• RU
  • KZ
  • EN

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы туралы

2019 жылдың 11 маусымында Жарма ауданы Қалбатау ауылында Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті дамытуды насихаттау және талантты жастарды табу.

Биылғы жылы байқау қазақтың ұлы ақын-жазушылары Б. Майлиннің, С. Сейфуллиннің, С.Дөнентаевтың, І. Жансүгіровтің 125 жылдық, сондай-ақ Ф.Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында өткізілді.

Байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан 17-29 жас аралығындағы жастар қатысты

Байқау Ережесіне сәйкес қатысушылар бірінші кезеңде қазақтың ақын-жазушыларының прозалық шығармаларынан үзінді оқыса, екінші кезеңде поэзиялық шығармалар оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша Ұлан ауданынан қатысқан Гаухар Болатбек көркемсөз оқу шеберлігімен көзге түсіп, «Қара сөздің хас шебері» номинациясын жеңіп алды.

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019