• RU
  • KZ
  • EN

Қосымша иммундау  өткізу туралы

Ұлан аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2019 жылдың 7 тамызындағы, «Қазақстан Республикасында 20 – 29 жас (қоса алғанда) аралығындағы адамдарды қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундауды жүргізу туралы» Қаулысы негізінде, аудан аумағында, 16 қыркүйектен бастап, қосымша иммундау жүргізілетінін хабарлайды.

Қосымша иммундаумен, қызылша мен қызамыққа қарсы профилактикалық егулерге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, 2018-2019 жылдары қызылшаға және қызамыққа қарсы егілгендігі туралы құжаттамалық  растауы бар адамдар, жүкті әйелдер мен лактация кезеңінде әйелдерден басқа, барлық  20 – 29 жастағы (қоса алғанда)адамдар қамтылады.

Қызылша мен қызамыққа қарсы екпе алу – жұқпалы ауруларға қарсы күресудің ең тиімді жолы.

Ұлан аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы, 20 – 29 жастағы (қоса алғанда) аудан  тұрғындарын, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен  қарап, тұрғылықты мекен - жайы бойынша жергілікті емханалардан екпе алу туралы қажетті ақпарат алатыныңызды ескертеді.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! ЕКПЕ КЕЗ КЕЛГЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ.

Ұлан аудандық ТКҚҚБ басқармасының жетекші маманы  Ф.К Сарсенбаева

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика