• RU
  • KZ
  • EN

Шөп өртенді

Таврия ауылында шөп дайындау кезінде МТЗ тракторында ұшқын сөндіргіштің ақаулығынан шөп өртенді. Өрт салдарынан 2 тонна шөп жанып кетті. ТЖБ қызметкерлері өрттің шығуына кінәлі көлік құралының жүргізіші болып табылатыны анықталды, ол өртке қарсы қауіпсіздіктің тиісті талаптарын орындауды қамтамасыз етпеді және бұзушылықтарға жол берді. Егін жинау басталғанға дейін оған тартылған барлық адамдар өртке қарсы нұсқамадан өтуі тиіс, ал жинау агрегаттары мен автомобильдер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, атап айтқанда барлық типтегі комбайндар – екі өрт сөндіргішпен, екі тік күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар – бір өрт сөндіргішпен және бір тік күрекпен жабдықталады. Кез келген техника жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталып, олардың қоректендіру жүйесі, оталдыру реттелуі тиіс. Ұлан ауданының ТЖБ түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Е. Кадирбеков

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика