• RU
  • KZ
  • EN

"БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА"

2019 жылғы 11 маусым таңғы сағат 09.00 - ден бастап Шығыс Қазақстанда облысы бойынша электр сиреналарын іске қосу және теле -, радиоарналарды ұстау арқылы хабарлау жүйесін жоспарлы тексеру жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін электрсиреналары немесе басқа да дабыл құралдары енгізіледі, бұл "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА".

Бұл сигнал бойынша не істеу керек ?

Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болсаңыз және сиренаның "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА" дыбысын естсеңіз, дереу "Қазақ радиосы" жиілікте 104,0 (ұялы телефон арқылы қосылуға болады) қосыңыз.

Дабылды үйде естісеңіз теледидарды дереу "Хабар", "31 арна"," КТК"," Қазақстан "арналарына бірден қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыз. Барлық ересек адамдар өздері оқып, балаларға сиренаның дыбысы - "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА" деген белгі екенін түсіндіруі қажет. Оны естігенде, қорқудың қажеті жоқ, түсіндіруді күту қажет.

Ақпарат Ұлан ауданы ТЖБ

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика