• RU
  • KZ
  • EN

ІІ облыстық «Кәмен оқулары»

Абай ауданы, Қарауыл ауылында ІІ облыстық «Кәмен оқулары» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды. ІІ облыстық «Кәмен оқулары» байқауына ауданымыздың намысын қорғап, Бозанбай  және Герасимовка орта мектептерінен  2 оқушы қатысты.       

Байқау мақсаты: оқушылар арасында көркемсөз оқу шеберлерін анықтау, әдебиетке қызығушылықтарын арттыру.

Байқау қорытындысы бойынша Бозанбай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нөсерхан Шуақ  жүлделі І орынды және Герасимовка орта мектебін 10-сынып оқушысы Бақытбек Мерей бас жүлдені иеленді.

Байқау соңында жүлделі орын алған оқушыларымызға  жазушының ұлы, өнер иесі Элдар Оразалин бастаған ұрпақтары демеушілік жасап,   бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын табыстады.

Әдістемелік кабинет әдіскері Н. Б. Нұрсұлтанова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019