• RU
  • KZ
  • EN

Азия Чемпионатының жеңімпаздары

2019 жылдың 6-12 маусым аралығында Қырғызстан мемлекетінде Чолпан-ата қаласында армрестлингтен XVIII Азия Чемпионаты өтті. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының спортшылары Дурсаева Деши жасөспірімдер арасында 50 кг салмақ дәрежесінде  оң және сол  қолдан  чемпион атанды. Дурсаева Деши әйелдер арасында бағын сынап, тартысты  ақтық кездесуде Тараз қаласының спортшысы Асель Абдибекті жеңіп, сол қолдан алтын алқа тағынып, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын орындады. Бұл салмақта қола медальға қол жеткізген Қырғызстан спортшысы болды.

Губушкин Владислав ерлер арасында 60 кг салмақ дәрежесінде сол қолдан алтын, оң қолдан  күміс медальға ие болды. Басаров Ораз жастар арасында 55 кг салмақ дәрежесінде Азия Чемпионатының оң және сол қолдан чемпионы атанып, бұл жолы 8 дүркін Азия чемпионы болды. Спортшыларымыз Дурсаева Деши (жасөспірімдер, әйелдер), Басаров Ораз (жастар, ерлер), Губушкин Владислав (ерлер) Әлем чемпионатына лицензияға ие болды.

Аталған спортшылардың жаттықтырушысы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, армрестлингтен спорт шебері Уалиев ерлан Александрович.

Байгельдинова Н.С.
БЖСМ директор орынбасары

 

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019