• RU
  • KZ
  • EN

«Пушкин оқулары» облыстық байқауы туралы

2019 жылғы 7 маусымда «Пушкин оқулары» облыстық байқауы өткізілді. Аталған шара  Өскемен қаласындағы Металлургтер сарайында болды.

Байқаудың негізгі мақсаты – коммуникативтік – тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қатысуын қамтамасыз ету, А. Пушкиннің шығармашылығын насихаттау арқылы орыс тілінің  көркемдік ерекшелігін көрсету, жастардың орыс тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттыру, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды іздеп табу.

Облыстық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:

1) Александр Пушкиннің поэзиялық шығармаларынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай орындады;

2) Қазақстандық белгілі ақындардың «Қазақстан» туралы орыс тіліндегі поэзиялық шығармаларынан үзіндіні жатқа оқыды;

3) Үй тапсырмасына берілген «Пушкин және Абай» тақырыбында презентация дайындап қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша Ұлан ауданынан қатысқан Егор Михайлович Веткалов облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. 

 Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019