, темекі тұқылымен, ашық оты бар майшам және шырақпен, электр жабдықтарымен – үтік, плита,  сонымен қатар газдың, бензиннің және тез тұтанатын заттармен абайсыз болып табылады. Көбінесе өрт электр өткізгіш бұзылып тұрса, қолдан жасалған электр жабдықтары торапқа қосылып тұрса шығады. Әрбір оныншы өрт балалардың отпен ойнауы салдарынан болады, өйткені бала отпен ойнаудың қауіпті екендігін түсіне алмайды, ал ересек адамдар оған түсіндірмеген.  

Өрт – қайғы, бақытсыздық, қатты эмоциялық толқу. Бір сөзбен айтқанда стресс. Сондықтан бұл қасірет саған, сенің үйіңе келмейтіндей етіп өмірде жасау қажет.

Барлық бұл себептер әрбір адамға бала кезінен таныс, бірақ. Өрт статистикасына қарасақ әрбір он өрттің 6-7-і тұрғын үйге келеді. Адам осылай қалыптасқан – қырағылық туралы ұмыту оның  сүйікті кәсібі, әрқайсысы өрт көршінің үйінде болады, ал менің үйімде ешқашан болмайды деп есептейді.

Осыны ескере келе Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрақты түрде тұрмыстағы өрттерді алдын алу бойынша жұмыс атқарып келеді. Осы жұмысты орындау барысында үгіт -  насихаттық  жұмыстың қолда бар барлық  тәсілдері мен амалдарын қолдануда, бірақ та тұрмыстағы өрттерді алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі болып тұрғын үйлерге жүргізілетін аула-аралық өтулер болып  отыр.

Аула аралық өтулер кезінде тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің жадынамалары табыс етіледі, жиналыстар өткізіледі. Тұрмыс жағдайы нашар отбасылар арасында өрттерді алдын-алу жұмысы  да жүргізіліп келеді.

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанті Кадирбеков Ерасыл Ержанұлы

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика