• RU
  • KZ
  • EN

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан  тұрғындарын жинайды. Мақсат − кәсіпкерлік қызметке NEET категориясындағы жастар, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.

Оқу ұзақтығы – 20 күн. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 15-16 шілде аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  17 шілде – 02 тамыз аралығында жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының аудан және қала бойынша филиалдарында және http://atameken.kz/ сайтында немесе 87232702952 байланыс телефонына хабарласып, Өскемен қаласы, пр. Победы, 6. 17 каб. кеңес алуға болады.  Оқытуға тіркелу аудан және қалалық жұмыспен қамту орталықтарында жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Ұлан аудандық филиалының директоры Кусметова А. Н.

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика