• RU
  • KZ
  • EN

Семинар

2019 жылдың 3 қазанында Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі әкімдіктің мәжіліс залында ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған семинар өтті. Семинарға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрхат Тохтарханұлы Садыков, Еңбек және  әлеуметтік қорғау және көш-қон комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары – Марина Валерьевна Шаронова, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы  Жанна Болатовна Самуратова, ШҚО бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ директоры Нурлан Толеубекович Кыстаубаев, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері мен мамандары қатысты.

 Семинардың мақсаты: әлеуметтік медициналық сақтандыру, ішкі саясаттың жұмыстары  және әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жұмыс жүргізуде белсенділік таныту туралы айтылды.

Семинар барысында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларының қарыздық жүктемелерін төмендету сұрақтары туралы, әлеуметтік медициналық сақтандыру жайында түсіндіріліп, ішкі саясат бөлімінің жұмыстары туралы айтылды.

Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика